Қазақстандық әйелдер косметикаға жылына 43 млрд теңге жұмсайды

1344530700_petrushki.net_professionalnaya-kosmetika-vidy-i-pravila-ispolzovaniyaҚазақстан тікелей сауда қауымдастығына кіретін Mary Kay, Avon, Oriflame, Faberlic пен Нerbalife бес әлемдік бренді жылдық айналымы жайлы мағлұмат берді.

Алайда, біздің ел жайындағы ақпараттар 2012 жылдан кейін жаңармапты. Каталогтардағы косметика мен иіс суларға отандық қыз-келіншектер сараңдық танытпайды екен. Тікелей сауданың көлемі бір жылда 43,4 млрд теңгеден асып жығылған. Оның 23 миллионы қайырымдылыққа жұмсалған көрінеді. Әйелдер арасында әсіресе, парфюмерия-косметикалық өнімдері кең таралыпты. Нәзік жандылар бет күтіміне - 7,5 млрд, сәндік бояуларға 7 млрд теңгесін жұмсаған. Айта кетейік, бүгінде желілік маркетингте 300 мың отандасымыз жұмыс істейді екен.

Baq.kz