Мен үшін "ов-а" деген құлдық жалғаудан босап, тегі де Тәуелсіздік алған ұлттық тектегілер зор құрметке лайық!

Baurjan Momyshuly "...Фейсбукте күнде отыруға уақыт жетпейді. Ал 4-5 күнде бір ашып қалғанда, қаптап тұрған "потвердить" етуді сұраған дос болушыларды көріп, қалай дос етуді білмейсің. Өйткені Фейсбукте 5000 адамнан артық қабылдамайды. Сондықтан босаған орындарға алдымен фамилиясы "ов-а" деген құлдық жалғаудан босаған таза ұлттық тектегілерді қабылдауға тырысамын. Бұл біреулер үшін жай нәрсе шығар, мен үшін өте маңызды! Сіздерге ше, құрметті достар?.." Осы жазба Фейсбуктегі парақшама    https://www.facebook.com/kazybek.isa   жариялана салысымен, үлкен айтыс басталып кетті... Бір жақсысы, ұлттық қаны бар намысты азаматтар көп екен...   Кезінде кеңестік империяның қыспағына да қарамай,  ғұлама Әлкей Марғұлан, қаһарман Бауыржан Момышұлы, қаламгерлер Шона Смаханұлы, Балғабек Қыдырбекұлы секілді қайраткерлер өздерінің ұлттық тектерін сақтап қалды. Иә, мен үшін   "ов-а" деген құлдық жалғаудан  босаған, Тәуелсіздік кезеңде тегі де тәуелсіздік алған, таза ұлттық тектегілер зор құрметке лайық! Ал Сіздерге ше, www.qazaquni.kz сайты оқырмандары?

Қазыбек ИСА