Қайрат Түнтековтың дауы әлі біткен жоқ

0d439fe7662c56b882054f373a3830e3Осыдан бір жыл бұрын жол көлік апатын жасап, басы дауға іліккен Қайрат Түнтековтің жәбірленуші тарапқа деген қарызына енді әкесі жауап беретін болды. Көлік апатынан зардап шеккендермен кездескен Түнтековтың әкесі ақшаның толық қайтарылуына өзі жауапкершілік алатынын айтып, оларға әкелік сертін берді. Кезінде Қайраттың өзі жазған қолхатта барлық өтемақыны 2014 жылдың 5-ші қаңтарына дейін қайтарып берітіні уәде етілген. Алайда әнші сертінде тұра алмады. Енді баласының қателігін әкесі өз мойнына алып, жәбірленуші тарапқа әншінің концерттен осы уақытқа дейін жиып-терген 5000 АҚШ долларын ғана бере алып, қалғанын бір жыл ішінде қайтарып беруге әкелік сертін берді. Айта кетейік, әнші Қайрат Түнтеков 2012 жылы жол көлік апатын жасап, сот шығарған үкім бойынша екінші тарапқа 30 мың АҚШ долларын өтеуі тиіс еді. Бұдан бөлек, әнші жүргізуші куәлігінен 2 жыл 9 айға айырылып, 40 тәулікке қамалған болатын.

31 арна