Ерлі-зайыптылардың бір-біріне көңілдері неге толмайды?!

78630785Психологтар біраз ерлі-зайыптыларға тексеру жүргізгеннен кейін ерінің әйеліне немесе әйелінің еріне көңілі толмауының басты себептерін атап, қорытынды жасады. Ең бірінші кезекте отағасын әйелінің ауыз жаппай балпылдауы шаршатады екен. Мейлі үлкен не кішкентай іс болсын, мейлі қай уақыт, қандай орын болсын, ауыз жаппай сөйлеуі жүйкесіне тиеді. Екінші қатарда өмірге ортақ әуестіктің кемшіл болуы түсініспеушілкке әкеп соқтырады. Әуестіктің сәйкеспеуі, өмірден ортақ ләззат алып, қуанышқа бөленуге мойны жар бермейді. Тіпті осы жайлы қақтығысып қалады. Бұған қоса, ерлі-зайыптылар бір-біріне әркез кешірімшіл болмайды. Бұған ер-азамат қашан да төзе алмайды. Сондай-ақ, ері әйелінің әуестігіне кедергі болады. Әрбір азаматтың өз қызығушылығы болады. Бұл — азаматтардың өмірінде орнын өгейсітуге болмайтын психологиялық тепе-теңдік факторы. Ерлер басқалардың өз қызығушылығына бөгет болуына әсте жол бермейді. Кейбір жұбайлардың тұрмыстық тіршілікте киім-кешегі ретті болмайды. Ал, киімге талғамы жоқ әйелдер көп алдында күйеуінің абыройын түсіреді. Кей азаматтардың таңдаған өмірлік жарларының мінезі ұшқалақ келеді, бұл да ренішті тудыратын бірден бір себеп болып табылады. Барлық ерлер жарының мінезді, байсалды болуын армандайды. Мінез-құлықтың ұшқалақ болуы неке қатынасының баянсыз болуындағы басты факторлардың бірі саналады. Кикілжіңге қайын жұрттың немесе жігіттің ата-анасының осы отбасын басқаруға араласуы себеп болады. Сондай-ақ, өзінен басқаны кісі құрлы көрмейтіндер, яғни өзін бір құдіреттің иесі сияқты біліп, күйеуінен жоғары ұстайтын әйелдер отбасының шырқын бұзады. Олардың қатарында пейілі тар, орынсыз қызғаныш отын қоздырып, үнемі керіс бастайтындар және отбасы жұмысына олақтар да бар. Тез ашуланатын, тырнақ астынан кір іздейтін, үп еткеннің барлығына еретін әйелдер ерінің көңілін түсіріп, құлазытады. Қисынға жүгінбейтін дөрекі бикештер де осындай кикілжіңге себеп болады. Психологтар әйелінің көңілі толмайтын істердің қатарына бірінші кезекте жар қадіріне жетпейтін өзімшіл еркектердің әрекетін жатқызады. Әйел заты мейірімді ерді қажет етеді. Ал, өзімшілдік — махаббаттың қас жауы. Көп әйелдерің көңілі өз мамандығы немесе кәсібінде нәтижесі жоқ ерлерге толмайды. Әйелдер қашан да өз күйеуінің елден ерек болуын армандайды. Ренішке бірден жол беріп, жарының көңілін түсінбейтін еркектер отбасындағы жиі ұрыстың басты себебі болады. Егер ері әйеліне зауқы соқпаса, оған бола оны кінәлаудың қажеті жоқ. Отағасыларының ішінде істің бетін ашып, ашық-жарқын әңгімелеспейтіндер де кездеседі, бұл да әйелдің көңілін құлазытады.

"Қазақстан-Заман" газеті