Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тиілген вагондар апатты жағдайға тап болды

Poezd2Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында Сергеевка ауылының маңында көмір тиелген "Тараз - Шымкент" бағытындағы жүк пойызының 11 вагоны рельстен шығып кетті. Осының салдарынан "Бішкек-Мәскеу" бағытындағы №17; "Қызылорда-Семей" бағытындағы №22; "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы №23; "Ақтөбе-Алматы" бағытындағы №33; "Астана-Сарыағаш" бағытындағы №85; "Орал-Алматы" бағытындағы №380 пойыздар кешіктірілді. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін 06.25-те жұп жолдар бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Апат салдарын жоюға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД жеке құрамының 8 адамы мен 2 техника бірлігі, "ҚТЖ" АҚ 44 маманы және Шымкент стансасынан 1 апаттық-құтқару пойызы жұмылдырылды.

Қазақпарат