38 млн теңгеге сатып алынған шырша әкім үшін «арзан» екен

1005
3
Бөлісу:

elka2111Керекудің бас шыршасы төңірегінде дау шықты. Биыл ғана жаңартылған желектің құны 38 млн теңгеге бағаланған.

Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, жаңа жыл мерекесінің символы бюджет қаржысын біраз қаққаны анық. Екі апта бұрын қойылған шырша бұрыңғысынан он метр биік. Биылғы ағаштың биіктігі отыз метр. Бұл жергілікті биліктің таратқан ақпары.

Алайда, Павлодар облыстық тұтынушылар қауымдастығының өкілі Юрий Павленко мұнымен келіспейді. Айтуынша, шыршаға қарап-ақ ұзындығын 22-24 метр екенін бағамдауға болады. Оның үстінде Керекуде 30 метрлік көтергіш те жоқ, дейді ол.

Мемлекет қаржысының талан-таражға салынуына налыған Юрий Павленко бірден құзырлы органдарға жүгініпті. Бүгінде бұл істі қаржы полициясы бүге-шүгесіне дейін тексеріп жатыр. Павлодардың бас шыршасына осыншама қыруар ақшаны жұмсаудың қажеті жоқтығын айтқан қауымдастық өкілі, бұл орынға тірі шыршаны отырғызса деген пікірін жасырмады. Онда жыл сайын қазына қаржысы 252 мың АҚШ долларына кемімес еді.

«Ресейлік өндірушілердің шыршасының бағасын қарап шықтым. Сонда 22 метр болатын желектің құны 5-6 млн теңгеден аспайды. Бұл нақты ақпарат. Ал, безендіргіштерге келсек, мұндай көлемге кететін гирлянданың бағасы 3 млн ғана. Сонда, жалпы бас шыршаның құны 10 млн-ның төңірегінде болуы тиіс», – дейді Павлодар облыстық тұтынушылар қауымдастығының өкілі Юрий Павленко.

Мәселеге қатысты биліктің өз уәжі бар. Жергілікті атқа мінерлер барлығы заңға сай жасалған деп ақталды. Олардың мәлімдеуінше, шырша Ресейден сатып алынған. Өзіндік құны 16 млн 700 мың теңге тұрады екен. Ал, қалған ақша безендіргіштер, түрлі жаңа жылдық атрибуттар мен қызмет көрсету жұмыстарына жұмсалыпты. «Солтүстік арай» деген атауға ие болған гирлянданың бір өзі қазынаны 9,4 млн теңгеге ортайтқан.

«Меніңше, қымбат емес. 38 млн теңге туралы айтып отырсыздар ғой. Бәрін тексердім. Қолымда тауардың бағасы көрсетілген құжат бар. Егер құны қымбат болса, әрине, кінәлілер жауапқа тартылады. Тіпті, қылмыстық іс қозғалары рас. Бірақ, осындай қатерге ешкім бара қоймас деп ойлаймын», – дейді Павлодар қаласының әкімі  Оразгелді Қайыргелдинов.

nur.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Руза 15 Желтоқсан, 2013 16:22 Жауап

    қала әкімінің қазақ тіліне, яғни ұлтына (ұлт тілсіз болмайды), түкіргені бар. Оны осы жылдың басында Е.Арынды өткен облыстық қазақ тілінің қолдануына анық байқадым. Жұрттың көзінше әкімге, ішінде ЖКХ басшысы да болды, бір айда көліктегі тілге қатысты проблемаларды жойыңдар деп тапсырма берген. Қазір ойлаймын, ол көзбояушылық тапсырма болды, өйткені жиылыстарды да 50 пайыз қазақша жүргізу керек деген болатын, артынша лезде, есеп бергенде, Е.Арын баяндамасының 86 пайызын орысша оқыды. Ал Оразгелди Каиргельдинов, менің бетіме қарап, сенің өзің де, тілің де кім едің деп кекесін қарап, бетіме күлген. Өйткені сынға алған мен едім. Байғұс ай, әкімдердің санасының деңгейін көрмейсіздер ме? Шырша, мейлі барлық атрибуттарымен болсын, кем дегенде 2-3 есе кем деп ойлаймын. Осынша ақшаға қандай да болсын құжат істетіп алуға мүмкін екенін қазір әр адам түсінеді… Мында тәуелсіздік мерекесі, оған бөлінген қаржы туралы айтудың өзі орынсыз. Желтоқсан саңлақтарын еске алуды да айту орынсыз. Өйткені биік мейрам, тек биіктердің қолдауымен болатыны сөзсіз! Еске алу да солай.

  2. Арқалық Торғайұлы 16 Желтоқсан, 2013 23:21 Жауап

    жалпы жаңа жылды қарсы алу әлемдік қалыптасқан мереке болғасын оны қарсы алмау дұрыс емес, егер біз басқа жыл санау календарымен ғұмыр сүрсек менде қарсы болар едім, бірақ осы жаңа жылды қарсы алғандай наурызды неге дәл осындай мол қаржы шығарып қарсы алмаймыз, ойласатын уақыт болды. ал қаржыны жел ұшырып, отқа өртеп босқа шашу ысырапшылдығымыздың дәлелі.қазір үйімде немерелеріме пластмасса шыршаны 16 желтоқсаннан соң орнатып беремін, қаржы шығармаймын, тек жыл басы символикаларын сатып аламыз. балаларда мәз. ал екі ай бұрын, ел президенті күні мен ең маңызды, ең басты Тәуелсіздіктің күні аталмай тұрып шырша орнатып, оған қыруар қаржы жұмсағандар «атың шықпаса жер өртенің» кейпі. атың шығару үшін шырша өрте, желге ұшы болып тұр. бұл қырсыздық па, қырсықтық па әлде құнсыздық па, олай дейтінім құнсыз болмаса балалардың қызығына бөлінген шырша орнатудан ақша жеген құнсыздықтың ең сорақысы.Арқалық қаласында былтырдан бері жақсы дәстүр қалыптасып, шырша орнату, жаңа жылға дайындық тек Тәуелсіздік мйрамынан кейін қолға алынады. Әкім қараны онша мақтай қоймайын едім, бірақ Берік Әбдіғалиұлы бастаған жаңа үрдістегі Жаңа жыл, Наурыз, т.б. мерекелерді тойлауды жаңа жас әкіміміз Ғазиз Ерболатұлы жалғастырғанына қуаныштымыз. Тегін табиғи материал қар мен мұздан қала салсақта баларымыз үшін артықтығы жоқ. қазіргі қолжетімді материалдардан миллиондаған қаржы шығармай ақ шырша соғып шахар тұрғызуға болады.әр мекеме бірі қоян, бірі ит, бірі жыл аңдарын соқса қаншама қаржы үнемделіп ол ақшаға хоккей корттары, шаңғы базасын құралдарымен алуға болар еді.

  3. Қазақ 17 Желтоқсан, 2013 11:27 Жауап

    Қаражатты құртқан әкімді жауапқа тарту керек. Рысқалиев, Храпунов деп байбалам саламыз, көз алдымызда қаражатты суша шашып жатыр үндемейміз, егер ертең шетелге қашып кетсе, байбалам салып, қаражатты жымқырды деп іздеу саламыз, одан да біздің билік айту керек, елде жүріп қаражат шашып бөліссе үндемейміз, ал қаражатты алып қашып кетсе, іс қозғаймыз деп. Мен де елімізден қаражатты жымқырайын, бөлісеміз іс қозғамайсыздар ғой я? Шетелде нем бар, осылай бөліп алсақ болмай ма? Бізде заң жоқ қой. Әлде бар ма? Бар болса бұл әкімдер неге жауапқа тартылмайды?

Пікір немесе жауап жазу

сегіз − 2 =