Лениннің ескерткіші көкке ұшты

kiev_evromaydanУкраина астанасы Киевте наразылық шеруіне шыққан тұрғындар Бессараб алаңындағы Ленин ескерткішін құлатып тастады деп хабарлайды Би-би-си.

Ең алдымен бұл ақпаратты "Свобода" партиясының баспасөз хатшысы Александр Аронец өзінің Твиттер парақшасында жазған. Кейін орын алған жайтты Киев милициясы да растады. "Бетперде киген белгісіз тұлғалар Лениннің ескерткішін қоршап алған. Олар алдымен файерлер жағып, кейін ескерткіштің өзін құлатып тастаған" деді тәртіп сақшылары. Дегенмен, бұзақыларды милиция қызметкерлері ұстамаған. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, қазіргі таңда шерушілер құлаған ескерткіштің жанына келіп, "Свобода" партиясының билікке келуін талап етуде. Ал, ескерткіш тұғырына Украинаның туы мен қызыл-қара жалау ілінген.

Baq.kz