Қазақ баласы Испания футбол клубының академиясына қабылданды

aldiyar_alim_2013_15_1112 жастағы Алдияр Әлім Испанияның «Реал Вальядолид» клубының жастар академиясына қабылданды.

Қазбек Тұяқовтан кейін тағы бір қазақ баласы Испаниядағы футбол клубтарының бірінің академиясына түсті.

 Алдияр осы уақытқа дейін Алматы қаласындағы Республикалық жас жеткіншіктерді дайындайтын спорт колледжінде Василий Маруняк деген бапкерден тәлім алған. Бұл академияның құрылғанына біраз уақыт өтті. Мұнда әлемнің бірнеше мемлекетінен талантты деген футболшылар өз біліктіліктерін жетілдіруде, деп хабарлады alasharena.kz.

alasharena.kz