Алматыда бір отбасын қырып салған қылмыскерлерге сот үкімі шықты

54456474512155Қолдарын қанға малыған үш қылмыскер де (Ихбол Тұрдиев, Ерлан Мамреев және Бакытжан Мұқажанов) қалған өмірін толықтай темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Қылмыстық істер бойынша арнайыландырылған ауданаралық соттың төрағасы Бұлытбай Мамытбеков айыптыларға осындай жаза кесті. Олардың мүліктері тәркіленіп, өздері қатаң режимдегі колонияға жабылады. Соңғы сот отырысына марқұмдардың туыстары көптеп жиналды. Олардың қолдарында қайтыс болған сәбилер мен әйелдің және ер жігіттің суреттері бар еді. Айта кетейік, үкім 7 қараша шығуы керек болатын. Алайда белгісіз себептермен ол тағы бір күнге ысырылды. Судья оның себептерін түсіндірген жоқ. Ал, прокурорлар күдіктілерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот бұл сұрауды қанағаттандырды. Қылмыскерлердің өзі болса өз айыптарын бірден мойындады. Олар жүкті әйел мен екі сәбиді және кәмелетке толмаған жасөспірімді қалай өлтіргендерін де көрсетіп берген болатын.

Baq.kz