Қазақ аруы "Әлем аруы" байқауында бақ сынап жатыр

photo_12231Биылғы "Әлем аруы" байқауы Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатыр. Қазақстан атынан  "Қазақстан аруы-2012" байқауының жеңімпазы шымкенттік Жазира Нұрымбетова емес, биылғы "Алматы аруы" тәжін киген Әйгерім Қожахан қатысып жатыр.

  photo_106791 Сұлулық сынының соңғы бәйгесіне жеткен 86 арудың қатарында Әйгерім де бар. photo_107787   photo_107799 Жартылай финалда 19жасар алматылық Әйгерім дүйім жұрттың алдына бикини киіп, қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген көйлекті көрсетіп те шықты. Әйгерімге ұлттық нақыштағы көйлекті отандық белгілі дизайнер Ая Бапани тіккен.

photo_12357 (1)

photo_12352

Сайыстың ақтық сыны бүгін Мәскеудің "Крокус сити хол" залында отеді. Жерлесімізге сәттілік тілейміз.

qazaquni.kz

Суреттерді түсірген Айжан Түгелбаева, tengrinews.kz