Алматыда бокстан әлем чемпионаты финалын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады

в Алматы 4, 26.10.13Қазақстан спорттың бұл олимпиадалық түрінен әлем біріншілігін алғаш рет өткізген болатын. Бұған дейін сайтымызда бокс барысымен таныстырып отырған болатынбыз. Сенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда бокстан АИБА-ның ересектер арасындағы әлем чемпионаты финалын тамашалады.

Бокстан Халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) 17-ші әлем чемпионатын өткізу – еліміздің халықаралық спорт аренасындағы аса маңызды жетістігінің бірі. Жарысқа 100 елден 457 спортшы қатысты. Чемпионаттың құрметті қонақтары – Халықаралық бокс қауымдастығының, ұлттық федерациялар мен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары. Турнирге жалпы саны бір жарым мыңға жуық адам тіркелген. Еліміздің ұлттық командасы бұдан бұрын әлем чемпионатына он рет қатысып, жалпы саны 24 награда – 6 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте екі рет үшінші орынға ие болды.