Өзбекстан Президентінің қызы Гүлнәр Кәрімованың айналасындағы дау-дамайлар тоқтар емес

1774
0
Бөлісу:

detail_fb1c6f2672c94522ae92eb91d6766ea8

(Гүлнәр Кәрімова)

Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімовтың отбасында болып жатқан жағдаяттар әлемнің Бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатыр.

Осыдан бір ай бұрын Би-би-си агенттігінің Өзбекстандағы қызметіне Кәрімовтың кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева әпкесі Гүлнәрмен он екі жылдан бері қатыспайтынын айтқан. Сіңлісінің айтуына қарағанда, Гүлнәрдің басты мақсаты – Өзбекстан Президенті тағына өзі отыру.

pic_139ad3e3b54ca55f32028f2961e76f48

 

(Лола Кәрімова-Тилляева отбасымен)

Гүлнәр лауазымы мен әкесінің беделін пайдаланып батыс мемлекеттерінде ірі сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қатысты болған. Қазан айында Гүлнәр Кәрімованың басшылығымен шығып отырған бірнеше телевизиялық арна мен радио толқындары жабылды. Гүлнәрдің  жеке күзет қызметінің басшысы да елден қашып кеткен. Ал ханымның өзі елден шекара асып шыға алмайды.

Гүлнәр Кәрімова соңғы кездері инстаграм, твиттер секілді әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында семьясына қатысты жағдайларды ашық әңгімелеп жүр. Бұған дейін оның анасының сатанизмге ұшырағаны туралы жазған болатынбыз.  Бір жазбасында ол:  «үйдегі отағасы отбасын асырап әлек, отбасының өзге мүшесі қара кітапты қолтықтап, «Бисмиллахи Рахмони Рахим» деп күндерін өткізуде» – деп жазған. Алайда, Президент отбасындағы мұндай сатанизмдік жоралғылар Гүлнәрға қарсы жасалып жүр деп жазған БАҚ. Өйткені,  Гүлнәр адасып жүр. Әкесі оның шетелге шығу төлқұжатын алып кеткен деген қауесет те бар.

Кәрімовтер отбасынан берекенің қашуына себеп болған көп қаржының соңынан қуған жемқорлық әрекеттер…

Айта кету керек, 41 жасар Гугуша (Гүлнәр Кәрімова) – Өзбекстанда поп әнші, зергерлік бұйымдарды жасаушы дизайнер, қайырымдылық қорларының басшысы, дипломат (Өзбекстанның Испаниядағы елшісі болған) ретінде кең танымал. Бірақ соңғы кездері Өзбекстан билігі. Сонымен қатар ол Өзбекстандағы ең қымбат киім дүкендерінің, қонақүйлер мен зергерлік бұйымдар сататын дүкендердің де иесі болып келген. Тұрмыста болып, бұл дау-дамайларға дейін үлкен шумен күйеуінен ажырасқан.

Ақпарат көзі және суреттер: lenta.ru

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

16 − үш =