Ислам Каримовтың әйелі сатанизммен әуестенген

Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәра Каримова анасының ақылға қонбайтын салт жорамен әуестенгені жөнінде мазасыздық танытты, - деп жазады өзбек басылымдары.

Бұл жөнінде Гүлнәраның твиттердегі жеке парағындағы твитінде: "Анам май шамнан жұлдыз, үшбұрыш жағып, түсініксіз сөздерді көп қайталайды. Осындай әдеттен тыс жайтты кім біледі? Анам үшін алаңдаулымын. Бұл не екен?", - деп жазыпты.

Оқырмандар бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады. Марьям Расулова есімді азаматша: "Сұмдық, бұл сатанизм. Тек қарғалған адамдар ғана сатанизммен шұғылданады. Олардың дені дұрыс екеніне сену үмітсіз", - деп өз ойын білдірген. Дөрекі жауапқа қарамастан Гулнара жауабында "Сіз осылай айтқан алғашқы адам емессіз...Мүмкін бәрі орнығар...", - деп келіскен.

baq.kz