Қайрат Нұртастың әкесі – ел мақтаған азамат

3203
2
Бөлісу:

qairat nurtas

Бұл күндері ел назары Қайрат Нұртасқа ерекше ауып тұрғаны жасырын емес. Қалың жұртшылықты Қайрат Нұртастың әкесі кім, қандай кәсіппен айналысады, шыққан тегі қандай деген сұрақтар да қызықтыратыны анық. Осыған орай біз Қайраттың туған жері – Түркістан қаласы, Майдантал ауылдық округіне қарасты Қаражон елді мекенінің тұрғындарынан сұрастырып, оның әкесі Нұртас туралы мынадай деректер білдік.

 

Естуімізше, Қайраттың әкесі Нұртас көпбалалы отбасыда туылған, төрт ұл, бес қыздың кенжесі. Әкесі Сұлтанбек ұжымшар төрағасы болып қызмет атқарған. Үлкен ағасы Әбіләштің Түркістанда өз руларының атымен аталатын «Жауғашты» деген базары бар. Нұртастың өзі де орман шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкер, Астанада тұрады.

Ауылдастарының айтуына қарағанда, Нұртас өте бауырмашыл, мәрт жігіт. Ол өзінің туған жері Майдантал мен Қаражон ауылдарынан Астанаға жұмыс іздеп барғандарға жұмыс табуына көмектеседі екен. Ол ауылдан барғандарды Астанадағы құрылыс материалдарына қажетті тақтай сататын базарға жұмысқа тұрғызып, жалдап тұруға пәтер тауып беріп жәрдемдесетін көрінеді. Майданталдық қариялар Астанаға ұлдарын жұмысқа жіберетін болса, сонда Нұртас деген ағалары барын, сол кісінің жұмыс табуға көмектесетінін айтып жібереді деседі.
Қайраттың анасы Гүлзираны да ауылдастары қарапайым, кішіпейіл жан деп мақтайды. Ол анда-санда ауылға той-жиынға келгенінде басына орамал тағып, келіндік қызметіне білек сыбанып кірісіп кетеді екен. Гүлзира да Түркістанға жақын жердегі Шорнақ ауылында туып-өскен. Нұртас болашақ жарымен Алматыда политехникалық институтта оқып жүргенінде танысып, үйленген. Үш ұлдары бар. Үлкені – Қайрат, одан кейінгілерінің есімдері – Аян және Заңғар.
Ауылдастарының айтуынша, Қайраттың әжесі Ырсалдының да ән айтатын өнері болған. Әкесі Нұртас та кезінде ауылдың ансамблінде гитарада ойнаған, ән айтқан. Нұртастың екі ағасының музыкалық білімі бар. Тіпті үлкен ағасы Әбіләш бір кездерде Түркістанда мәдениет үйінің директоры қызметін атқарыпты. Қысқасы, Қайратқа әншілік өнер өз жұртынан қонғанға ұқсайды.

qairat nurtas aieli Ауылдастарынан тағы бір білгеніміз, Қайраттың келіншегі Мақтаарал ауданындағы Жетісай қаласынан екен. Олардың отбасында үш қыз бала өсіп келеді.

 

А. СЕМБЕК

«Замана» 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. аяш таттимбетова 25 Ақпан, 2014 17:15 Жауап

    Қайрат Нұртастың әкесінің орындауындағы әндер өте қатты ұнайды сахнаға көбірек шықса

Пікір немесе жауап жазу