ТӨРІМІЗДІ БЕРСЕК ТЕ – төбемізге шығармайық!

1762
10
Бөлісу:

shengeldi-21

«Қазақ секілді керемет халықпен тіл табыса алмасаңдар,

сендердің құндарың – көк тиын!»

Тұрғыт ОЗАЛ

Тамыздың 17-нен 18-іне қараған түні Алматы облысының Қапшағай ГЭС-інен 30 шақырымдай жердегі Шеңгелді ауылында сұмдық оқиға орын алды. Екі шешен жігіті автомат­пен екі қазақты атып тастаған. Біреуі Мадияр Ақжолтаев (суретте) сол жерде қаза тапқан, екіншісі Бекмұқа Ерсайынның ажалы жоқ екен, аман қалған, кәзір Қапшағайда ауруханада жатыр.

Осыны интернеттегі әлеуметтік желіден оқып-білген соң, 22 тамыз күні бір топ қоғамдың ұйым өкілдері мен журналистер, қанында қазақтың рухы бар қыздар мен жігіттер болған оқиғаның анық-қанығына көз жеткізіп қайтуға, марқұмның отбасы­на көңіл айтуға бірнеше автокөлікпен Шеңгелдіге шықтық.

Біз ауылға жетпей-ақ жол бойын­да ана жерде де, мына жерде тұрған полиция көліктерін көрінді. Күре жолдан ауылға қаарй бұрылғанымыз сол еді, жол полициясының инспек­торы таяқшасын көтерді. Қайда бара жатқанымызды сұрады. Осылай да осылай, себебін айттық. «Ешқайда бармаңыздар, кәзір осында облыстық Ішкі істер департаментінің өкілі келеді, сол түсінік береді» дейді. Қашан келері белгісіз өкілді күтіп тұрамыз ба, барып көңіл айта берейік» десек жібермейді. Көлікті тастап, жаяу кетуімізге тура келді. Инспектор болса «бармаңыздар» деп біраз жерге дейін бізідң жолымызды кес-кестеді. «Шырағым, сенің бұның ұят, қаза бар үйге жібермеуге ешқандай хақың жоқ, тіпті болмаса, басшыларыңа айт, «менің айтқанымды істемей кетті» де!» Аяйсың, жаның ашиды…

Ауылға кіре бергенімізде бір топ шешендер қарсы алды. Сөйтсек, бұл қылмыскер Арсен Агузаевтың ағасы Рүстем Агузаевтың үйі екен. Бізді қарсы алу себебі, Мадиярды жерлеп қайтқан соң қаны қайнаған, ашынған қазақтар, жасы бар, кәрісі бар, 150-200-дей адам Агузаевтардың үйлеріне барыпты. «Кетіңдер ауыл­дан!» деп талап қойыпты. Ашуменен үйлерінің терезесін сындырыпты, Рүстемнің ауладағы жеңіл маши­насын аударып тастапты. Бізге со­ларды көрсетіп, «мұңын шақты». Шынында да, «біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» деген осы ғой, қазақтар 28 жасар, келіншегі тұңғыш перзентін босанғанына апта толмаған боздағын жоқтап жатса, бұлар сынған әйнектің ақшасын даулап жатыр. Және оны қалай жеткізеді десеңізші! Бейне бір моп-момақан кішкентай балалардың мұрын қанатар шәлкестігі орын алғандай етіп ай­тады. «Олар төбелесіп қалыпты, бірімен бірі атқыласып қалыпты…» Біз Рүстемнің сөзін түзетуге мәжбүр болдық: «Атқыласпаған, автоматпен екі адамды атқан сенің бауырың!..» «Бір топ қазақ келіп біздің балалары­мызды қорқытты, өзімізді қорқытты, көшіңдер, кетіңдер ауылдан деп айт­ты…» Кейін белгілі болғандай, ешкім олардың өздерін де, балаларын да қорқытпаған көрінеді.

Барғанымызға екі-үш минут та болған жоқ, арнайы қара қалың жейдесінің арқасында «СОБР» деген жазуы бар қазақ жігіттері бізді итермелеп ауладан сыртқа шығара бастады. Сөйтсек, бұлар ашынған қазақтардың ашуынан шешендерді қорғауға алдырылған арнайы отряд мүшелері екен. Әйнек сындырғандардансоншама шошынған ғой…

Қаза шыққан үйге келдік. Көшеде тұрған бір жас жігіт: «Неменеге келдіңдер, кеше журналистер осын­да болды, сұрайтындарының бәрін сұрады, оларға тыныштық беріңдер!» дейді. Бұл сөз ауылдағы әкімшілік қызметкерлерінің «жұмысының нәтижесі» екені айтпаса да түсініктіеді…

Оқ тиіп жараланған екінші жігіттің әкесі Батырғали Әміреевпен, сөйлескенімізде, ол кісі бізге болған мән-жайды былай баяндады:

«Бұл жерде ешқандай «раз­борка» немесе бұзақы балалардың төбелесі болмаған. Шешен жігіттері, қасында бір-екі өзге ұлт өкілдері де бар, машинамен бір топ қазақ балаларына келген-дағы менің ба­лам Бекмұқа мен қайтыс болған күйеу балам Мадиярға: «Жүріңдер бізбен, оңаша шығып сөйлесетін әңгіме бар» деген. «Осы жерде айта бер» дегенге көнбеген. Сосын бұл екі жігіт қасындағы достарымен бірге шешендермен ауылдың алыс шетіне шыққан. Шешендер – ма­шинада, бұлар – жаяу, одан ары жігіттердің салпақтап шешендерге еріп жүргісі келмеген. Сол жерде ше­шендер менің баламнан: «Мына жігіт сенің кімің болады?» деп сұрайды. «Ол – менің жездем» деп жауап береді балам. Мадиярдан да соны сұрайды. Ол да «менің қайным» деп жауап береді. А.Агузаев деген шешен тағы сұрайды: «Сен бұл жігіт үшін тұрасың ба?» «Тұрмағанда ше!» Сол уақытта Агузаев машинасының артқы есігінен автоматты суырып алады да, аспанға қарата бір рет оқ атады. Мадияр: «Немене, бізді авто­матпен қорқытқың келе ме?» дейді. Агузаев енді екі оқпен екі жігітті де жайратып салады. Содан кейін қазақ жігіттерге автоматты кезеп тұрып, қалталарынан ұялы телефондарынтегіс шығартып, лақтыртады. Өздері машинаға отырып, зу ете қалады. Мадияр сол жерде қаза табады. Алла сақтап аман қалған менің жаралы баламды ауруханаға көліктері де жоқ жігіттер ауылға келіп, көлік алып барып, жеткізеді.».

Сол үйде отырған марқұмның туған-туыстары бізге жерлеуден соң шешендердің үйіне барған жастардың бәрін полиция тірек пунктіне шақырып алып, саусақтарының ізін түсіріп алып жатқанын айтты. Бір сағаттан соң оның нақ солай екенін өзіміз де көзбен көріп, куә болып қайттық.

Қаралы үйден шыққан соң біз ауыл әкімдігіне бет алдық. Көшеде келе жатып мектеп пен мәдениет үйінің ғимаратын «жаулап алған» әскерилерді, оларға тамақ дай­ындап жатқан «полевая кухня­ны» көрдік. Мектеп ғимаратына сыймағандарына қарағанда кем дегенде бір полк шамасында болса керек.

Көше бойында домино ой­нап отырған бір топ жігітағасы қазақтарды сөзге тартып едік, олар «ештеңеден хабарсызбыз» деді. «Осындай оқиға болыпты ауылдарыңызда, сіздер хабарсыз до­мино ойнап отырсыздар» деген сөзге жауап берілмеді…

Ауыл әкімшілігіне келсек, басшылардан бір адам жоқ, тым- тырақай қашып кетіпті. Ия, әкім Ер­бол Қойлыбаев, ия оның орынбаса­ры жоқ. Кабинеттері тарс жабық. Бас мамандар: «Әкім жаңа ғана осында жүрген» дейді. «Біз осы кәзір әкім кабинетінің есігін ішінен құлыптап жатқан даусын естідік қой, әкім өзінде емес пе?» дейміз. «Рас, бұл кабинеттің ішінде бір адам бар, бірақ ол әкім емес…» Кім екені жұмбақ күйінде қалды. Әкімнің кабинетінде оның өзінен басқа кім тығылушы еді… Міне, кеше ғана жаһанға жар салып, «сайлап» алған әкімдеріміздің түрі…

Сыртқа шықтық. Екі үлкен кісі есік алдындағы орындықта отыр екен. «Ақсақалдар алқасының мүшелері» деген соң бұрылып едік, біреуі бізге дүрсе қоя берді: «Бұл – тыныш ауыл, ұлттардың арасына іріткі салып жүрген сендерсіңдер. Ол бала өлсе, Алланың әмірі солай болғаны!» Бұны айтқан адам сол ауылдың мешітінің имамы екен. «Ақсақалдардың» түрі осындай бо­лып шықты…

Учаскелік полиция бастығы да орнынан табылмады. Өзге май лып үндемеуіміз қалай?..

Көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп қайттық: «Оқ атқаны – білместік болды» деп өкінген Ар­сен Агузаевтың ағайындары жоқ, Шеңгелдіде! Оның орнына… сынған әйнегі мен есік-терезесін даулап отыр!

Сталиннің тепкісінен телпек болып, қазақ ауылына өлімшілікпен зорға жеткен шешендердің ауы­зына асын тосқан қазақтардың жақсылығының өтеуі ретінде арада ондаған жылдар өткенде ұрпағы ажал құшып жатыр. Ата-бабасы мен үрім- бұтағы мәңгілік қарызынан құтыла алмайтын шешендердің қазақ секілді асыл тұқымды халықтың, мемлекетті құраушы ұлттың арыстай азаматы­на қиянат жасауын қалай түсінуге болады.

Ал, біздің әлжуаз билік келімсектердің қоламтасын көсеп, ауылдағы қазақ жастарына әйнектің ақшасын төлетуге бар күшін салып жатыр. Егер осылай жалғаса берсе, бұл екі шешен жігіті де әділ жазасын алмаса, қазақ халқының қандай әрекеттерге барарын бір құдай ғана біледі!..

Сол кезде мұндай тегеуріні қуатты наразылыққа кінәлі кім болмақ?..

«Төзімділік – жақсы қасиет, бірақ, шексіз төзуге ғұмыр қысқа!» депті Мұхтар Әуезов. Төзімділігі телегей қазақтың да төзімі бір күні шегіне жетсе, не болады?!..Марқұм ақын Өмірзақ Қожамұратов:

Батыр ақын болмаса,

Батырлыққа мін емес.

Ақын батыр болмаса,

Көрген күні – күн емес! – деп жазған еді.

…»Ұлттар ынтымағы», «халықтар достығы» деген қастерлі сезімді ұлықтау – тек қана қазақтың есебінен жасалынбауға тиіс. Әркім өз орынын, жүрер жолын білсін! Төрімізді берсек те – төбемізге шығармайық! Әйтпесе, қасақана қиянат пен әділетсіз үкімнің – ашынған адамды қандай «ережесіз ерліктерге» итермелейтінін ешкім де болжай алмайды…

Соңғы деректер бойынша екі ше­шен жігіті В.Угазаев пен А.Агузаев қамауға алынған. Соңынан В.Угазаевты үйіне босатыпты…

Жалпы оқиға барысы туралы хабардар етіп отыратын боламыз…

Кеше 26 тамыз күні Шеңгелдіде Мадияр марқұмның жетісі өтті.

Өмірзақ АҚЖІГІТ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Тілеухан әл-МАЖЕНИ 29 Тамыз, 2013 17:15 Жауап

    ЖОЛЫМБЕТ:- “қару-жарақ сақтаған шешендердің барлығы жауапқа тартылып, автоматтары тәркіленуі тиіс.” ДӘЛ ОСЫ ПІКІР МЕМІЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕИДЕ бүкі қазақ балас қолдап қуаттауға тұраын ұлттық құаупсіздік мәселесіне қатысты өте маңызды ұсыныс деп біліңіздер.Сондықтан намысы қалғымаған оташыл қазақтардың назарына мына пікірлерді ұсынғымз келеді .
    1)Жендет шешенді өлтіру керек деген сөзді оңды солды айта беріудің еш пайдасы жоқ .Қ Р-дағы осы бір тиымсыз кеткен микро- пашистер “Өлтірем ” десең қрқпайды.Үйткені «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» демекші дәл біз білетін шешендердің ұрлыққа қатысы жоқ баласы бар дегенге сеніу «мысық ет жемеиді» дегенмен тең ұғым .Қ Р-да қалыптасқан көге қанық қоғамдық құбылсқа айналған осы қанды қолдардыбасы қайқайып тік жүретін қалыптасқан жағдайға қабақ шытқан Астананың көсемдері мен шешендерінен(Қайырбек Сүлейменов пен Алтынбек Сәрсебаеовтан басқа) қай бастығын көрдіңіз . Ары кетсе «заң аясында шара қодныу керек» деген емеуріннен аспайды.Мұны білетін шешендер, өздері тудырып жататын қанды қылмыстары туралы «Түрмеге барармыз паралап тез қайтармыз» деп болған қанды уақиғаларға айылында жимайды.Міне осындай мемілекетті құрыушы ұлтың өзін ұрейлндіруді қалыптасқан құбылс санап, жүре тыңдайтын бідің елдің дәншпан билігі мен интернациянал заңгерлері тым болмағанда ерке-тотай жендеттері бір жол болсада мал мүлкін тартып алып өздерін тарихый отанына апапрып тастайтын төқтенше полежниені қолднып көрсе қазақты сәнге ататын «Микро-фашистр» азда болса айылын жяар еді. тым болмағанда жергілікті милициямен соттар осы бір кәсбій ұрлар қауымына “Ұрлап, бұлап, талап алған байлығыңды тартып аламыз. Жасырған құрал -мылтықтарыңды тартып аламыз.” десе ақша мен мал мүлікті ұлтық намысынан жоғары қоятын шешен халқынның бетіне қара күйе жағыушы надан шатпақтардың жүрегі тоқтап қала жаздар еді.Бұларды шолжаңдатып қойғандар кім?
    Төбемізгеде төрімізгеде шығарған әр шешен-енгущтің үйінде ең аз дегенде 2 тал мылтық оқтаулы қалпында тығыулы тұр.Бұған шүбәңіз болмасын. Сол үшін Қазақ елінің сақшылары , пракрор-тергеушілері ,Қазақ деген ұлтқа жаны ашитын барлық адал азаматтар бір кісідей одақтаса отырып, Микро- фашистердің автомат -құрладарын т б жендеттік қаруларын кеңірдегін сығып тұрып тартып алыу керек !Әділін айтсақ; бұл жұмыс Қазақтың ұлттыық барлауын міндетіне алған Ұлттық тыңшыларымыздың жұмысы емеспе ???
    2)Біздің елдегі жүнді ауыз Микро -фашистердің ең осал жері “Ұрлап байған мал мүлкіңді тартып адламыз ” десең жүрек талмасы ұстайды.Ал “атып өлтемін ” дескң жайнап шыға келеді .Сондықтан жүнді ауыз жендеттердің екеуінде мықты абақтыға қамап ұстап тұрыу керек. Үйткені, “М-Ф” жендеттері бір МАДИЯРДЫ өлтірген жоқ тұтас Қазақ жастарын қорлап -руханый тұрғыдан ұлтымызды өлтіріп отыр.Сондықтан оларды ” м ф” жендеттерінін Атасын , Әкесін, Өздерін 3 әулеттен бері тұқым -тұқиянын 70 жыл бойы төбемізге шығаған біз(қазақтар) оларды «Жапа шеккен мұсылма бауырлар» деп алданып келіппіз. Оларды жалғыз әпкеміден туған жиеннімізден бетер әлпештеп едік мұның ақыры,олардың (М Ф) қазақтары сәнге атып өлтіретін қалыпсасқан қныпезерлік әдетіне айналды. Әділін айтсақ оларды кешір-кешіре ақыры қазақтар “ЫНЖЫҚ қауым” деңгеиіне таяп қалдық.Ендігі жерде ” м ф” жендеттердің мал мүлкін тартып алып, отан қамбасына қосыудың ақылға үйлесімді жолдарын халық болып ақылдасқан дұрыс секілді. Сондай-ақ олардың («М-Ф») Қазақтарды ұрып -соғып, үздіксіз басыныуға машықтанған «авангард» -тобырларын қазақ жерінен қуып шығыудың да бүкіл халық құп көретін қоғамдық тыйым
    салыу құбылысын қалыптастырыу керек.Ал шектен тыс қаныпезерлікті мақтаныш санайтын “М- Ф” жендеттерін сот штрап деген бәлдіу -шәлдіу мймүңкемен жаба салыуға ұрынатын ” Интернациялистер” қайғылы жағдайдағы қазақ ұлтының тірсегінен тебетін амалдрын тағы жалғастырса , онда намысы бар қазақтар әр бір елді мкендерден «БОЛСТЫҚ ШТАПТАР» құрып , тек қана“ЖАУЖҮРЕК МЫҢ БАЛАНЫҢ” жәңа қосындарын құрыу арқылы ұлымызды қорлауда шектен шыққан келімсек тобырды тарихый отанына шығарып салатын болады.

  2. Тілеухан әл-МАЖЕНИ 29 Тамыз, 2013 21:34 Жауап

    Қазақстанда шешен – енгущ деген қауымның ең басты ұлттық мақтанышы , сауатсыздығн – сән көріп , надандлығын , төбелескіштігін- қаһармандық санайды. Ал осы бір жабайы тобырды көрсе көздері жыпылықтап қалатын қазақ милициясы да шешен -енгущ надан шатпақтарын көрсе иықтары салбырап кетеді.Бүгінгі Қазақ елінде «Ұлттық қауіпсіздік » ұғымы – қаңғырған надаан тобырдың Қазақтарды басыныу пиғылын жан сала қорғайтын отаршыл күштердің есебін түгендумен Мемілекет құрыушы ҚАЗАҚ ұлтын 3 сортты қауым санау сыңайы байқала бастады. яғыный ,1937 -жылдардың жендет -сатқын мұагерлері әлі күнге деиін соқыр солақай – қызыл жендет қалпымен құл -құтан бастықсымалдарының қабағына қарап, «интернациялдық» ықпалынан бір қарыс алстай алмай отыр . Ал Ұлттық намысы жоқ полиция еш қашанда өз ұлтының амандығы мен намысы үшін қызмет жасай алмайды.

  3. аман токин 31 Тамыз, 2013 22:11 Жауап

    кайран казах оз жерингде остип кор боп отырыа бересинбе аттандайтын бас котерер азамат калмады ма … кайдасындар ашеинде батырдынг аулетимин дейтиндер.. корсет озингди озбектер сиякты вор законынгда жок ун-тунсизак куртатын… биреу-жарым барма колга кару беретин шымшыктай куып журип атайын казах ушин хабарлассангдаршы менинг колым келте акшам-каруым боса канга -кан жанга жан кинасиз босада шешен-ингушти атар ем неше …су ишкен кудугына тукирди коби демек жазалау керек бииликке полицияга сенбе ешкашан…

  4. Аяна Ануар 3 Қыркүйек, 2013 09:23 Жауап

    Өз елімізде,өз жерімізде біз сонда кімбіз? Ия,қазақ момын халық, бірақ шыдамның да шегі бар,машинасын ғана емес түгел үйін төңкеріп тастау керек еді!!!!!!!!!!!!!(ішіндегілерімен қоса!)

  5. Алмас 5 Қыркүйек, 2013 12:36 Жауап

    Айнекти 300 адам кеп шакса бала-шага турмак кез келген улкен адам шошиды. Бул улкен куна, накты не болганын, себебин билмей биреудин меншигин, онын устине мусылманнын уйин кирату ауыр куна. Шешендерди де казактарды да жазалау керек.

  6. Жер ЖАНАТы Жезқазған 6 Қыркүйек, 2013 08:45 Жауап

    Мен еш партияда жоқпын, маған үкімет көмектеседі-деп, Президентке сеніп хат жазатын адамдар ел ішінде аз емес. Біреуге сеніп ауызын ашып жүре берсек, бүкіл бәле біздікі болады.

  7. Қолқоюсыз 28 Қыркүйек, 2013 22:58 Жауап

    Онтустик казактары колдарыннан котен жалаудан баска ештеме келмейди,все беды от вас

Пікір немесе жауап жазу

үш + он екі =