Ажал айтып келмейді...

коль1Ақтауда балалардың ойын алаңындағы баскетбол сақинасы басына құлаған 9 жасар бала қайтыс болды. «Тоғыз жасар бала өз қатарластарымен бірге ата- анасының бақылауымен балалар алаңында ойнап жүрген. Бала темір сақинаға асылып тұрып, кенеттен жерге құлаған. Оның салмағын көтере алмаған темір сақина қоса құлап, баланың басына тиген» – дейді 27-шағын аудан учаскелік полицейі Азамат Сәрсенбаев. Баланың ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырғанымен, бала ауруханаға барар жолда көз жұмды.