Қару-жараққа құмар мүгедек

кару1Алматы облысының Кербұлақ ауданынан қару-жарақ арсеналы табылды. Мол қару-жарақ қоры екі аяғы жоқ адамның қора-қопсысында сақталып келген. Қосауыз аңшылық қаруы, екі шолақ мылтық, атыс қаруының тетіктері, оқ- дәрілер, жүзден астам патрон, гильзалар мен қолдан жасалған пышақ табылды. Сарыөзек ауылының 52 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 251 бабымен қылмыстық іс қозғалды.