Министрліктің атауы өзгереді… Министр ше?

740
0
Бөлісу:

Tengrinews.kz. тілшісіне сүйенген Baq.kz  ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің атауы өзгереді деп хабарлады 

 «Елбасы министрліктің жұмысын жетілдіру бойынша тапсырма жүктеген болатын. Су мәселесі қазіргі таңда өзекті болып отыр. Осы мәселені тиянақты түрде шешу керек. Қазіргі уақытта бұл жұмыстармен су ресурстары комитеті айналысып отыр», – деді вице министр Бектас Мұхамеджанов.
Осыған байланысты, министрліктің атауы өзгереді деп атап өтті вице-министр.
Б. Мұхамеджанов көрші Қытай Халық Республикасын мысалға келтірді. ҚХР-да қоршаған ортаны қорғау және су ресрустарына арналған екі министрлік бар.
Конференция барысында Орталық Азиядағы су мәселесі саяси құралға айналып, аймақтағы дау-жанжалдарға себеп болуы мүмкін екені айтылды.
«Сондықтан қоғамның қатысуымен, ұйымдардың (соның ішінде халықаралық – авт.) қатысуымен іс-шаралар жоспарын жасауымыз керек. Болашақта су мәселесіне байланысты кикілжіңдер тудырмау біздің басты мақсатымыз» деді Б. Мұхамеджанов.

Дұрыс-ақ дейміз. Негізі ең басты мәселе  – су саласын ешқандай саламмен қосарластырмай, Президенке тікелей қарайтын өз алдына жеке агенттік жасағанда бұдан да тиімдірек болар еді…

Мейлі, ғой, министрлік аты өзгеретін болыпты, ал заты ше, заты өзгере ме? Айтпақшы, шетелдегі салықтан қашатындар тығылатын   офшор аймағын иеленгендердің ішінде аты жүрген министр Нұрлан Қаппаров ше?..

Сапар ӘЛІ

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он бір + 18 =