Қыз алып қашқан жігіт орта жолда айнып қалыпты

19 Маусым 2013
Астана. 19 маусым. Baq.kz – Қызылордада қыз алып қашқан жігіт үйіне жеткенше үйленуден айнып қалған. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қызылорда ҚІІБ-ның баспасөз қызметкері Махмұд Байқожаев айтқан.
«Полицияға 22 жастағы қыз шағымданған. Оның айтуына қарағанда келін болуға шақ қалыпты. Оны қала шетіндегі Тасбөгет кентінен Қармақшы ауданының жігіті ұрлап кеткен. Жігіт пен оның күйеу жолдасы қызбен бұрыннан таныс екен. Жолда «күйеу жігіт» қалыңдықтан бас тартып, үйленуден айнып қалған. Қызды үйінен 170 шақырым алыс Қармақшы кентінде қалдырып кеткен. Қыз түн ішінде өзі жол тауып, Тасбөгетке әзер жеткен», - дейді Махмұд Байқожаев.
BNEWS