Әнші Әселдің өзі айыпталды. Үйді кім сатып жіберген?

Жуырда әнші Әсел Сәдуақасова жігіті Асылжан Рақышевтің құны 1 млн доллар тұратын 2 зәулім үйін алаяқтық жасап иемденгенін хабарлаған болатын.

Фото: mir24.tv
Фото: mir24.tv
Шоу-бизнестегі атышулы істің басқа да мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасы. Анықталғандай, әнші әрі актриса бір жыл бойы Асылжанмен азаматтық некеде тұрған екен. Асылжан әкесімен бірігіп жеке кәсіптерін ашпақ болып, қаржының жетіспеушілігіне шағымданыпты. Сөйтіп Әселден екі аптаға қарызға ақша сұрайды. Әсел анасының қарсылығына қарамастан, сүйіктісіне көмектеспек ниетте Асылжан таныстырған әріптестерінің атына екі үйін жаздыртады. Бірақ екі апта емес, бір жыл өтті. Ал Асылжан "қарызға алған" үйлерді қайтармақ емес. Ал Асылжан Рақышевтің қорғаушысы Татьяна Самойленко бар кінәні әншінің өзіне және анасы Бахыт Жантуарованың қанағатсыздығына тағып отыр. Айтуынша, анасы бұл үйлерді баяғыда-ақ сатып жіберген. Оны дәлелдейтін құжаттар да жоқ емес. Құжатта бір үйдің 29 млн теңгеге, екіншісінің 37 млн теңгеге сатылғаны көрсетілген. Адвокат Әселдің осы уақыт ішінде түрлі әндер жаздыртып, бейнебаяндар түсіргенін айтады. Ақшаның басым бөлігі сол мақсатта жұмсалған болар деген пікірде ол. "Олар бірігіп бизнес ашпақ еді, бірақ мақсаттары орындалмай, ақша құрдымға кетті", - дейді Самойленко. Ал араздасқан екі тарап болса өліспей беріспек емес. nur.kz