ӘЛИЕВ ӘДІЛ ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ...

    Әлиевтің әлегі әлі қоғамның ашу-ызасын туғызып келеді. Бар қылмысы әшкере болғасын, Австрияға қашып кеткен Рахат Әлиев қанша бұлталақтаса да, торға түсер сәті жақындап келе жатқандай... 13 наурыз күні Алматыдағы Ұлтттық баспасөз клубында LANSKY, GANZGER & PARTNER компаниясының заңгерлері Алматыда өткен баспасөз мәжілісін өткізді. Вена Федералдық жерінің Жоғарғы соты Рахат Әлиевке тағылған барлық айыптарды түгел растады. Жоғарғы сот «Нұрбанк» ісі бойынша Қазақстандағы үкімнің және тергеудің нәтижелерінің негізі бар деп, ал зардап шеккендердің жауаптарын сенуге тұрарлық деп таныды. «Сот алқасы Әлиевке қатысты айыптау саясат тұрғысынан жасалмағаны туралы, австриялық тергеу жағынан расталғаны туралы қорытындыға келді», - деп хабаралды зардап шеккендердің адвокаты Габриэля Лански. Аталмыш адвокаттық кеңсесінің баспасөз хабарламасында:  «Өз кезегінде Рахат Әлиев австриялық құқық қорғау органдарынан жасырынбайтынын, адам өлтіргені үшін Вена қылмыстық сотына баруға дайын екендігін айтқан болатын», - деп жазылған. Енді Рахат Әлиевтың бұл «батырлығы» мен «саясаткерлігінің» тас-талқаны шыққан шығар... Өйткені қаншама жанның жазықсыз төгілген қаны мен жетім-жесірдің көз жасы ешкімді жібермек емес... Айтпақшы, австриялық адвокат Габриэля Ланский: "Мен өмірімде талай қылмысқа куә болдым. Бірақ мынадай жантүршігерлік қылмысты бірінші рет көруім" - деп таңданды қазақстандық экс-елшінің "ерліктеріне..." Вена прокуратурасы Әлиевке қатысты бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп келеді.. Атап айқанда, бопсалаушылық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену, «Нұрбанк» менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты ұрлап, өлтіру, сондай-ақ, Еуропа аумағында ұжымдасқан қылмыстық топ  құрып, қылмыс жасау арқылы қаржы жымқыру бойынша күдікті саналады. Рахат Әлиевтың бұрынғы-соңғы және ендігі кезекті «мәлімдемелерінің» енді ешқандай мәні жоқ.

С.Әлі

www.qazaquni.kz