Құтты болсын елге тұтқа елуің!

Газетіміздің бас редакторы, Халықа­ралық ақпараттандыру Академиясының академигі, публицист, ақын Құлтас Достан ердің жасы 50-ге толып отыр. Жақында Қазақстан журналистер Академиясы Құлтас Достанға Қазақстан жур­на­листикасына сіңірген ерен еңбегі үшін Қазақстан журналистер Академиясы сыйлығының лауреаты атағын берді. Газет ұжымы әріптесімізді қаламы жүйрік қаламгерлерге берілетін «Қаламдоз» сыйлығымен марапаттады. Құлеке, алдағы уақытта да қолыңыздан қаламыңыз түспей, шығармашылықтың шыңына шыға беріңіз. Бүгін еңселі елуге қадам бассаңыз, Сізге Жаратқан иеміз мықты денсаулық беріп, жарқын жүзбен жүзге жеткізуді жазсын дейміз! Құтты болсын, елге тұтқа елуің, Керек енді кедергіні жеңуің. Көкке өрлесін әрқашан да көңілің Шалқи берсін шаңырақтың шаттығы Жақсылыққа тола берсін өмірің! «Қазақ үні» газетінің ұжымы