Д.Исабековтің 70 жылдығына орай 7 томдық шығармаларының тұсаукесері өтеді.

БАСПАСӨЗ   ХАБАРЛАМАСЫ

 

ҚР  Ұлттық кітапханасы                                                                        29 қараша 2012 жыл. Алматы қаласы, Абай даңгылы, 14                                                                           11.00 сағ.   2012 жылы 29 қарашада сағ.11.00-де Кітапханатану залында белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің 70 жылдығына орай «Атамұра» баспасынан шыққан 7 томдық шығармалар жинағының  тұсаукесері өтеді.         Дулат Исабеков (20.12.1942) – жазушы, драматург, Қазақстан Республика­сы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992). 1966 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекет­тік универ­ситетін бітірген (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Қазақ КСР Телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор (1966-1968), «Қазақ Совет энциклопедиясы» бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-70), "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі (1971-76), "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі (1976-80), ҚазКСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясының бас редакторы (1980-88), Қазақ теледидарының бас редакторы (1988-1997), "Жазу­шы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан ҚР Мәдениеттану ғылыми зерттеу институтының директоры болды. Қазіргі кезде «Мәдениет» журналының бас редакторы болып табылады. ҚР-ның «Құрмет» орденімен марапатталған. Жазушының алғашқы әңгімелері 1963 жылы "Жолда", "Замандастар" атты жинақтарда жарияланды. Кейін "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) атты повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" (1980) романы басылды. Таңдаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Д.Исабековтің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облыс театр сахналарында қойылды. "Жеті желкен" таңдаулы пьесалары 1987 жылы жарық көрді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін Мұхтар Әуезов атындағы сыйлық берілген (1985).            Жекелеген туындылары бойынша "Гауһар тас" (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (реж. А.Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. Дулат Исабековтың шығармалары венгр, поляк, неміс, чех тілдеріне аударылып, Израиль, Ресей, Чехия, Франция, Германия елдеріндегі театрлардың тұрақты репертуарына енді. 2010 жылы «Тәуелсіздік толғауы» байқауында жазушының «Жаужүрек» драмасы бас жүлдеге ие болды.   7 томдық шығармалар жинағында Д.Исабековтің бұдан бұрын «Өлке» баспасынан жарық көрген 5 томдық кітабына енген повесть, әңгімелері және соңғы кезде  жазылған жаңа пьесалары қамтылған. Сонымен бірге жазушының бұрын жарияланбаған аудармалары – Ф.Достоевскийдің «Ақ түндер» романы мен А.П. Чеховтың әңгімелері енгізілді.   Тұсаукесердің модераторы  – белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері», «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры Қазыбек Иса.   Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, әде­биеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітап­ханашылары,  оқырмандар, БАҚ өкілдері.

Байланыс телефоны:   267-28-66.

ПРЕСС – РЕЛИЗ

Национальная библиотека РК                                                                      29 ноября 2012г. г. Алматы, проспект Абая, 14                                                                                     11.00 час.      29 ноября  2012 года в 11.00 ч. в Зале библиотековедения состоится презентация 7-томного собрания сочинений известного писателя, драматурга, лауреата Государствен­ной премии РК Дулата Исабекова, выпущенного издательством «Атамұра». Мероприятие приурочено к 70 – летию автора.         Дулат Исабеков (20.12.1942) – писатель, драматург, лауреат Государствен­ной премии РК (1992). В 1966 году окончил Казахский Государственный университет имени С.Кирова (ныне КазНУ им. аль-Фараби). В 1967-1968 гг. работал старшим редактором в Государствен­ном комитете Совета Министров КазССР по радиовещанию и телевидению, в 1968-1970 гг. – старшим научным сотрудником редакции «Қазақ Совет энциклопе­диясы», в 1971-1976 гг. – заведующим отдела редакции журнала «Жұлдыз». В 1971-1976 гг. являлся членом редак­ционного совета издательства «Жалын», в 1980-88 гг. – главным редактором репер­туарно-редакционной коллегии Министерства культуры КазССР. С 1998 г. – директо­р Казахского научно-исследовательского института культуры и искусствозна­ния, ныне главный редактор журнала «Мәдениет». Награжден орденом РК «Құрмет». Первые его рассказы были опубликованы в 1963 году в сборниках «Жолда» и «Заман­дастар». Затем были изданы сборники повестей и рассказов: "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975), и роман "Қарғын" (1980). Избранные повести «Екі жиырма» вышли в свет в 1983 году. Пьесы Д. Исабекова "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986) вошли в постоянный репертуар республиканских и областных театров страны. За пьесу «Мұ­рагерлер» автор получил в 1985 году Премию имени Мухтара Ауэзова. Произведения писателя переведены на венгерский, польский, немецкий, чешский  и другие языки мира и вошли в постоянный репертуар театров Израиля, России, Чехии, Франции и Германии. По произведениям автора "Гауһар тас" (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (реж. А.Ашимов, 1986) поставлены художественные фильмы. В 7-томный сборник Д. Исабекова вошли избранные произведения, ранее вошедшие в  пятитомник (издательство «Өлке»), а также повести и рассказы последних лет. В новый сборник вошли и его неопуб­ликованные переводы произведений Ф.Достоевского «Белые ночи», рассказов А.П.Чехова.     Модератором презентации выступит известный поэт, лауреат Международной литера­турной премии «Алаш», Мәдениет қайраткері, генеральный директор газеты «Жас қазақ үні» – Казыбек Иса.   На вечере примут участие известные писатели и поэты Казахстана, общественные деятели, литературоведы, студенты вузов, библиотекари г.Алматы, читатели и предста­вители СМИ.

 

Контактный телефон: 2-67-28-66.