"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

АРУАҚ

Қазақ аруақ шақырады. Неге? Осы сауал талай көңілді күпті етіп жүр. Күпті етіп қана қойған жоқ, қазақты сеніміне қарай екіге жарды. Бірі – аруақ жар бол деп алақан жайса, екіншісі – оны Аллаға серік қосу деп білді. Қайсысынікі жөн? Байыптап көрелік.

Қазақ аруақты тәркі ете алмайды. Себебі бүкіл өмір салты аруақты ұлық­тауға негізделген. Сондықтан одан айну – қазақтықтан жерінгендей әсер қалдырады. Ал екінші жағынан, Алладан бұрын ауызға аруақты алу және одан қайыр, медет тағы да Алла ғана бере алатын өзге де қажеттіліктерді сұрау, шынында да, біз осы Аллаға серік қосып жүрген жоқ па екенбіз деген ойға жетелейді.
Басын ашып айтайық. Қазақ аруақ­ты Аллаға серік қосу үшін шақырмайды. Бірақ бүгінгі қазақтың аруақ туралы түсінігі мүлде басқа арнаға бұрылып кеткендіктен, ол, шынында да, Аллаға серік қосып жатқандай әсер қал­ды­рады. Бұл тұрғыда аруаққа сенім білдіргендер де және оны жоққа шығар­ғандар да едәуір деңгейде қателікке ұрынады. Абайламаса, екі жақтың да сеніміне көлеңке түсуі мүмкін.
Әуелгі әңгіме – аруақты ұлық­тай­тындар жайлы. Құдайшылығын айта­йық. Ұлықтайтындар – сіз бен біз, яғни қарапайым қазақтар. Ал оған көлеңке түсіретіндер – емші, бақсы-балгерлер. Біз бұл жерде көлеңке тү­сіретіндер қатарына аруақты Аллаға серік қосу деп білетіндерді жатқызып отырғанымыз жоқ. Олар туралы әңгіме бөлек. Сонымен, біздің аруақты ұлық­тағанымыз сонша, ол біздің өмір сал­тымызға, яғни салт-дәстүрімізге еніп кетті. Осы жерде кілтипан бар. Ол – аруақ пен жын үндестігі. Сондықтан біздің өмір салтымыздың дені аруақты емес, жынды ұлықтауға негізделген. Өкінішке қарай, біз осы екеуінің ара жігін ажыратуға ұмсынып көрген емеспіз. Міне, тап сол кезден бастап аруақ туралы шынайы түсінік өз мәнін жоғалтты. Дұрысы – бар құпиясын ішіне бүкті. Оны Қожа Ахмет Яссауи тектес дін ғұламалары ғана ұстай алды. Ал бізге қалғаны… Ол енді таза жын.
«Өтірік түбі – шын, аруақ түбі – жын» деген мәтел сол кезден бастап айналымға шықты. Сондықтан әуелі «аруақ пен аруақ-жынның» айыр­ма­шылығы туралы сөз қозғай кетелік.
Басы ашық жайт, әр адамның бойында соған байланған меншікті жын бар. Оны ауызекі тіліміздегі «жынымды келтірме», «жыным келіп тұр», «жынданба», «жынданды», «жы­нымды қоздырма», «жыныма тиме» деген сөздерден де аңғаруға болады. Сол сияқты біздің бойымызда бар деп білетін ақ сайтан мен көк сайтан да жын­ның бір ағайыны. Негізі – от. Кейбір адамдардың бір-бірін көргенде жыны құрысып, сайтаны ұстап қалатыны, олардың өздерінің емес, жындарының жараспауынан туындап жатады. Соған орай дәстүрлі өмір салты қалыптасады. Мәселен, біз жаңадан түскен келінді отпен аластап, табаға май құйғызып, тағы да басқа отқа байланысты ырым-жырымдар жасатамыз. Соның бәрі екі адам, не өзге ауыл жындарын бір-бірі­мен үйлестіру, жарастыру үшін жаса­лады. Алайда біз ол құрметті жындарға емес, аруақтарға жасап жатырмыз деп ұғынамыз. Сондай-ақ дүниеден озған адамның артын күту, яғни шырақ жағып қою, шамды сөндірмеу сияқты дәстүрлі үрдістер де қайтыс болған адамдардан қалған жындарды әспет­теуге негізделген. Оларға осылайша назар аударып, құрмет көрсету арқылы әлгі «аруақтардың» бұл үйді мазаламай, тастап шығуына жағдай жасалады. Ондай «құрмет» жасалмаған жағдайда әлгі үйде бөгде бір елестің бар екендігі туралы әңгіменің шындыққа айналуы кәдік. Оны біз, негізінен, аруақ деп қабылдаймыз. Шынтуайтына келгенде, оның бәрі жын. Тәуіптер мен бақ­сы-балгерлер де аруақпен емес, тек қана жынмен байланысады. Ал ол жындардың кәпір не мұсылман екендігіне келсек, ол да тікелей өзімізге бай­ланысты. Адам бойындағы текетірестің бірі – өз жынының келіспеушілігінен болады. Сондықтан адам өзін бір ба­ғытта жұмылдыру үшін жынымен байланыс орната білгені жөн. Ол үшін екі алақаныңды ысқыласаң жетіп жатыр. Мәселен, біз неге екенін білмесек те, бата жасап бет сипарда екі ала­қанымызды еріксіз бір-екі рет ысқылап қоямыз. Бұл – белгі. Қалай белгі беріледі, жын да қол жаяды. Осындай үндестіктен кейін адам қалай болса, жыны да солай қалыптасады. Жалпы, бір адамда 80 жынға дейін болады деп болжам айтылады. Осы сексенді жер бетіндегі адам санына көбейтсек, жалпы жынның мөлшерін бағамдай аламыз. Оған бізге жеткен рубаяттарда айтылғандай, жер бетіндегі 450 млрд шайтандарды қоссақ, адам баласының, негізінен, кімнің жетегінде жүретіндігі аңғарылады. Соның бәрі адам бойын­дағы «құдайға» қызмет етеді. Ол «құ­дайдың» аты – нәпсі. Адам сол жалған құдайды тәркі еткеннен кейін барып, шынайы Жаратушы иені таниды.
«Өзіңді танысаң – Алланы да тани­сың». Осы ыңғайдағы әңгімені талай естідік. Бірақ өзімізді-өзіміз қалай тану керектігін ұғынған емеспіз. Шынды­ғында, адам баласы өзін-өзі тану тұрғы­сында қалауына орай екі мүмкіндіктің біріне қол жеткізеді. Оның бірінші­-
сі – рухымен, яғни аруақпен үндеседі. Екіншісі – өзіндік жынмен байла­ны­сады. Діни жетілген адамдар көрсететін «кереметтер» (бұл барлық дінге тән), спорттағы жетістіктер, сиқыр, тіпті кәсіби төбелестің өзі жеке адамның өз жынымен қаншалықты деңгейде байланыса алғандығына байланысты нәтиже береді. Оның атауы әрқилы болғанымен, негізі бір. Мәселен, дін­-
де – тақуа, спортта – бап, емшіде – аруақ, бақсыда – арқа, тіпті әуен ырғағына бой алдырған адамды да жын еліктейді.
Мақұл, солай-ақ болсын. Сонда біз қайдамыз? Осы сауалды әркім өзіне қарата қойса, өзінің кім екендігін пайымдай бастайды. Дұрысы – өзін іздей бастайды. Шынтуайтына келгенде, біз – жоқпыз. Біз мына өмірге жоқ болып келіп, өліп емес, тіріліп қайта­мыз. Өзіңнің жоқ кезіңді бар деп білу және соның, яғни нәпсінің және біз жоғарыда тізбектеп шыққан жындар­дың бірімен байланысты жоғары нә­тиже ретінде бағамдау, әрі осы тұрғы­дағы діни ғибадат, және де басқа іс-әрекеттер, шынтуайтына келгенде, жай ғана түс сияқты өткінші нәрселер. Кім де болсын, түсінде жасағандарын, не қол жеткізген жетістіктерін өзім­-
ді­кі деп меншіктей алмайтындығы сияқты, өзін танымай жасаған және меншіктенген нәрселеріне де иелік ете алмайды. Неге?
Неге екенін ұғыну үшін әуелі өзі­мізді тауып алайық. Айнаға қарайық. Айнадағы кескінді өзіміз деп білсек, сонда соның, яғни әлгі айнадағы адам­ның қай жерін өзім деп білген жөн? Бір қарағанда, күлкі шақыратын-ақ сауал. Мақұл. Барлық кескінді тұтастай өзіміз деп қабылдайық. Бірақ өмірде қолы, не аяғы, болмаса көзі, құлағы жоқ адамдар кездеседі. Сонда қалай, адам өзінің бір дене мүшелерінен айырылғанда өзі де бөлшектене бастай ма? Олай емес. Демек, сыртқы форма, яғни айнадағы кескін біз емес екен. Біз «рухпыз». Шындығында, дене рухты емес, рух денені ұстап тұрады. Рух тастап кеткенде дене формалық мәнінен ажырайды. Киімнен де қадірсіз нәр­сені өзім деу және соған өмір бойы қызмет ету, бұл енді, ашығын айтқанда, бейшаралық. Бейшаралық емес, дінсіздік. Дұрысы – адасушылық.
Енді қазақтың неге аруақ шақыра­тын­дығына ойысайық. Аруақ – бізбіз. Аруақ деп атой салғанда біз жоғарыда айтқан жалған нәрселерді емес, өзі­міз­ді шақырамыз. Жалған кейін ысыры­лып, ақиқат алға шыққанда анталап тұрған «жау» қоғадай жапырылады. «Жау» деп бізге тосқауыл боп тұрған нәрселердің бәрін жалпылама атадық. Осы жауды Өзің жеңсең ғана шындық салтанат құрады. Ал өзіңді тану үшін міндетті түрде аруақ шақыруға тура келеді. Өйткені өзіңді танысаң, Алланы да танисың. Себебі Алла – Өзіңде.
Алла адамға күре тамырынан да жақын. Мұны діннен шамалы хабары бар адамның бәрі біледі. Демек, Алла адамға сырттан әсер етпейді. Сырттан әсер ету әлгі жақындыққа қайшы келеді. Алайда Алланы ана жерде, не болмаса мына жерде деу сол жер көлеміне қа­рай Алланы мөлшерлеуге негіз болады да, ондай көзқарас үлкен күнә­ға ұрындырады. Сондықтан біз Алланы шексіздік әлемінде деп білеміз. Ал ол шексіздік әлемі – рухқа тән. Рух – Алланың аманаты. Оны көтеру, Құран кәрімде айтылғандай, тек адам бала­сына ғана нәсіп болған. Басқаны былай қойғанда, ол аманатты көтере алмай, таудың өзі қақ айырылады. Неге? Себебі ол рухта Алланың өзіне тән есім сипаттары бар. Ол есім сипаттардың мәнін ұғыну үшін рухты айна деп білсек, ондағы «көрініс», яғни Алланың есім сипаттары, өзіне қараушының, яғни Алланың бар екендігін әйгілейді. Ал Ол бар нәрсенің қайда екендігіне біздің ақылымыз жетпейді. Ол әлемге бару тек біздің Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ғана нәсіп болған. Алла әлемінің ернеуінен аттауға ұлық періште Жә­бірейілдің өзі тәуекел ете алмаған. Кей­бір жекелеген діндарлардың сондай Ұлық затпен тікелей байланысып, сыпайылап айтқанда, тек Алламен ғана «сіз, біз» десіп отырамын деуі күлкілі. Күлкіліден гөрі қорқынышты. Оған аруақ­ты мойындамаған адамдар ба­рады.
Рух – біз. Ал онда Алланың есім сипаттары болғандықтан, ол бізге күре тамырымыздан да жақын. Біздің мақ­сат – соны тану. Дұрысы – соған қо­сылу. Сонда ақиқат айқындалады.

Құдияр БІЛӘЛ


Осыған ұқсас:



39 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 11 Қыркүйек, 2012, 19:17

    Қателессем, АЛЛА ТАҒАЛА кешірсін! Аруақ сөзі, рух деген түбірдің көпше түрінде қолданылса керек. Ал, рух дегенді Ислам ғұламалары патуаларында Жәбіреіл періштеге немесе жалпы періште деген мағынаға жатқызады. естеріңізде болса, Ислам тарихында талай дін жолындағы талай соғыстар болды. сол кездерде Пайғамбарымыз с.ғ.у. бастаған мұсылман жамағатына рухтар, яғни періштелер АЛЛАНЫҢ рахымымен жәрдемдескен. Біздің ата-бабамыздың дінге беріктігін ешкім шек келтірмес… олардың аруақ қолдасын деген дуга-тілектері де осы «Рухтар» немесе ЖАРАТУШЫНЫҢ көмегімен періштелер көмектессін деген ниетпен айтылса керек. ал, қазіргі түсінігімздегі аруақ қолдасын болып бурмаланган түсінік бөлек әңгіме

  2. editor Author 14 Қыркүйек, 2012, 03:47

    Қазақ аруақ шақырады. Неге? Осы сауал талай көңілді күпті етіп жүр. Күпті етіп қана қойған жоқ, қазақты сеніміне қарай екіге жарды. Бірі – аруақ жар бол деп алақан жайса, екіншісі – оны Аллаға серік қосу деп білді. Қайсысынікі жөн? Байыптап көрелік.

  3. 22 Қыркүйек, 2012, 22:51

    мына мақаладан ештеңе де түсінбедім шамасы бір жынды бізді де жынды еткізгісі келіп жаза салған сияқты

  4. 11 Қаңтар, 2013, 22:34

    Сонда Алла Рух Урледы Ар Денеге Сонда Барлыгымыз Жаннатка Бару Керекпыз Сонда Акылды Болган Шайтан Быз Ушын Тозакты Тандады Себебы Адамдарды Барынен Биык Етты Адамга Сана Берды Адамга Сажде Етты Сонда Рух Ол Быз Ал Быз Жаннатка Барсак Кана Быз Ал Тозакка Барсак Онда Быздын Денемыз Рухымызды Емес Жынды Котереды Жын Аркалай Жаксы Жаман Бырак Жын Адам Емес Жаксы Болса Да Болек Адам Болып Болек Ауада Журген Сыйакты Болады Сонда Алла Рухымызды Кай Дарежеде Берды Былуымыз Ушын Быз Рухты Табу Тану Керекпыз Ал Жын Адам Емес Бырак Жынмен Де Кереметтер Ыстей Аламыз Бырак Жынмен Журген Адам Оз Рухымен Емес Ол Адам Емес Ол Тубынде Жынды Болуы Абден Мумкын Себебы Жын Болек Алем Адам Болек Алем Быз Рухымызды Устап Журу Ушын Быз Кымбыз Бырыншы Былуымыз Керек Быз Адамбыз Кайдан Келдык Былуымыз Керекпыз Бызды Денеге Рух Урледы Сонда Кым Урледы Жараткан Иемыз Бар Екен Сонда Жане Былемыз Калай Не Ушын Сонда Жараткан Иемызды Тану Керекпыз Быз Адамбыз Ойлануга Сана Акыл Журек Куш Т.б. Берды Осы Денемызбен Бырыншы Жараткан Иемызды Тану Керекпыз Кейын Кайда Келдык Не Ушын Былуымыз Керек Сынак Дуниедемыз Алла Иемыз Бызды Барынен Биык Етып Дене Етып Рух Урлеп Адам Етты Сойтып Шайтанды Душпандарын Деп Неге Олай Барын Тусыныкты Етты Быз Егер Адасып Бара Жатсак Мейырымды Кудыретты Алла Адам Ата г.с. Бастап Сонгы Елшымыз Пайгамбарымыз Жаннат Мухаммед Мустафа С.г.у. Ды Елшылер Жыберды Кытаптарымен Тузу Жолды Осы Кытап Аркылы Елшылер Уагыздап Дурыс Жолды Корсетты Ар Келген Елшы Жараткан Иемызды Алланы Ен Сонгы Дурыс Барлыгын Жинактап Толык Дурыс Жолды Куранмен Корсететынын Сонгы Елшымыз Пайгамбар Мухаммед Мустафа С.г.у. Екенын Айтып Жеткызды Сонда Быз Адамбыз Жане Жындар Перыштелер Шайтандар бар Куллы Алемды Куллы Жаратылысты Кок Пен Жерды Корнеу Мен Коместы Барлык Дуниены Жаратылыс Барлыгын Жараткан Иемыз Алла Буган Далел Елшылерымыз Жане Кытаптарымыз Куран Куранда Жазылган Адамдар Мен Жындар Перыштелер Шайтан Т.б. Барлыгы Сонда Адамбыз Денемызде Рух Бар Алла Сол Рухты Кандай Дарежеде Берды Коруымыз Ушын Бырыншы Жараткан Иемыз Алланы Тану Керекпыз Озымызды Емес Алланы Танысак Барлык Кереметты Коремыз Мысалы Алланы Танысак Адам Екенымызды Былемыз Адамга Шайтанды Душпан Еткенды Былемыз Сонда Шайтан Жынга Жакын Сонда Айтады Жыны Козса Токтата Алмайды Деп Олен Айтады Т.б. Сонда Адам Мен Жынды Кулшылык Ету Ушын Жараткан Куранда Айтылган Шайтан Душпан Быз Адамбыз Быз Сынак Дуниеде Журмыз Быз Жын Емеспыз Быз Жыннан Болек Адамбыз Сонда Бызге Рух Берген Сол Рухымызбен Денемызбен Озымызды Таныймыз Алланын Буйырганымен Толык Журсек Жанымызбен Танымызбен Быз Адам Боламыз Адамды Биык Етып Жараткан Сонда Бызде Акыл Сана Жане Ерык Бар Сонда Быз Каласак Шайтанга Ылесемыз Каламасак Ылеспеймыз , Ал Шайтан Адамды Каласа Адастырады Емес Ол Шайтанга Емес Адамга Байланысты Сонда Шайтаннан Биыкпыз Жын Алемы Болек Тылсымда Олардын Тамагы Т.б. Болек Олардан Да Жаксы Жаман Болады Адамдар Алемы Болек Адам Олсе Жын Олмейды Жын Олсе Адам Олмейды Адам Да Жын Да Алланын Алдында Жауап Береды Адамды Биык Еткен Сонда Адам Шайтанды Да Жынды Да Баскара Алады Сонда Адам Рухын Сезсе Таныса Жынды Шайтанды Перыштены Таныйды Сонда Адам Таза Рухпен Адам Озын Корсетып Жындармен Шайтанмен Перыштелермен Сезе Быле Алады Сонда Адам Болган Керемет Ангыме Былай Адам Бырыншы Жараткан Иесын Тану Керек Таныса Озын Таныйды Озын Таныса Шайтан Жын Ды Таниды Сойтып Аруак Ол Ата Бабанын Жолы Ата Бабанын Рухы Аспанда Ма Тобеде Денесыз Рухтар Денеден Шыкса Оледы Бул Деген Бул Дуниеде Адам Оз Рухынан Биык Жынмен Журсе Тыры Олык Сыйакты Ал Адам Олып Денесы Комыледы Ал Рухы Болек Бул Алемге Корынбейды Себебы Рух Адамнын Рухын Да Ешкым Кормейды Ал Адамда Жын Бар Дегендер Адамнын Рухы Биык Таза Дегендер Адам Шатасып Не Рухын Тани Алмай Жур Дегендер Жараткан Иесын Таныйтындар Озын Танитындар Адамдар Жане Касиеты Бар Адамдар Жын Алемын Рухтарды Коре Алатын Касиетты Адамдар Сонда Рухтар Аруактар Бул Алемге Корынбейтын Менын Ойым Жараткан Иесын Озын Танып Кеткен Адамдардын Ягни Денелердын Рухтары Ал Шайтан Адастырса Жынды Адамды Жын Шайтанга Айналса Адам Жынга Айналса Мыне Осы Адасушылык Аруакка Табынгандык Себебы Аруак Ол Перыште Дарежесыне Жетпесе Де Бул Омырде Жараткан Иесын Алланы Жане Озын Танып Кеткендер Сонда Олардын Рухтарын Аруак Дейды Бундай Адамдарды Рухтары Биык Мыкты Таза Умытпаймыз Еске Аламыз Себебы Тарбие Улгы Онегеге Себептер Ал Аруактар Ештене Ыстей Алмайды Себебы Барымыз Денемыз Ышымызде Рух Быз Жараткан Иемызды Танысак Озымызды Танысак Быз Аруакпыз Осы Дуниеде Ал Бызды Ешкым Умытпайды Себебы Денемызды Куныге Корсеткен Касиеттерымыз Бар Ал Еске Алатын Ата Бабалар Жараткан Иесын Алланы Жане Озын Таныган Аруактар Ал Жынмен Жумыс Ыстейтын Адамдар Екыге Болынеды Ол Аруакты Адам Ол Жындарды Тек Адамды Дурыс Затка Жеткызу Ушын Колданады Ал Шайтанга Еретын Адамнын Озы Де Немесе Жын Да Быр Бырын Тозакка Карай Багыттайды Сонда

  5. 11 Қаңтар, 2013, 23:14

    Сонда Денеге Рух Урлесе Адам Болады. Ал Адам Сол Рухы Аркылы Жараткан Иесын Алланы Таныйды Жане Озын Таныйды Сонда Бул Адам Аруак Адам Болады. Ал Мысалы Мен Олсем Маган Табынбандар Мены Жиыркендырмендер Онсыз Да Жиыркенып Кетып Барамын. Мены Еске Алыныздар. Сонда Аруактар Бул Дуниеден Откен Такуа Жаксы Адамдар Мен Жаксы Адаммын Абай Атамызды Оте Жаксы Коремын Куран Окыганда Алланын Разылыгы Ушын Сауабын Абай Атамыздын Аруагына Тие Берсын Деймын Себебы Адамдарга Дурыс Жолды Иесын Алланы Тану Ушын Коп Ерынбей Таза Рухани Енбек Еткен Бырак О Дуниедегы Атамыздын Аруагы Ештене Казыр Ыстей Алмайды Олар Бу Дуниеде Аруак Болып Казыр Сыздер Жолын Устап Жургыныз Келсе Осыны Бу Дуниеде Алладан Тылеп Кеткен Аруактар Мысалы Атаныз Мыкты Молда Болды Ол Атанызга Алла Кереметтерды Сезетын Коретын Касиет Рух Берген Атаныз Сол Рухын Таныйтын Дарежеге Жеткен Рухын Таныган Адам Сол Атаныз Аруак Бу Дуниеде Болган Алладан Тылеген Алла Менын Жолымды Куатын Устайтын Таза Такуа Онегелы Жаксы Урпак Насып Ет Деп Сонда Аталары Мыкты Болса Урпактары Жынды Болады Себебы Алла Тылеуын Береды Дурыс Жолды Корсетеды Кайта Кайта Шайтаннан Арыла Алмай Сол Жолга Тусе Алмай Устай Алмай Абден Шаршайды Сабыр Сактау Керек Сактамай Калса Жынды Жын Урган Сонда Болады Себебы Адам Шайтаннын Азгыруына Конеды

  6. 13 Қаңтар, 2013, 01:32

    Мысалы Мен Шайтаннан Арылып О Дуниеге Кетемын Алла Каласа Сонда Мен Аруакпын Ал Мен Адамдарды Емдеп Журген Молданы Кордым Ол Адамдарга Дуа Сикыр Ыстейды Ыстегенде Адамды Дурыс Жолдан Жаман Жолга Салады Сол Молдалардын Аталары Аруак Болса Олар Шатасып Шайтанга Ерып Жын Шайтан Болады Бул Адамдарды Олгеннен Сон Ешкым Еске Алмайды Себеб
    ы Булар Аруак Емес Шайтан Сол Ушын Буларды Колдаган Ягни Армандап Кеткен Аталары Жаннатта Булар Тозакта Болады Сондыктан Аталарыныз Пайгамбар Болса Сыздерды Мындетты Турде Мыкты Аруак Колдамайды Сыздер Аруактарды Колдайсыздар Колдарыныздан Келсе Шайтан Емес Аруак Жолын Умытпаныздар Ягни Оздерыныз Жараткан Иемыз Алланын Буйырган Жолымен Журып Аруактарды Еске Алып Умыттырмау Адамдар Мен Жындар Аллага Кулшылык Етеды Адамдарга 18 Галамды Баскара Алады Екен Жындарды Да Сол Ушын Мысалы Уйыне Зинакор Келын Келсе Ол Келын Адамга Емес Хайуанга Уксаса Мены Хайуан Деп Ойлады Ма Аруак Емес Жындарды Адамдарды Шайтанмен Корлататын Молдадан Комек Сурапты Молдалары Мены Ауреге Салды Себебы Зинакор Келын Келмей Жатып Максаттарын Бастапты Ма Сойтып Мен Ойландым Зинакор Келынды Уйымыз Табанын Суйеды Ал Мен Сабыр Сактадым Менын Аталарым Зинакор Аулетымызды Жалгастырмасын Деды Сойтып Мены Уйге Кыргызбей Кошеге Куса Да Мен Сабыр Сактап Алладан Тылеймын Зинакорды Барлыгы Корсе Сонда Мен Олсем Аруак Жолын Устай Алмадым Емес Устадым Сонда Аруакты Молдалар Емес Мены Олтырген Аруакты Менмын Аруак Быреудын Емес Журегынмен Дурыс Жолды Калап Кеттым Егер Мен Олмеуге Жол Болса Олмейтын Едым Ал Мены Аруактан Болып Шайтанды Жабыстырды Шайтанды Денемнен Алдым Бырак Аруактарды Ластады Мен Тазартамын Колымнан Келгенше Сойтып Алла Менын Тылеуымды Кабыл Етсе Озым Алланы Суйсем Сонда Олемын Сонда Мен Аруакпын Себебы Аулетымыздегы Зинакор Келынды Жане Аруак Емес Шайтанмен Адамдар Мен Жындарды Тозакка Алып Баратын Адамдар Молдалардын Жузын Корсеттым Мен Олсем Алла Каласа Аруак Боламын Бырак Отбасымды Мен Коргамаймын Мен О Дуниеде Кабырде Омырдегы Ыстерым Амалдарым Ушын Жауап Беремын Ал Отбасымды Мен Олмей Жатып Тылеп Кетемын Алладан Мены Еске Алганда Жаным Жай Табады Алла Тылегымды Кабыл Алса Отбасым Да Жараткан Ием Алланын Буйырган Дурыс Таза Жолымен Журеды Деген Умыттемын Зинакор Бар Жерде Береке Болмайды Мыне Керек Болса Мен Олемын Берекенын Кокесы Осындай Ал Мен Аруахи Рухани Алладан Тылеймын Береке Кырсын Деп Зинакор Болмаса Береке Кыреды Алла Каласа. Мен О Дуниены Суйемын Мен Алланы Жаксы Коремын О Дуние Шындык Мангылык Дуние Сол Ушын Жараткан Иемыз Алланын Буйырган Куран Жолымен Журыныздер Шайтанды Жолатпай Елемей Сабырлы Болып Мейырымды Болып Быр Бырымызды Сыйлайык Мысалы Акелерыныз Аналарыныз Бауырларыныз Сыздерды Емес Зинакорды Тандаса Немесе Молдалар Аруак Демей Турып Адамдарды Сыйласа Ойласа Егер Соншалыкты Мейырымдылыгын Корсеткысы Келсе Адам Ол Жын Емес Шайтан Емес Перыште Емес Олген Адам Емес Тыры Сынак Дуниедегы Адам Сол Ушын Бырыншы Бызды Жараткан Иемыз Бызды Сынаушы Иемыз Бызге Аруак Жолын Корсетып Тусындырып Устатын Иемыз Бызды Шын Суйетын Иемыз Быздын Тагдыр Болашак Мангылык Омырымызды Калай Калап Армандап Тылесек Тылеуымызды Бере Алатын Иемыз Пак Иемыз Алла Ен Бырыншы Алла Одан Кейын Озынды Танисын Одан Кейын Отбасын Елынды Т.б. Ойла Кызмет Ет Адал Шын Сонда Перыштелер Айналанда Шайтан Мундай Жерде Уйыктап Калады Кетеды Т.б. Жындар Сендерды Сыйлап Уйренеды Улгы Алады Сендерден Жындар Томен Адамнан Осы Кезде Байкалады Жын Болек Алем Адам Болек Алем Кейын Олсендер Аруак Боласындар Калай Аруак Боласындар Осы Дурыс Жолды Болашак Урпактарына Табыстайсындар Шайтан Калады Жын Калады Олар Жындар Оте Коп Омыр Суреды Сонда Сикырмен Бос Пал Ашумен Айналысатын Молдалар Аруак Емес Аруак Сыздер Жаксы Дурыс Таза Адамдар Менын Ажем Мысалы Мплда Емес Арып Танымайды Уйдын Жумыстарын Ыстеген Келын Болган Сон Атасын Енесын Тындаган Сыйлаган Караган Баккан Балаларына Жаксы Жолды Корсеткен Жаман Жолда Журмеу Ушын Тарбиемен Катан Болган Барлыгына Сабыр Сактап Сегыз Баласын Уй Етып Немере Шобере Еткен Окыткан Уйлендырген Той Жасаган Намаз Окыган Ораза Устаган Садака Берген Кажыга Меккеге Бармаган Кайтыс Болганша Акша Жагдайы Меккеге Алып Бармаган Енды Алып Барайын Десе О Дуниеде Бырак Туркыстан Т.б. Киелы Касиетты Бул Омырден Откен Аулие Аруакты Ата Бабаларымызга Барган Сонда Айтады Алла Сенын Жолында Сенын Буйырганынмен Журген Мусылман Аулие Аруак Ата Бабаларымызга Барайын Себебы Ауырып Жатырмын Сонда Сондай Таза Адамдарды Еске Алу Бул Тарбие Болашакка Бул Тусыныктын Быреуы Болашакка Дейды Сонда Осы Ажемызды Казыр Коп Айтады Осы Ажемыз Аруак Болган Екен Сонда Бул Ажемыз Мектепте Пол Жуган Сондай Жумыс Ыстеген Быр Жылдары Сонда Молда Емес Бырак Арып Танымайды Сол Ушын Былымды Улкендерден Жаксы Адамдардан Алган Мейлы Мен Уйыктаймын Кейын Айтамын

  7. 27 Қаңтар, 2013, 12:34

    Мен Олсем Алла Тылегымды Кабыл Етеды Тылегым Уйымде Журген Зинакордын Надандыгы Далелденсе Зинакор Екенын Барлыгы Корсе Мен Уйыме Береке Кыру Ушын Олемын Зинакор Бар Жерге Береке Кырмейды Шайтани Береке Уакытша Зинакордын Беты Ашылмасын Деп Береке Кыргызеды Мундай Берекеден Алла Сактасын Мен Зинакордын Беты Ашылсын Деп Олемын Сонда Беты Ашылады Сонда Уйымызге Береке Кыреды Сонда Мен Барлыгы Зинакорсыз Бакытты Болады Мен О Дуниеде Отбасым Бу Дуниеде Мыне Нагыз Шынайы Омыр Осындай Зинакор Уйынде Болса Ханнын С
    арайын Да Керек Етпейсын

  8. 17 Қыркүйек, 2013, 20:39

    неге пер!штелер жайлы жок

  9. 19 Мамыр, 2015, 19:21

    Мысалы.ата бабан тусне кирп сен менин жолыма тус адамдарга жаксылык жаса емде десе мен орындап емши болсам сонда мен жынмен тилдескенимба сиздерди н создерн осыган келптургой.казактан баскдадада баргой атабаба аруагы сонда барлыгыда жынмен сойлескенима.ол кате тусиник менимше.адамдар емделсе сонда оны шайтан емдейме туснбеймин казиргиадамдарга

    • 25 Ақпан, 2018, 18:35

      Рүстембек бауырым, түске ата-бабалар әруағы болып кіретін – ЖЫН-ШАЙТАНДАР! «Емші болсам ЖЫНМЕН тілдескен іс бе?» дейсің. Иә, емші-тәуіптерге, бақсы-балгерлерге, көріпкелдерге ЖЫН-ШАЙТАНДАР жабысады! «Әруақ қолдасын» деп айтқан адамға ЖЫН-ШАЙТАНДАР жабысады! Сен мына пікірді ЖЫН-ШАЙТАНДАРДЫҢ азғыруымен жазып отырсың!!! Емші-тәуіптерге, бақсы-балгерлерге, көріпкелдерге мүлдем сенуге болмайды, олар ЖЫН-ШАЙТАННЫҢ жетегінде жүргендер​!!!
      «Түсімде ата-бабаларымның әруағы аян берді; «емші боласың, ақын боласың, әнші боласың» деп деу – КҮПІРЛІК, ӘРІ ШИРК – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСУ болып табылады!!! Түске ата-бабалардың әруағы болып кіретін – ЖЫН-ШАЙТАНДАР!!! Соны біліп қой!!!!!!

  10. 19 Мамыр, 2015, 19:38

    Мен сурак кояйын ким жауап береди?менин ата бабаларым отпен емдеген адамдарды шокты алаканына тилине тигзгенде куймеген енди сол аруактар биздида мазалап журма тусмзде бастырыламыз осынын бари шайтаннын исиме маган айтады орындамасан биржерн майып болады дейди билгирлер мен не истейн енди акыл косындаршы билгирлер имам кажылар мен косым кожамын

    • 12 Наурыз, 2018, 00:48

      Рүстембек,өтінемін,менің айтқандарымды мұқият тыңдаңыз.Сізге ешқандай жаман ой ойламаймын.Мүмкін менің жазғанымнан сұрағыңызға жауап табарсыз.Əркімнің айтқанына ере бермеңіз,өзіңіздің жеке ойыңыз болу керек,яғни кез келген мəселеде 9рет өлшеп 1рет кесіңіз.Сізге Алла тура жол көрсетсін.Менің ұстанатын мəзхабым-ата-бабаларымыз ұстанған Ханафи(Имам Ағзам) мəзхабы.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарынан естіген-түйгенімді айтайын.Егер менің пікіріме түсінбесеңіз,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайттарынан, имамдарының жын жайлы уағыздарын көріңіз,не болмаса,мешіт имамынан сұраңыз.Жалпы,адам əлемінен бөлек жындар болады.Алла адам мен жынды өзіне құлшылық жасау үшін жаратқан.Ол жындардың да адамлар секілді жақсы,жаманы,мұсылманы,мұсылман емесі болады.Ол жындарды біз көре,ұстай алмаймыз.Бірақ олар бізді көре алады.Бізге жаман ой салатын да сол-жын.Адам дүниеге келгеннен оның жанынды жын болады.Əрине,адамды сəби кезінде періштелер қорғағандықтан,олар жамандық жасамайды.Жындардың жаратылысы адамға ұқсамайды,анығын Алла біледі.Жындар көзді-ашып жұмғанша Жерді айналып шығатындай жымдам жəне күшті.Алла жындарды адамдардан бұрын жаратқан жəне адамдардан ұзақ уақытқа өмір сүреді.Менің айтып жатқаным сізге ертегідей көрінер,бірақ сіз де ертегідей көрінсе де аруақ түсіме кіріп,аян берді дегенге сендіңіз ғой.Ия ,адамның жаны-аруақ бар,бірақ адам өлген соң,жаны о дүниеге аттанады.Демек,жындар адамдардың сенімін бұзу үшін,түсіне кіреді.Жындар осылайша, адамды Аллаға серік қосуға (Алладан басқа жаратылыстарға табыну,олардан дұға тілеу,яғни Алланы сұрамай,аруақ,тас,əулиеден сұрау) итермелейді.
      Жалпы,сиқыр жын арқылы жүзеге асады.Əлгі отпен емдеу шынында сиқыр.Шоқты басқанда алақаны мен тілінің күймеуі де сиқыр секілді.Мəселен,қарапайым фокусниктер фокус көрсету үшін,олар өте жылдам,епті болуы керек.Əрине,барлық фокусниктердің фокусы жынға байланысты емес.Ол фокустың да жасалу əдістері бар екенін сіз де білесіз.Жын да дəл сол фокусниктерден əлдеқайда жылдам,епті,адамнан бұрын жаралғандықтан адамға қарағанда тəжірибесі мол болғандықтан,адамдарды сиқырмен оңай алдайды.Əрине,жын адаммен байланысу арқылы адамды емдейді.Бірақ ол адамды емшілер арқылы емдеп,ең үлкен күнə-Аллаға серік қосуға итермелейді,яғни шамандарға,əкстрасенстер,балгер,құмалақшыларға сендіреді.

    • 12 Наурыз, 2018, 00:58

      Бірақ жын адамды толық емдемейді,оның əсері уақытша болады.Жын арқылы,яғни балгер,экстрасенс,бақсымен емделу адамның өзіне зиян келтірмесе де,оның əйтеуір бір ұрпағына бір зиянын тигізеді.Түсіңізге кіріп мазаңызды алса,мешіт имамдарына,мықты молдаларға барып оқылыңыз.Олар тек Құранның сүре,аяттары мен Алладан дұға тілеу арқылы емдейді.

  11. 20 Қаңтар, 2017, 12:47

    :bala:

  12. 30 Қаңтар, 2017, 14:48

    Қазақ әруақты құрметтейді, сыйлайды, батыр бабаларымыз жауға шапқанда «Я, Әруақ!» деп ұрандатқан! Олар еш қателескен жоқ! Сәләфистер мен уахабистер «Әруақ – ширк әруаққа сыйынуға болмайды, әруаққа Құран оқуға болмайды!» деп сандырақтайды, олардыкі – қате, дұрыс емес!

  13. 23 Сәуір, 2017, 23:25

    Канаттики жон сиякты

  14. 13 Қыркүйек, 2017, 00:34

    Əркім өзінің ұғымын тықпалап халықты, əсіресе,жастарды шатастырып бітті. Оның ішінде сауаттысы бар, сауатсыз бар…

  15. 4 Қазан, 2017, 19:59

    Менинше осында жазылган ой мен пиеирлердин бари рас

  16. 4 Қазан, 2017, 20:01

    Кешириниздер пикирлер

  17. 20 Қараша, 2017, 23:35

    Аллаға аян

  18. 22 Қаңтар, 2018, 20:40

    «Әруақтар бар, тірі адамдарға жәрдем береді, қолдап жүреді» деп сену – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА​ СЕРІК ҚОСУ болып табылады! Бұрында, ата-бабаларымыз «әруақ қолдасын, Жолдасың Қыдыр болсын, Ғайып Ерен, Қырық Шілтен желеп-жебеп жүрсін» деп бата беру – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА серік қосқаны!!! Ата-бабаларымыз Ислам дінін​ толық білмеген, ол кезде жазу-сызу болмаған, қазақтар, яғни, ата-бабаларымыз сауатсыз, қараңғы болған!

  19. 23 Қаңтар, 2018, 13:24

    Бауыржан бауырым, сен қателестің, ата-бабаларымыз «Әруақ қолдасын» деп Құрандағы «Рухтарды» емес, өлілерді әруақ тұтып айтқан! Ата-бабаларымыз Ислам дінін толық білмеген, олар әріп танымаған, қараңғы болған, сондықтан олар АЛЛАҺУ​ ТАҒАЛАҒА​ сиынғанда өлі адамдарды әруақ тұтып сиынып – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА​ серік қосып мүшрик болған! Абай атамыз «Жаратушы тұрғанда жаратылыстан не сұрайсың?» деп айтқан! Абай атамыз қара сөздерінде де, өлеңдерінде де өлі әруаққа емес – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА​ сиынған! Өлі адамдарды әруақ тұтып сиыну – ШИРК АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА серік қосу амалдарынан! АЛЛАҺ ТАҒАЛА кез-келген күнәларды кешіреді, ӨЗІНЕ серік қосқандарды кешірмейді!

  20. 25 Қаңтар, 2018, 14:31

    Рустем бауырым, ауруды отпен емдеу – ШИРК АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСУ амалдарынан, ата-бабаларымыз ШИРК амалдар істеп АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА​ СЕРІК ҚОСЫП – ең үлкен күнә жасаған; олар әруақтарға сиынған, әулиелердің мазары на түнеп, әулиелерден тілеп қатты адасқан! АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСҚАН адамдар ҚИЯМЕТ КҮНІ – ТОЗАҚ ОТЫНДА мәңгілік азапталады!

  21. 29 Қаңтар, 2018, 14:56

    Өлі адамдарды әруақ тұтып оларға тағзым етіп табыну – ШАМАНИЗМНЕН яғни, КӨПТӘҢІРГЕ ТАБЫНУ кезінен қалған! ШАМАНИЗМ деген дін емес! Ежелгі Түркілер және Сақтар, Ғұндар; «адам өлгенде жаны әруаққа айналып, көк пен жерді аралайды, тірі адамдарды қолдап, желеп-жебеп жүреді» деп ұққан! Содан Қазақта «әруақ» ұғымы қалыптасқан! Бұл – қате ұғым! Шын мәнінде өлген адамда әруақ болмайды, өлген адамдар ҚИЯМЕТ-ҚАЙЫМҒА дейін ҚАБІРДЕ жатады! Өлі адамдарды Әруақ тұтып сиыну – ШИРК – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА​ СЕРІК ҚОСУ болып табылады! Күнәлардың ең үлкен – ШИРК, яғни, АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСУ! АЛЛАҺ ТАҒАЛА кез-келген күнәні қаласа кешіреді, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСҚАНДАРДЫ кешірмейді! АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСҚАН адамдар ҚИЯМЕТ КҮНІНДЕ – ТОЗАҚ ОТЫНДА МӘҢГІЛІК АЗАПТАЛАДЫ!

  22. 30 Қаңтар, 2018, 14:32

    Өлі адамдарды еске алып оларға ҚҰРАН оқу – дұрыс, «әруақ риза болған шығар, бір аунап түскен шығар» деп айту – дұрыс емес! ҚАБІРСТАНҒА барған адам ҚАБІРЛЕРДІ ЗИЯРАТ ЕТІП, ӨЛІМДІ ЕСКЕ АЛУ КЕРЕК! Мұхаммед пайғамбар (с.ғс) «ЗИЯРАТ ЕТІҢДЕР ҚАБІРЛЕРДІ, ӘЛБЕТТЕ, ҚАБІРЛЕР АҚЫРЕТТІ ЕСТЕРІҢЕ ТҮСІРЕДІ» деп айтқан!

    • 30 Қаңтар, 2018, 18:31

      Канат сенен асқан надан жоқ. Аталәрымыз адасқан жоқ . Уахабис киіміңді шеш. Сенен ешкім акыл сұраған жоқ. Богыңды жеп оттайсың. Балақ сакалдан баска не білесің. Осы сендер Әлемді куртып жаткан. Бишара.

      • 14 Ақпан, 2018, 00:52

        Мен уахабис емеспін, сақал өсірмеймін, уағызшы да емеспін!Жазғандарымды ойдан шығарған жоқпын – Құраннан, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен алдым! Бәрімізді бір АЛЛАҺ қолдасын!!!

  23. 30 Қаңтар, 2018, 17:23

    Қанат Жезқазған – сіздің пікіріңзбен мен, мүлде келіспеймін. керісінше, сіздікі қате!!! Сіз, мүмкін, ортадокс молда боларсыз, бәрібір қате, егер, сіз қазақ ұлтынан болсаңыз!!! Қараңыз: – сіз айтасыз: – «Аллаға серік қосуға болмайды, ширк» – деп. Ислам діні арабтар (құрайыштар) біздің дәуірдің 7-ғасырында ойлап тапқан діні. Бар болғаны 14 – ғасыр болды. Осы дінді олар, арабтар, қан төгумен, найзаның жүзі, қылыштың қырымен таратты!!! (өтірік деп айта алмайсыз). Дәл сол кездері (7 -9 ғ.ғ.) қазақ жерінде Шаманизм діні – негізгі наным сенім діні болды. Именно – діні болды. Мессионер арабтар қазақ даласында сол бақсыларды қуып жүріп өлтірді. Ал, ешбір шаман адам қанын төккен жоқ!!! 1 – деп біліп қойыңыз. «Заңдар жиынтығы», «Киіз кітабы» бар нанымдар – Дін деп аталып, ал, жазу – сызу жоқтар Дін емес деу әбестік. Шаманизм – аса қасиетті дін. Табиғатпен үндестікте болған дін. Бұрынғы қазақтың бақсылары (шамандары) әрі ортопед, терапевт, окулист, хирург, эндокринолог, акушер, мамологтар болды!!! Тағы өтірік айта алмайсыз. Олар қазіргі кезде де бар. Бірақ, күнен – күнге азайып бара жатыр. Автомобиль қақтығысында аяқ немесе қол сүйектері быт-шыт болып сынған адамды, ешқандай медикаментозды немесе хирургиялық жолсыз бас-аяғы 15-күнде аяғына тұрғызған бақсылар жетеді, қазақтар арасында. Қазақ бақсылары, атақты Тувалық бақсылардан кем болмаған!!! Аруақ – дейсіз?! Аруақтар бар!!! Сізді Қанат қайдам, маған қиналған кезде, өзімнің кіндігімді қиып, жөргектен көтеріп алған әжем түсіме енеді, аян береді. Ал, жоқ деп көріңіз!!! арауқтардан шошып, қорқатын ештеңесі жоқ. Араб молдалар жоқ кезде – шамандар болды. Кімдерге – кімдер серік қосып жүр, сонда. Арауқтар туралы нақты білгіңіз келсе YouTube – «регриссивный гипноз – оружие или инструмент» – Рессейдің ГРУ – ойлап тапқан құралды қараңыз. Міне, сонда – аруақтар қайда жүргендігін білесіз. Сенесіз бе, сенбейсіз бе, оны өзіңіз біліңіз!!! Бірақ, Шаманизмге бүйтіп тиіспеңіз!!! Ұят болады. Ұят!!!!

  24. 30 Қаңтар, 2018, 18:18

    Сайран бауырым, мен молда емеспін, десем де дінді жақсы білемін! ИСЛАМ дінінде бақсы-балгерлікпен айналысу – ШАЙТАННЫҢ ІСІ!
    Бақсы-балгерлікпен, Құмалақпен,
    Көріпкелдікпен айналысқан адамдарға ЖЫН-ШАЙТАНДАР жабысады, бақсы-балгерлердің түсіне әруақ болып кіретін – ЖЫН-ШАЙТАНДАР! ШАМАНИЗМ деген дін емес, ертедегі адамдардың ойлап тапқаны, ИСЛАМ діні келмей тұрғанда – барлық адамдар ШАМАНИЗМДІ ұстанып, Күнге, Айға, Отқа, Суға және өлген адамдарды әруақ тұтып табынған! Өлген адамдарда әруақ болмайтынын жоғарыда түсіндіріп айттым! АЛЛАҺҚА СЕРІК ҚОСУ деген не екенін білгің келсе айтайын; АЛЛАҺ ТАҒАЛАДАН басқаға сиыну, АЛЛАҺТАН басқадан жәрдем, қолдау, көмек сұрау – ШИРК – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСУ болып табылады! Мәселен, бата бергенде «Әруақтар қолдасын, Жолдасың Қыдыр болсын, Ғайып Ерен, Қырық Шілтен желеп-жебеп жүрсін!» деп қайыру, әулиелердің мазарына түнеп, әулиелерден тілеу, АЛЛАҺТАН тілегенде әулиелерді ортаға алып ТӘУАССУЛ етіп тілеу – ШИРК – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСУ амалдарынан! Күнәлардың ең үлкені – ШИРК – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСУ! АЛЛАҺ ТАҒАЛА кез-келген күнәларды қаласа кешіреді, ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСҚАНДАРДЫ КЕШІРМЕЙДІ!

  25. 30 Қаңтар, 2018, 18:53

    Мен уахабис емеспін, сақал өсірмеймін, уағыз айтушы емеспін! Жазғандарымды ойдан шығарған жоқпын​; Құраннан, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистері бойынша жаздым! Бәрімізді бір АЛЛАҺ ТАҒАЛА қолдасын!!!

  26. 30 Қаңтар, 2018, 20:37

    Қызықты қараңыз!!! Қазақ даласында Шамандықтың қалыптасқандығына аздау айтқанда 2300 – жыл болды, (археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған даңғыра мен Қобыз), Бұл музыка құралдары бақсының құралдары. Ал, сіз «серік қосуға болмайды» – деп қызғыштай қорып отырған Ислам діні тек ғана 14-ғасыр бұрын пайда болды. Тежеулері өте көп дін.»Ширк» – деп отырғаныңыз ислам идеологиясындағы тәртіптер! Жалпы Дін атаулы – идеологиядан тұрады. Енді белгілі, дінді құрушылар идеалисттер ғой. Материалистер емес!!! Әрбір, кез-келген дін «өзін – өзі» осындай шектеулермен қорғайды. Керек десеңіз Ислам дінін ұстанатын саудит арабтар – шариғаттың шарттарын толық орындамайды. тізбектеп жатудың қажеті жоқ. Менің ортодоксальды исламға еш қарсылығым жоқ. Есіңізге Жапонияны түсіріңіз: Синтойзм мен Будизмді бірдей қастерлеп отырған!!!!!

  27. 30 Қаңтар, 2018, 23:58

    Сайран бауырым, сіздің айтқандарыңызды тарихтан оқығанмын, ИСЛАМ діні 14 Ғасыр бұрын пайда болғаны – айдан анық! Қобыз бен даңғыра (барабан) бақсы-балгерлердің жын шақырған кезде (әруақтарға сиынып) пайдаланғаны – тарихтан белгілі!!! ШАМАНИЗМ кезінде бақсылық өнер басым болды, ИСЛАМ діні пайда болғаннан кейін бақсылық өнерге тиым салынғаны​ – тарихтан мәлім!
    Анығын бір АЛЛАҺ біледі​! Жапония Синтоизм мен Буддизмді қалай қастерлеп құрметтесе – біз де ИСЛАМ дінін солай құрметтеуіміз керек!!! Баршамызды бір АЛЛАҺ ТАҒАЛА қолдасын!!!

  28. 13 Ақпан, 2018, 23:02

    Придурки что ли!!!!

    Коротко не можете написать, четко.
    Аруак, маруак. Сауатсыз казак.

    Сонымен тукте тусинбедм, аруак не ози?
    Кадимги адам ишине кирип алатын жынын бир тури.. солай ма?

    Не может в 2 словах написать???

    Автор придурок. Байып корейк, морейк.
    Критин!!! Придурок!!!

    Мыжып, мыжып жазып отырсындар, тутфология.
    Каждый про свое болото пишет,

    • 13 Ақпан, 2018, 23:29

      Әруақ сөзі – арабтың Ар-руах яғни Рух сөзінің көпше түрі – Рухтар деген мағынаны білдіреді, ол Рухтар өлген адамның жаны емес, Рухтар​ – АЛЛАҺ​ ТАҒАЛАНЫҢ ПЕРІШТЛЕРІ, Рух – ЖӘБІРЕЙІЛ ПЕРІШТЕ!!!
      Аруак – Ар-руах это – множественный род слово Дух! Дух это – АНГЕЛЫ АЛЛАХА, Главный АНГЕЛ – ДЖАБРАЙЛ!!!

  29. 25 Ақпан, 2018, 18:47

    Біреулер айтады «ой, мен түсімде үлкен әжемді, атамды, арғы ата-бабаларымды көрдім, олар маған аян берді, менде енді бәрі жақсы болады» дейді! АСТАҒФИРУЛЛАҺ, Бұлай айту – КҮПІРЛІК, ӘРІ ШИРК – АЛЛАҺ ТАҒАЛАҒА СЕРІК ҚОСУ болып табылады! Түске ата-бабалардың әруағы болып кіретін – ЖЫН-ШАЙТАНДАР!!! Көп адамдар соны түсінбейді​! Өйткені, оларда ДІНИ БІЛІМ жоқ, ДІННЕН хабарсыз!!!!

    • 25 Ақпан, 2018, 19:09

      Канат жезқазған. Жын-шайтаннан баска білерің барма. Таза жын шайтан сен өзіңсің. Барі жын шайтан. Уахабис сука біліміңді котіңе тыгып қойшы.

      • 25 Ақпан, 2018, 19:14

        Мені «Уахабис» дегеніңіз үшін және орысшалап боқтағаныңыз үшін АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ алдында жауап бересіз!!!

  30. 24 Наурыз, 2018, 21:51

    менің атым аружан деген өте әдемі, сұлу, сүйкімді қыз ханшайым, нәзік жүрекі, әір ару деген мағынасы сұлу қыз, және жан деген мағынасы өмірдегі әледегі бір құдай бар екен, әір аруақтардардың махаббаты жүрегі мен оның мейрімдегі жан атымнын мағынасы.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.