ҚР Президенті Н. Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменовті қабылдады.

Жақында  Мемлекеттік қызмет істері агенттігін тізгінін қолға ала салысымен  батыл  реформаға кірісіп кеткен Әлихан Байменов ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік қызметті реформалаудың барысы туралы баяндады. Агенттік басшысы халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі күрделі реформалану қарсаңында тұрғанын атап өтті. Олар Мемлекет Басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік органдарда жоғары корпоративтік мәдениетті қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметшілерде халыққа шынайы қызмет көрсетуге тәрбиелеуге бағытталған тапсырмаларына негізделеді. Қазақстан Президенті кадрларды іріктеу процесінде объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды. Лауазымында жоғарылау сіңірген еңбегіне, яғни меритократия қағидаттарына негізделуі керек. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ басшылардың өздерінің бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігін күшейтетін нормативті актілердің жобаларын қарауға енгізуді тапсырды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің қорытындысы бойынша Агенттік төрағасы Әлихан Байменовтың алдына бірқатар міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.