өмір түйткілдері

  Мен Сізді түсінемін  «Үйлену оңай,үй болу қиын». Қандай ғажап сөз. Қандай данышпан едің, байғұс қазақ?! Қалай тауып айтқансың. Кешқұрым жұмыстан шығып, автобус аялдамасында тұрмын. Құлақ қағыс бір кейуананың сөзін естідім. Өз- өзіне сөйлеп, әлденеге шамданып тұр. Дауысы еміс - еміс айқын естіледі. Жесір әйелдің жалғыз ұлы шаңырақ көтеріпті. Тойын дүркіретіп өткізген екен. Қорадағы азнаулы малын сатып, ағайыннан жылу жинап, несие ақша алып, әйтеуір қарызданып-қауғаланып жасапты. Жасамаса жалғыз ұлы. Сөзге қалу оңай ма? Ауылдың әйелдерінің сөзі ащшы ғой, сүйектен өтеді. Келіні – қалалық, ауқатты жанұядан шыққан. Сауық-сайранда ойнап күлген, қаланың небір мейрамхана,түнгі клубтарының табалдырығын тоздырған қалалық қыздың аяғын байласаңда ауылға тұрмайды. Қарт анасын ұлы ауылға қалдырыпта кете алмайды. Той жасалды, қалың мал берілді, қыз қайқайып, төркініне артынып- тарынып кете берді. Шығын шықты. Шаш етектен қарызға малынып, қу тізесін құшақтап жігіт қалды. Не болды? Бір отбасының шаңырағы ортасынан опырылып, ошағы құлап, оты сөнді. Заман не болып барады? Той жасау бір ғанибет. Қазақтың қанында бар қызғаныш, көрсе қызарлық жаман әдет қалмайды-ау?! Арқа-жарқа той жасаған пәленшеден, менің қай жерім кем деп ат шапқылап, ілгері көштен қалмаймыз. Бәсекелестікте алдымызға жан салмаймыз. «Тең теңімен, тезек қабымен» демекші, шынайы махаббат, пәк сезімге байлық пен мансаптың буы араласпаса ғой? Мен кейуана аяймын. Қартайған шағында екі қолын жылы суға салатын келіннің жүзі мынау, мейірімді келінге жолықпады. Өмір мен өлім айқасқан шақтарындағы көрген бейнеттері осындай,маңдайындағы соры бес елі,құса болып жүрген ата-аналар көп -ақ... Сіздердің жағдайларыңызды жақсы түсінемін. Поездағы қара базар  Алматы – Арқалық бағытындағы поездбен жүріп көрдіңіз бе?! Мен ылғи осы бағыт арқылы қатынаймын. Жолаушы ретінде ұзақ жолда демалып бару мүмкін емес. Себебі, алыпсатарлар­дың базарлығы көп. Өз купемде демалып жатырмын. Тәтті ұйқы­да­мын. Кенет біреу түртіп оятты. Көзімді ашсам орта жастағы бір әйел. – Жігіт «көйлек, майка» ал дейді. О, Тоба! Енді ұйықтап жат­қан адамға жарнама жа­сайды екен. Жақсы-ақ, сауда ғой, күн көріс қамы делік. Бі­рақ, бұл қоғамдық көлік емес пе?! Жолаушылардың шыр­қын бұзуға болмайды ғой?! Көктемде жылы жақтан ұшып келе жатқан құстар сияқты тізілген саудагерлер легі ары-бері зуылдауда. Жолаушылар әр түрлі болады емес пе?! Өз басым әтірдің иісінен аллергиям бар, түшкіріп, тынысым тарылып, демала алмай қала­мын. Поезда косметика сата­тындарды көрсем безіп кеткім келеді. Саудаларын қарап, тексергенде купенің ішін небір иіске толып кетеді. Осы бағытта Балқаш, Сарышығанақ станцияларына жақындағанда «балық» , «салқын сыра» деген дауыс естіледі. Бұл кезде тіптен безініп кеткім келеді. Балықтың иісін жақтырмаймын. Осыдан барып ауырып қаламын. Ұзақ жолға шығып, шаршап келе жатқанымызда көретіндеріміз осы сауда, еститіндеріміз айқайлаған ащы да­уысты жарнама. Дұрыс демала алмай қатты қиналамыз-ау. Ұйықтап жатқан адамды ұйқысынан ояту, ойын бұзу ба­рып тұрған көзсіз қиянат емес пе?! Мұн­дай әрекеттерге қашанғы шыдаймыз. «Шөлмек мың күнде емес, бір күнде сынады» дегенді есте ұстаған абзал-ау. Міне, мұның бәрін жасап отырған есік көзіндегі – жолсеріктер! Бұл бағытта жақсы сапар, жайлы демалыс осылай?! Көшпелі базар легінің жолына тосқауыл қойылса екен?! Сауда­герлердің дені көп – қазақтар. Саудагерлер – отыз бен қырық арасындағы ерлер мен әйелдер және де балалар. Айтпақшы, осы саудагер балалар оқи ма?! Біздің жолаушы тасымалдау поезддар вагоны қара базардан айнымайды! Әттең-ай, өзіңнің жеке көлігімнің болса?! Қалталыларға қызмет көрсету орталықтары Инабалы, ибалы қыздар-ай?! Қыз Жібек, Баян, Құртқалардың соңынан ерген сіңлілері- ай?! Әдептілік ауылынан алыстамай, «ар»,»ұят», «намыс» дейтін ұлы ұғымдарды шынайы жүрегімен түсініп, ұятына қылау түсірмеген кешегі күннің қыздары- ай?! О, Тоба! Құлақ естігенді көз көрген соң не дерсіз. Біздің қазақ қыздарының тәрбиесі қандай еді?! Ең өкініштісі, беті ашылған қыздардың жүріс-тұрысы. Өз қолыңды өзің кесесің бе? Бүгін елімізде демографиялық жағдайларды жақсартып, халықтың өсу санын көбейтеміз деп жатқан кезімізде өз тағдырын, өз ұлттының болашағын шешуге бел буып ұмтылған қазақ қыздарынан қандай «ана» шығады? Осы орайда жүйкемізді жонып, жа­нымызды жегідей жеген жайдан еріксіз «аһ» ұрғызып отырғанын жасыра алмаймыз. Күйінішті әңгімеміз қал­талылардың көңілін көтеретін – түнгі көбелектер жайлы. Алып шаһарларда қазір қалталы­ларға арналған қызмет көрсету орта­лықтары бар. Ол орталықта ұзын-сонар кезек жоқ, ешбір құжатта апарып әуре болмайсың. Тек ақшаңды төлесең бол­ғаны. Қызметкерлердің басшылары «жеңгетайлар». Бұл орталықтың қала­ның әр жерінде филиалы бар. Біздің қоғамда халыққа қызмет көрсету орта­лығының филиалынан қарағанда, осы орталық «асығының алшысынан түсіп тұрғаны». Жезөкшелердің бас орта­лығы – темір жол бекеттері. Тәнін сатып, ақша табатын қыздардың саны күннен - күнге көбейіп барады. Вокзал маңынан жолшыбай өтіп барамын. – Жігіт «қыз бар» деп жарнамалап тұрған қазақтың қара домалақ жігіті. – Қандай қыз деймін?! 93,94,95 жылғылар, жүр таңдап көр, түр- түрі бар,– деп қолымнан тартып қоймайды. Сізге қандай қызмет керек дейді? – Менде қазбалап қоймай, қандай түрлері бар деймін. Қызмет көрсетудің мәзірі жай(простойы) 1500-2000 теңге аралығы, классика 3500 теңге, ауыз жа­ласуы, тағыда басқа алуан түрі бар екен. О, Жаратқан! Заман не болып барады?! Қаймағы бұзылмаған,пәк қыздар қайда?! Ал, енді модалап, ба­тыстың менталитетіне еліктей бер. «Мини юбка киген қыздың – балалығы да қысқа» екен ғой?! Он алты мен он тоғыз жас аралығында қыздардың көбі сары майдай сақтаған алтын қазына­сынан ерте айырылған, кез келген жігіттің омырауында қалған салманды ғой. Жаңа шыққан жауқызын - піспей жатып жоқ болды. Ер адамға қызмет көрсеткен аузымен қалай тамақ ішеді десеңші?! Көз алдыңа елестетсең жиіркенішті. Біздің тәртіп сақшылары мен құқық қорғау органдарының қауқары жоқ болып тұр күресуге. «Жеңгетайлар» талтаңдап, қыздарды сатып ақшаға белшесінен батып жүр. Ащынатын жағдай. Көңіл көтергіш «шай құюшы» түнгі көбелектерді қараңғы бөлмеге қамап, шет- шетінен біртіндеп аулайтын кез болды ғой. «Көк жәшіктің» көптеген арнасында «порно»фильмдер көрсе­теді. Қаршадайынан көріп өскен бала, есейгесін қалай порно жұлдыз бол­майды. Әлеумет! Барлық қыздарға күл шашып қорламаймын. Алайда, мені толғандырған біздің қоғамдағы болып жатқан келеңсіз жағдай. Ойланып көріңіз, Сізде ата-анасыз?! Ұл мен қыз­дың тәрбиесі қандай болуы керек... Елдос Тоқтарбаев, Қостанай облысы, Арқалық қаласы