АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ҒЫЛЫМҒА НЕГІЗДЕЛГЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

1382
0
Бөлісу:

Еліміздің солтүстік-шығыс аймағын қамтитын білім мен ғылымның шаңырағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті заманауи талап­тарға сай жұмыс жалғастырып кел жатқан оқу орны. Италияның Болонья қаласында «Универси­тет­тердің Ұлы Хартиясына» (Magna Charta Universitatum) мүшелікке енген, байырғы қаладағы жоғары оқу орындары­ның басын қосқан Шәкәрім университетінің бүгінгі тыныс-тіршілігінің ішінде ауыл шаруа­шы­лығы саласының мамандарын даярлайтын Аграрлық факультетке биыл 60 жыл толғалы отыр. Етене таныс, бұрынғы Семейдің атақты зооветинституты жайлы, жалпы аграрлық сектордың ахуалы, түйткілді қандай мәселелері жайлы көзқарастар легі толып жатыр. Осы және өзге де сұрақтармен әңгіме өзегін тарқату үшін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті­нің ректоры, саяси ғылымдары­ның докторы, профессор
Әмір­беков Шәріпбек Ағабайұлы­мен сұхбаттасқан едік.

– Шәріпбек Ағабайұлы редак­ция­мызға хош келдіңіз, алдында бір сөз­деріңізде айтып қалдыңыз, аграрлық сектордың ғылымға негізделетін мүм­кіндіктері туып, уақыты келіп тұр деп дедіңіз?
Инновациялық үдеріс жаһандық шикізат ресурсы мен инфрақұ­ры­лымды түзету жолында өлшеусіз бағыт беруде. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында атап өткеніндей, жыл сайын әлемдік азық-түлікке деген қажеттілік пен сұраныс артып келеді. Және де Жолдауда нақты Үкіметке тапсырып, жүзеге асырылатын тың бағдарлама әзірлеу міндеті қойылды.
Еліміздің аграрлық секторы инно­вацияларды енгізуге мол экспорттық мүмкіндіктер мен зор әлеуетке ие болып отыр. Бүгінгі таңдағы өнім сапасының артуымен қазақстан­дық­тардың әл-ауқатын жақсартудың басты жолы –бұл ауыл шаруашылығы. Қаланы ауыл асырап жатыр десек те, сол шикізаттың өндірілетін орны –қала. Ғылым мен білімнің орны. Айтпақ ой, аграрлық сектор ғылымға негізделу керек.
Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі өткен жылғы есеп бойынша
30 пайызға жуық өсті. Елімізде жұмыс жасайтын холдингтік компаниялардың ішіндегі «ҚазАгро» агроөнеркәсіптік кешенге 235 млрд. теңге бөліп отыр. Бұл әрине, қуантарлық жәйт, 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Бұған енді нақтылы жұмыс жасайтын мамандарымыз тапшы дегенмен, мамандар бар, бірақ сол маманның ғы­лыми әлеуетін пайдалану керек. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдерде студенттер мен магистранттарды тәжірибе алмасу мақсатында жіберуге зор мүмкіндіктер туындап жатыр.
Шаруашылықты жүргізудің тәсілі білім мен ғылымға негізделетін уақыты келді, заманы туды. Қазір шаруа қожа­лықтарының ғылыми жаңалықтарды енгізуге мүмкіндіктері болмай жатыр. Осы орайда бірден айта кету керек, ауыл шаруашылығын дамытудың аймақтық есептерін ала отырып, кешенді бағдарлама әзірлеу қажет. Семей қаласы маңындағы «Приречное» агрофирмасының тамшылатып суару әдісі әуелден қолданылғанымен, соның сапасын арттыру жолы қойылуда. Азық-түлік мәселесіне оралармыз. Елбасы Жолдауында мал өсіру, оның ішінде қой шаруашылығы, мал азығы мәселесі баса айтылған болатын.
–Ендігі жерде аймақтық ерекшеліктерге, ондағы проблемаларға тоқ­тала кетсек
–Мал азығын егістікте өндіру мә­селесіне жете назар аударылмайды. Ол былай тұрсын, асылтұқымды мал тү­лігін алуда қаржының аздығы қол байлау болып отырған жәйі бар. Мал­дар­дың құнды гендік қорын сақтау және молайту мақсатында асылдандыру ісіне қаржы құю тетіктері ескерілмеуде. Ол есепке алынған жағдайда ұтымды дүние – малдың жасы мен жынысы бойынша топтастыру. Қарап отыр­саңыз, жекелей бөліп алып, баптау, күту, бағу, оған деген жем-шөбі деген қыруар шаруа қаражатқа келіп тірелетінін көзі қарақты ауыл адамы біліп отыр.
– Сонда мамандардың жетіспеушілігі қол байлау болып отыр ма?
– Кезіндегі мал шаруашылығында­ғы білікті мамандар заман ағымымен басқа кәсіптің ығырында жүріп, бү­гінде өз шаруалар дөңгелетіп жатыр. Олар басқа кәсіпті қуғанмен мал өнімі жыл сайын өсіп келе жатыр, қазір Шы­ғыс Қазақстан облысы республикалық бюджеттің дотациясымен отырған облыс қатарына жатады. Пайыздық мөлшері аз болғанымен, толығымен сол дотациядан арылудың жолын облыс әкімшілігі жан-жақты іздеуде.
– Шығыс Қазақстан облысына
500-ге жуық мал және санитарлық дәрігер, 100-ден астам инженер-ме­ханиктер, агрономдар қажет. Ендігі жерде бір мәселе кесе көлденең туын­дап отыр, ол ірілі-ұсақтысы бар шаруа қожалығы немесе аудандық әкімдік қаржы тауып, жолдама беріп, осындай мамандықтар керек деп, ұсыныстарын беріп отырған жоқ. Өзекті болып отыр­ған дүние өзгелерге ой салар деп айтып отырмын. Оның үстіне сол шаруашылықтардағы туберкулез, бруцелез ауруларының өршіп тұрғандығы ешкімді де, әркімді де алаңдатпай қой­майтыны белгілі.
– Тиісті қаражат бөлінген жағдайда ғылым мен өндіріс біте қайнайды дейсіз ғой
– Әрине, республика көлемінде антибиотиктер, антипаразитарлық және дезинфекциялық құралдар мен ветери­нариялық препараттар еш жерде өнді­рілмейді. Аграрлық ғылымның өндіріс­пен байланысының жеткіліксіздігі жағ­дайды ауырлатып отыр. Оның үс­тіне ғылыми негіздеме, талдамалары ауыл шаруашылығы өндірісіне енгі­зудің, оның қолданылу жүйесінің жоқ­тығы қиындық туғызуда.
–Кезінде малды ауылдар тығырық­тан шығып, егінде отырғандар тоқы­рап қалды. Егін шаруашылығына қатысты пікіріңіз?
–«Мал азығы – жан азығы», «малым жанымның садағасы» деп жа­та­мыз. Тарихта белгілі, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылыққа бейімделген кәсіп ежелден қалып­тас­ты. Қол қусырып қарап қалған шекім жоқ деп ойлаймын. Малды шаруашы­лық­тардан бөлек, егін шаруашылығы мәселесі бойынша аймақтардың то­пырақ-климат жағдайының ерекшеліктерін және нарық конъюнктурасын есепке алу қажет. Дәнді-дақылдар түр­лерінен алынатын өнім өндірісін іске қосуын тұрақты және бәсекеге қабі­летті дәрежеге жеткізе алмай отырмыз. Ұсынылған ауыспалы егістіктер сақ­тал­майды. Рентабельділігі жоғары дақылдардың өндіріске енгізілуі жеткіліксіз. Бұл жердің құнарлығына байла­нысты, өкінішке орай жер құнарлы­лығының мониторингі жүргізілмейді.
– Бұл нені білдіреді?
– Бұл минералды тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі ұсыныстардың жоқтығын білдіреді.
– Дәнді-дақылдар демекші, қазіргі егіс тұқымының сапасын арттыру арқылы өнім алу мәселесі қалай тұр?
– Тұқым көбейту шаруашылығын құру кезек күттірмес мәселеге айналса, тұқымдарды қажетті деңгейде дәрілеуге және арамшөп өсімдіктеріне қарсы күрес жүргізуге мүмкіндіктер берер еді. Жерді тыңайту, өсімдіктер карантинін жүргізу бойынша білікті мамандардың жетіспеушілігі маман­дықтарды ашуды сұранып тұрғандай.
– Ендгі жерде Сіздердің оқу орын­да­рыңызда осы аталған түйіткілді қандай шаралар жүзеге асырылуда?
– Барлық оқу орындар өзін-өзі қаржыландыруға көшті емес пе, сон­дықтан шаруалардың барлығы қар­жыға келіп тіреледі. Аграрлық ғылым­ның өндіріспен байланысының жеткіліксіздігі орын алып тұр. Осы олқы­-
лықты жою мақсатында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті тарапынан аграрлық сектордың болашақ білікті мамандарын әзірлеу жолын қолға алып, биік межелерді көздеуде. Атап айтсақ ,тақауда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауда­нындағы «Лада» шаруа қожалығымен шартқа қол қоя отырып, аграрлық факультеттің оқу-тәжірибе базасын ашуды жоспарлап отыр. Агроинно­ва­циялық бағытта студент, магистрант­тардың білімдерін шындап, ұс­таз­дардың біліктіліктерін арттыру жо­лында атқарар істер қыруар. Білікті мамандармен қамтамасыз ету мақ­сатында еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми-техникалық әлеуетін көтеруге айтарлықтай серпілісті істермен көрі­ніп жатыр. Биылғы жылға «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында жиыны 74 мамандыққа басымдық негізде тізімге ілінді. Осылардың ішінде «Агрономия», «Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария», «Ор­ман шаруашылығы ісі», «Топырақ­тану, агрохимия, өсімдікті қорғау» сияқты мамандықтар бойынша студенттерді әзірлеуге толық мүмкіндігіміз жетіп отыр. Министрліктің таратқан мәлі­мет­теріне саралай келсек, соңғы
7 жыл­да шетелде 29 маман білімдерін шындап келіпті. 10-ы оқып жатыр делік, олардың барлығы ауылдың қара қазанының ортасына бірден түсіп кетпейді, түскілері де келмейді.
– Яғни, маманға деген сұраныс артып келеді
– Жыл сайын ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс артып келеді, қазіргі таңда Шәкәрім атындағы университеттің аграрлық факультетінде тәлім алушы студенттер саны жыл сайын артуда, демек, «Болашақ» сти­пендиясына үміттілерін де санының көп болатынын білдіреді. Барлығымыз білетіндей, биылғы жылдан бастап бакалавриатурада әзірлеу тоқтатылды, магистратура, докторантура, маман­дардың тәжірибелік тағылымдамадан өтуі қаралған болатын. Құжаттарды жинақтаудың егжей-тегжейлі ережелері бекітілді.
– Агроинновациялық бағытты да­мыту керек деп жатамыз, ғылыми тұр­ғыда тың жобалар әзірленіп жа­тыр ма?
– Университет қабырғасында аг­роин­но­вациялық лабораторияның (агротехнологиялық парктың) жобасы әзірленіп жатыр, онда жан-жануар­лардың, құстардың инфекциялық ауруларының лабораториялық және патологоанатомиялық диагностикасын жүргізу, моно және ассоциативті инвазияларын емдеудің инновациялық әдістерін жүргізу, емдік шөптерді пайдалану, Семей ядролық полигоны айма­ғындағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне ветеринарлық-санитарлық баға беру, селекциялық тұрғыдағы генетикалық әлеуетті жетілдіру тағы да басқа толып жатқан ғылыми жобалар он миллиондаған қаражатты талап етіп отыр.
– Әңгімеңізге рахмет!
Асқар ҚҰМАР,
Семей қаласы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу