Мұхтар ШАХАНОВ: ЕНДІ «ХАЛЫҚ ЖАУЫНА» АЙНАЛДЫҚ… Ал кез-келген ұрының екі орден, үш медалі бар…

5907
38
Бөлісу:

                                    

– Мерейтой алдындағы көңіл-күйіңіз қалай?

– Мен осы 70 жылдықты өткізбей-ақ қойсам, адамдардың мазасын алмай-ақ қойсам деген ойға тірелгенмін. Бірақ кейбір дос-жарандарым «Сізге дұрыс ниет танытпаған адам ұлтқа, тілге де дұрыс ниет танытпайды, қайта осы мерейтой арқылы кімнің кім екенін біліп алуға мүмкіндік бар» деген соң, амалсыздан келісім бердім.

– Бұны сұрап отырғаным, өзіңіздің сүйікті ұстазыңыз Ғабит Мүсірепов атамыздың кезінде республика басшысына кіріп, «КСРО Жазушылар Одағының 40-жылдық мерейтойы қарсаңында одақтас республикалардың бәрінде бір жазушыны Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынып жатыр. Үндемей отырған біз ғана. Алтын Жұлдыз жазушыларға керек емес, ол қазақ халқына керек» деген сөзі есімде қалыпты. Шахановтың тойы шындап келгенде, Шахановқа емес, дұрыс түсінген адамға қазақ халқына керекті той. Демек, достарыңыздың айтқаны өте дұрыс…

– Кейбіреулер 50-60-70 жылдығын өткізгенде, биліктен марапат күтеді. Күтпейтін жалғыз мен ғана. Менің ертеден қалыптасқан өз ұстанымым бар – Отан-Анамызға жасаған қызметіміз, еңбегіміз үшін одан құрмет, мадақ күтпеген абзал. Себебі біз оның алдындағы парызымызды да, борышымызды өтеп жүрміз ғой. Дегенмен, Отан да өз дарланған ұлдарын мадақтауы шарт. Оны ешкім де жоққа шығармайды. Бірақ, ол өте әділетті болуы керек. Ал, қазіргі кезде кез келген түрмеде шіруі тиіс ұрының екі орден, үш медалі бар. Солардың қатарында жүргім келмейді. Міне, менің ұстанымым. Ұстанымыма байланысты күні бүгінге дейін Қазақстаннан алған Құрмет қағазым да жоқ.

– Алғыңыз келмесе де, биліктің Сізге бүйрегі бұрған кездері болды ғой. Солай емес пе?

– Иә, маған Халық Қаһарманы атағын бермекші болды. Бірақ мен жүйелі түрде бас тарттым. Өз ұстанымыма өзім қарсы шыға алмаймын ғой.

– Қазіргі Жазушылар Одағы туралы пікіріңіз?

–  Бұрын Одақ және Одақ мүшелері ұлттық, тілдік мүдделерге араласып тұратын. Нұрлан Оразалин бастық болғалы бері «Жазушылар Одағы  саясатпен айналыспайды» деп,  елдік, ұлттық мүддеден жылан көргендей үркетін болды. Ең әрісі «Қазақ әдебиеті» газеті де тек өздерінің жақтас адамдарын ғана насихаттайтын оңай жол тауып алды. Біздің жасап жатқан жұмысымыз былай тұрсын, атымызды атаудан именеді. Өзің білесің, жыл сайын «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткізіп жүрміз ғой. Сол акцияға алдыңғы жылы 10 шақты жазушы ғана қатысты. Артынша екі-үш күннен кейін Жазушылар Одағының 70-жылдық мерейтойы болды. Сонда 1000-ға жуық жазушылар, ақындар, ғалымдар шырт түкіріп, шірене бой көрсетті. Ал, біз шақырсақ әкеміздің шаруасына қол ұшын беруге үндегендей бәрі дерлік сырт айналады. Мұны қалай түсінеміз? Ұлт, тіл мүддесі мұзға отырса, сол ақын-жазушыларыңыздың ертең кімге керегі бар? Егер мен 1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде орыс тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алып кеткен тұста, сол қаламгерлер сияқты үнсіз отыра бергенімде, яғни, қазақ тілінің жеке-дара мемлекеттік тіл атануына билікке ашық түрде қарсы шықпағанымда, бүгінгі таңда қазақ халқының 80-85 пайызы орыс боп кеткен болар еді. Ал 1994 жылы және 2009 жылы «Қазақстандық ұлтты» тоқтатпағанымызда, бүгінгі таңда қандай күй кешер едіңіздер? Қазіргі кезеңдегі 1000-ға тарта ақын-жазушының 40-50-і бізбен бірге жүрсе, билік ұлттық, тілдік мүддеге басқаша көзбен қарауы әбден мүмкін еді. Міне, сондықтан, жеке мүддесін ғана алға тартып, елдік, ұлттық мүддеге теріс қараған қаламдастарыма ой салу мақсатында жазылған «Ақындықтың міндеті мен азабы немесе ХХІ ғасырдағы ақындық, азаматтық ұстанымым» деген өлеңімді назарларыңызға ұсынайын:

«Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бір түрі.
Тек сол үшін оны ардақтау, жөнсіздеу һәм күлкілі.
Дәуірі мен билігіне саналғанмен алымды,
Ұлтын сатқан ақындар бар, бірақ жыры дарынды…
Ерлігі жоқ, елдігі жоқ, аузы ғана белсенер,
Сөзден ісі алшақ жатса, оған қалай ел сенер?
Неге бүгін ұлт мүддесі науқас жандай теңселер?..
Мұндай шақта ақындық күш тек шындықпен өлшенер.

Нағыз ақын әр кезеңде өзін қағып үлестен,
Ұлттық рухи мүдде шыңы – шындық үшін күрескен.
Шындық кәусар ақындыққа болу керек асыл ән,
Шындықты айтып ер Махамбет айырылған басынан.
«Ақындар аз сын сағатта сөзден ісі зорайған»,
Десектағы «Абай қашан жол іздепті оңайдан?»
Ел, ұлт жайлы сырларымен,
Жыры биік тұрғанымен,
Ісі үшін мен Махамбетті биік қоям Абайдан!
Бұл адамдық ұстанымым қалыптасқан талайдан.

Кім таныса Махамбетті шындығынан танысын.
Халқын мұңға қалдырғанмен,
Сатқынға бас алдырғанмен,
Еңкейтпестен сақтай білді ол ұлтының өр намысын.
Жұрт сондықтан пір тұтады Махамбеттей арысын!..
……………&h ellip;…………&hel lip;…….
Күрес әлі жүріп жатыр шындық үшін, ар үшін…

Шындығы жоқ пенделерді басар уақыт көшкіні.
Даңққа мойын созғанымен,
Том-том өлең жазғанымен,
Шындығы өлген ақындардың ақын емес ешбірі!
Шындығы өлген мінезсіздік болмақ кімнің мақтаны?
Қазір барлық салаларды мінезсіздер қаптады.
Басшыларға жағымпаздық бұл кезеңде дара күш,
Содан ақынсымақтардың көбі «туфли жалағыш».

Шыншыл ақын болу деген – азаптың ең азабы,
Сол азапқа төзе білу – ғажаптың ең ғажабы.

Соңғы он жылда өз тілімде, ой-санамда жаңғырар,
Бір жақсы өлең оқымаппын өзімді таң қалдырар.
Қаншама жыр жаңалықсыз, түйсігі жоқ, алды бар,
Сөз тіркесі негізінде тек ұйқасы сән құрар.
Ақындық күш – айтылмаған ой-сезімдер жиыны,
Ол биіктен бой көрсету – қиынның ең қиыны!

Басты мақсат – өз халқыңның сан ғасырлық ағысын,
Жеңісі мен жеңілісін, тілін, рухын, намысын,
Жүрегіңнің санасынан, елегінен өткізу,
Және оның қасіретін,
Ұлтқа, тілге бас иетін,
Қалың елге жырмен, іспен, мінезіңмен жеткізу.
Жеткізе алмай дірілдесең… ол – шошыну, тосылу,
Үркектердің, қорқақтардың қатарына қосылу.
Ондайлардың маңдайына мәңгілікке сор қатқан,
Ешқашанда шыншыл ақын шыққан емес қорқақтан!

Ал біз болсақ тілді қорғап, рухты қолдап отандық,
Тілден қашқан құлықсызға,
Космополит ұлтсызға,
Елден ерек «әсіре ұлтшыл», «халық жауы» атандық.

Ақынға егер рухына сай күрескерлік қонбаса,
Одан үлкен өріс күту, жеңіс күту далбаса!»

– Некрасовтың сөзі бар еді: «Поэт – больше, чем поэт!» деген. Ол – орыстарда. Ал, ақыны, жырауы ең ардақты, ең қадірлі, ең абыройлы адамы болған, ел аузына да қараған, алақанына да салған қазақта ақынның орны тіпті ерекше еді ғой. Сол ақындар қайда бүгін, неге олар майдаланып кеткен?

– Бұның барлығы заманға орай. Көпшілігі ТЖ-лықты, яғни, «туфли жалауды» жақсы жолға қойып алды. Мен өзім ежелгі қалпымда келе жатырмын. Совет үкіметі кезіндегі ақындарды алып қараңызшы, барлығы Коммунистік партияға, Ленинге, Маркске, Энгельске арнап өлең жазған. Басқаны былай қойғанда Мұқағали Мақатаевтың өзінің осы тақырыптарға арнаған жырлары, дастандары бір том болады. Мен оларға мүлде бұрылған емеспін.

– Неге?

 Ол кезде де менің ұстанымым осындай болды.

– Ал енді, осы қалпыңызбен, әділетсіздікпен күресемін деп жүріп, Абай атаңыз секілді жалғыз қалған жоқсыз па?

– Әрине, ол жағы да бар. Колбиннің кезінде де солай болды. Тіпті, Колбин Арал проблемасын, кейіннен Желтоқсан оқиғасын да «Шахановский вопрос» деп атады. Келе-келе мемлекеттік тіл мүддесі де осыған жақындады. Қайтеміз, Құдай бізге осындай тағдыр жазған шығар. Енді «ХЖ»-ға, «Халық жауына» айналдық.

– Соңғы жылдары Сізде шаршау бары байқалады. Меніңше, ешкім неге шаршадыңыз деп Сізді кінәлауға да  тиісті емес…

– Соңғы кезде денсаулығым сыр беріп жүр. Кейде, түн ішінде ауа жетпей тұншығып, шошып оянып кетемін…

– «Жалын» журналына мемлекет тарапынан қаржы бөлінбегеніне жарты жыл болыпты. Бұл не, биліктің сізге жасап жатқан қысымы ма?

– Солай деуге әбден болады. Алты ай болды, өзім де, қызметкерлерім де айлық алмадық. Егер біздің айлықпен ғана күн көретінімізді ескерер болсақ, ұжым үшін бұл үлкен ауыртпалық. Баспаханаға кепілхат жазып, «билік ақша босатқан кезде төлерміз» деп журналдың төрт санын шығардық. Қазір олар сол қаржыны төлемедіңдер деп, бізді сотқа бергелі жатыр.

– Қазақстандағы көптеген журналдар, газеттер, баспалар жекешелендірілген. Сіз неге «Жалын» журналын жекешелендіріп алмайсыз?

– Бұл идеяны маған осы мәселе төңірегінде тәжірибе жинақтаған адамдар да берген. Биыл бес жыл болды билік дес берер емес. Бүгінгі таңда кез келген адам журнал, газет иелене алады. Бар пәле журнал орналасқан төрт-бес бөлмеде болып тұр. Егер сол төрт-бес бөлмені жекешелендірсем, біреулер мені үлкен бай боп кетер деп қауіптене ме, осы жағына ақылым жетпеді. Әйтеуір мәдениет, ақпарат министрлігіндегілер кедергі жасаумен келеді. Көптеген қоғамдық ұйымдардың және олардың елдік, ұлттық мүдделері осы менің қасымда, «Жалын» журналы иеленген бөлмелерде бой көтермеді ме? Бәлкім, билік осы жағынан бізге кедергі жасағысы келген шығар. Елге, ұлтқа бір тиын пайдасы тимегендер халқымыздың байлығының пәленбай пайызын иеленіп отырған жоқ па? Ойланатын, күресетін мәселелер алда сияқты…

– Жұрттың ғаламтордағы өзіңіз туралы айтылған ғайбат сөздерге, өсектерге қалай шыдайсыз?

– Қазір ғаламторда мен жөнінде 100 мыңнан астам мақалалар, пікірлер бар көрінеді. Президенттен кейін ең көп пікір айталатын адам мен екенмін. Қайбір жылы Германияның 12 қаласында «Өркениеттің адасуы» атты романыма байланысты кездесулер, оқушылар конференциясы өткенде, менің шығармамды неміс тіліне аударған Фридрих Хицер неміс жерінде менің шығармашылығым туралы төрт жүзден астам мақалалар жарық көргенін айтып еді. Егер осыған ұқсас жағдайлар Жапонияда, Пәкістанда, Францияда, Қырғызстанда, т.б. елдерде болғанын ескерсек ше? Бірақ бүгінгі таңда ғаламтор бәрін басып озды ғой…

– Жақында ғана «Аңыз адам» журналы өзінің бір санын түгелдей сізге арнапты. Әдетте «Аңыз адам» Әбу-Насыр әл-Фараби, Абай, Махамбет, Жамбыл, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаев, Шәмші Қалдаяқов, т.б. секілді өмірден озған адамдарға берілсе, әзірге көзі тірі адамдардан Елбасы екеуіңіз ғана орын алыпсыздар. Көп тұлғалардың сіз туралы айтқан пікірлеріне тәнті болдық. Бірақ Хасен Қожа-Ахмет қана «Шаханов Желтоқсан оқиғасына еш қатысы жоқ адам» деп пікір айтыпты. Бұған қалай қарайсыз?

– Пендешілік не дегізбейді? Айта берсін! Желтоқсан оқиғасын тексеретін комиссия құрып, оның жұмысын жүргізіп жатқанымда осы Хасен Қожа-Ахмет маған келе қалды. Нақ сол сәтте хатшы қыз маған бір хат әкеліп берді. Онда Желтоқсан көтерілісі кезінде қауіпсіздік комитетіндегілер бір мәшинеге толтыра арақ тиеп, алаңға жиналған жастарға әкеліп таратқан екен. Хатты сол мәшиненің жүргізушісі, «Еңбекшіқазақ» ауданының тұрғыны жазыпты. Хасен хатты оқи сала, осыны өзі тексергісі келетінін айтып, менің рұхсатыммен хатты қалтасына салып алды. Ақырында сол хатты ұшты-күйлі жоқ етті. Кейіннен маған бір топ желтоқсаншылар арнайы хат жазып, Хасен Қожа-Ахметтің «үшеудегі» туысқандарға қызмет ететінін, себебі қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған демалыс үйінде тынығатынын әйгілеген болатын. Оның бұдан өзге де күдікті жақтарын, тіпті бір кезгі қауіпсіздік комитеті төрағасының ол туралы пікірін «Азаттық» радиосы арқылы жұртқа жайып салғанымда, маған бітіспес жауға айналды… Қайтеміз, аман болсын!

Рахмет, аға! Жамбыл атаңыз сияқты қажырлы-қайратты күйде 100-ге жете беріңіз! 

Сұхбаттасқан Өмірзақ АҚЖІГІТ

*Толық мәтінді  www.gu-gu.kz сайтынан оқи аласыздар.

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 38 пікір жазылған

  1. Мақсұт Оразай деген қазақ 25 Маусым, 2012 22:28 Жауап

    “Желтоқсан эпопеясын” Нобель сыйлығына ұсынайық
    Өткен ғасырда аз да болса замандас болған, сөзіне халық құлақ асқан ағаларымыз Қаныш Сәтбаев, Мұқтар Әуезов, Жұмабай Шаяхметов, Дінмұхаммед Қонаев, Ғабит Мүсіреповтар еді.
    Қазір ел сөздеріне құлақ салатындар – Олжас Сүлейменов, Нұрсұлтан Назарбаев …
    Өз басым осы тізімге Мұхтар Шахановты қосамын.
    Оның “Желтоқсан эпопеясын” оқып шығып, осы кітапты Нобель сыйлығына ұсыну
    керектігіне көзім жетті. Бірақ ол комитет жеке адамдның ұсынысын қабылдамайды.
    Сондықтан осы идеяны қолдағандар бас қосып, амалын іздейік.
    Менің телефоным: 2-55-77-16.

  2. Асқар Жұмаділдаев 25 Маусым, 2012 22:29 Жауап

    Өкіметке ұсыныс
    Мұхтар Шаханов жайында бір пікір
    Мұхтар Шаханов қазақтың бір туар азаматы. Қоғам қайраткері. Мықты ақын. Азаматтық көзқарасы айқын екі жазушы болса соның бірі. Ағамыз жетпіс жасқа келіп отыр екен. Осы жетпіс жылдығына лайықты марапатын беру –қазақ өкіметінің міндеті.
    Мен Мұхтар ағамыздың жырларына сусындап өстім. Қазақтың ең күшті ақындарының бірі екенін мойындайтын тек қана мен емес. Бірақ бұл деген сөз бұл кісінің саяси көзқарасын қолдайды деген де сөз емес. Өзі жек көретін компьютерді ашып, интернетке кіріп, ең көп пікір туғызатын қазақ кім деп іздеу салсаңыз, Мұхтар ағамыз алдыңыздан шығады. Мұхтар ағамыздың ел алдында, ұлт алдында сіңірген еңбегі аз деп ешкім айта алмайды. Мұхтар ағамыздың қазақ қоғамында өз орнын айшықтап алған азамат екенін халық баяғыдан біледі. Осы фактыны мемлекет те ресми мойындаса артық болмас еді.
    Мұхтар ағамыз қазақ мемлекетінің кез келген марапатына лайық азамат. Бірақ бұл жерде әңгіменің екінші ұшы қылтияды. Ол сіздің берген силығыңызды қабылдай ма, жоқ, қабылдамайды ма. Меніңше бұл сұраққа өкімет басын ауыртуы тиіс емес. Силықты қабылдау, қабылдамау марапатталып отырған адамның өз шаруасы. Мемлекеттің шаруасы емес. Мемлекеттің шаруасы сөзімен және ісімен жұртты аузына қаратып отырған азаматқа лайықта бағасын беру. Мемлекеттік марапат адамның саяси көзқарасы бір жақта болғаны үшін ғана берілмейді. Егер мемлекет басқа көзқарастағы адамды марапаттап жатса, одан сол адамның мәртебесі ғана емес, ең алдымен мемлекеттің мәртебесі өсер еді.
    Менің пікірімше Мұхтар Шахановқа кім көрінген алып жатқан құрмет грамотасынан бастап мемлекеттік силыққа дейінгі кез келген силықты беруге болады. Егер Мұхтар ағамыздың лайықты бағасын өкімет бермей жатса, мен өзімді ыңғайсыз сезінер едім. Өкімет қалай сезінер еді, ол жағын білмедім.
    Асқар Жұмаділдаев
    профессор

  3. Қанат 2 Шілде, 2012 20:17 Жауап

    Как можно понят, это заявление поэт Мухтар ШАХАНОВ на пленуме ЦК ЛКСМ Казахстана в марте 1987 года, “образовался новый тип молодых людей, которых я называю условно людьми без корней. Мне пришлось беседовать с участниками декабрьских событий. И те, с кем я говорил, обнаружили примитивное знание родного языка, родной литературы, обычаев, истории и культуры. И вот они-то, подстрекаемые карьеристами и властолюбцами, взяли на себя смелость говорить от имени народа!”…

  4. Арыс 5 Шілде, 2012 01:19 Жауап

    Тарихымызды алаяқтарға қорлатқызбаймыз!
    ( 21.06.2012 ж. сағ.11.00. Алматы қаласы Бостандық ауд. соты алдында (Байтұрсынұлы көш. 145) өткізілетін Желтоқсандықтардың баспасөз конференция хабарламасы)
    Қазақ халқының сан ғасырлық тәуелсіздік үшін күрестерінің шешушісі – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазірде ұлт мақтанышына айналды. Көтеріліске қатысып, сүргінге ұшыраған азаматтарға заңмен материалдық жәрдем қарастырылған. Осыны пайдаланған қоғамдағы бұзық пиғылды кейбір жандар өздерін «желтоқсандықпыз» деп жариялап, жалған құжаттар жасап, материалдық пайда табу жолына түскені анықталынып отыр. Қазақ халқының батырлық тарихын, желтоқсандық-тар мен олардың туыстарының кешкен азаптарын тәлкектеушілердің масқара істеріне бұдан әрі төзуге болмайды деп есептеген желтоқсандықтар мұндайларды тыйу үшін қылмыстық іс қозғатуға заң орындарына мына адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрап арыз тапсырды. Олар:
    1. Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы. 4 түрлі жалған құжат жасап, «Қуған-сүргін құрбаны» ретінде «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалін, Алматы қ. әкімдігінен 2 бөлмелі пәтер, Әлеуметтік қорғау департаментінен 25 000 тг., т.б. заттай сыйлықтар алған. ҚР Бас Прокуратурасы (24.02.2012 ж. хаты) Г.Е.Жуніске ешқандайда құжат бермегенін айтып отыр. Г.Е.Жүністі ҚК 325-бабымен қылмыс-тық жауапқа тартуға Алматы қ. Медеу ауд. прокуратурасына 13.04.2012 ж. арыз тапсырылды.
    2. Босманова Үміт. 1986 ж. 18 желтоқсан күні Бас киім фабрикасында істейтін бес қыз алаңда ұсталып, цех жиналысы кепілдікке алмақ болғанда: «Мұндай бұзақыларды соттату керек!» – деп, істерді сотқа тапсыруға ықпал жасаған. Сөйтіп бес қыз 2-3 жыл мерзімдерге сотталған. Бұған қоса ол тергеушілер тапсырысымен осы қыздарға: «Егер мына фотодағы кісіге (Хасен Қожа-Ахметке) жала жапсаңдар, сотталмайсыңдар» деп, сатқындық жасауға үгіттеген. Ү.Босманова еш моральдық құқығы болмаса да, «Желтоқсан жалауы» деген ұйымды тіркетіп, «желтоқсандық» ретінде үкіметтен заттай сыйлықтар, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалін, т.б. сыйлықтар алып келеді. Сондықтан оны ҚР ҚК 177 –бабының 1-ші тармағымен жауапқа тарту сұралған арыз Алмалы ауд. сотына 30.04.2012 ж. тапсырылды.
    3. Әлжанов Төлеген. 1986 жылы милиция капитаны болған ол 17-18 желтоқсанда Алматы алаңына взвод басқарып барып, халықты сабағаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 1990 ж. «Желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясына» қатысу арқылы өзін «желтоқсаншы» деп жариялап, «Желтоқсан жаңғырығы» деген ұйым тіркетті. Содан бері БАҚ арқылы, оқу орындарына барып жастарға «патриоттық тәрбие беру» әңгімелерін айтып жүр. Астанаға шақыртылып, «ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталды. Сондықтан арызда Бостандық ауд. сотынан – Желтоқсан көтерілісі атынан ұйым құруға, сөйлуге моральдық құқығы жоқ Т.Әлжановтың ұйымын жаптыру және медалді қайтарту; осы істері үшін ҚР ҚК 177 бабымен жауапқа тарту сұралды.
    4. Шаханов Мұхтар. 1986 жылдың Желтоқсан көтерілісі күндері Қазақстанда болмай, Мәскеуде ақындық кешін өткізіп жүргенде (20 желтоқсанда) студент Ербол Байжарқынов Алматыдағы қан-жоса қырғын туралы Шахановтың кешіне келген қазақ диаспорасына, шетелдіктерге хабарламақ болған. Бірақ М.Шаханов микрофон бермей: «Кешімді бұзады!» – деп, оны КГБ қызметкерлеріне ұстаттырып жіберген («Қазақ әдебиеті», 27.01.2006);
    Желтоқсандықтар түрмеде тергеуде жатқан 1987 жылғы наурызда М.Шаханов, комсомолдық жастан асып кете тұра (45 жаста), Алматыда ҚазССР Комсомолының пленумына барып: «Желтоқсанда алаңға мәңгүрттер шыққан, олардың қазақ халқының атынан сөйлеуге еш құқығы жоқ» деп, көтерілісшілерді «творчестволық интеллигенция қолдамайтынын» үкіметке білдіріп, оларды жасқанбай қатал жазалауға «батасын берген» («Время» газ., 16.12.2010).
    Үш жылдан соң, түрмеде тек 8 желтоқсандық қалған кезде, ол 180/о өзгеріп, «желтоқсандық-тарды қорғаушы» бола қалған. Бірақ оларды «КГБ-нің агенттері болған» деп жалалап, ал өзін жарнамалап, көтерілісті шапан кию, ас жеудің «Шаханов-шоуына» айналдырып, «зерттеп, шешіп» келеді. Биыл да ол (өзінің 70 жылдығына орай) Желтоқсан көтерілісін бизнеске айналдырып, компакт-диск, кітап шығарып, оқу орындары басшылары арқылы оқушыларға зорлап сатқыздырғаны жайында ата-аналардан шағымдар түсуде…Осындай қылықтары үшін сотқа М.Шахановты ҚР ҚКодексінің 129-бабы (жала жабу-клевета), 130-бабы 1-тарм. (желтоқсандықтарға БАҚ арқылы тіл тигізу, қорлау);177-бабы (алаяқтық) арқылы қылмыстық іс қозғауға арыз берілді…
    Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар.

  5. Азат 5 Шілде, 2012 01:29 Жауап

    Япырай, өтірік айтудан еш шаршамайтын жан екен! Керсінше, Қырғызға желтоқсандықтардың бір тобын шақырып,көже беріп, өзін «Халық қаһарманы» атағына бірнеше рет ұсындырған еді.Куәлар тірі ғой.Байқап өтірік айтсайшы, Мұқа! Осы үшін Ұлттық кітапханада арнайы жиын да ұйымдастырған. «Шахановтан бұрын Ербол Сыпатаевты ұсынайық та!» деген пікір айтқан бір ақсақал жазушымен сәлемдеспей жүген де Шаханов емес пе?! М.Шахановтың «атағы, беделі» нақты іс тындырумен емес,дақпыртпен жиналғанын түсінбеген қоғамның болашағы бұлыңғыр.

  6. Алмас 6 Шілде, 2012 14:00 Жауап

    Былтырғы «138-дің хаты» деп ұйымдастырғандары қазақтың тілін қорғау емес, орсыстарды сайлау қарсаңында үркітіп: «Мына ұлтшылдар билікке келсе орыстарға қиын болады, Назарбаевымыз аман болсын!» дегізіп, президентті одан әрі орсытарды, орыстілділерді қолдаттыру үшін жасалған арнайы тапсырма екенін Хасен Қожа-Ахмет тағы да әшкерелеген. Осыдан соң билік пен М.Шаханов сияқтылар ұрлықтарын ашқан Хасенге қалай өштеспесін! Нәтижесі де Хасен айтқандай болды емес пе– тілімізге Шахановтың шуынан бір мысқал нәтиже жоқ, ал орыстілділер одан сайын Назарбаевты жақтайтын болды.»Тіл қорғаушының» шын мақсатын халыққа айтып қоя ма деп Шахановтың митингіде Хасенге сөз бермей, полиция мен жандайшаптары арқылы қуалаған себебі осы.

  7. Алмас 6 Шілде, 2012 14:00 Жауап

    М.Шахановтың шулатып жүрген «Доктринасында» қазақстандық ұлт туралы бір ауыз да сөз жоқ екен. Х.Қожа-Ахмет оның бұл шулатуын «Қазақстанды Ресеймен кедендік одаққа» кіргізуі мәселесінен халықтың назарын бұру үшін биліктің берген тапсырмасы екенін әшкерелеуінен соң М.Шаханов, Б.Әбілевтердің Хасекеңді атарға оғы болмай жүр.

  8. Ақын 6 Шілде, 2012 14:01 Жауап

    М.Шахановтың сабын көбігіндей боскеуде, жалған батырлығына көпшілік әдейі, біле тұра «алданады». Өйткені «Президентке хат жазудан» аспайтын оның «ерлігі» оның өзі сияқты қорқақ «қайраткерлердің» істің нәтижесі үшін күреспей өз қорқақатықтарын жасыруға өте қолайлы. Шахановтың жақтаушыларының көп болуы – қоғамымызда тек тіл-жағымен күресетін қорқақтардың көптігін байқатады.

  9. Еркін 6 Шілде, 2012 22:46 Жауап

    1987 жылы наурыздағы Комсомол пленумында М.Шаханоа: «Мне пришлось беседовать с участниками декабрьских событий. И те, с кем я говорил, обнаружили примитивное знание родного языка, родной литературы, обычаев, истории и культуры. И вот они-то, подстрекаемые карьеристами и властолюбцами, взяли на себя смелость говорить от имени народа!» – деп мінберден сөз сөйлеген. Бұнысына жауап беру орнына, ол осы құжатты жариялаған Данияр Әшімбаевты “орыс тілді, әкесі анадай, шешесі мынадай” деп жамандап, жұрт назарын басқа жаққа бұрып шатастырмақ болып жүр. Сонда, Д.Әшімбаев “орыстілді болғандықтан” Мұқтар Шаханов желтоқсандықтарды 1987 жылы қаралап сөйлеген бе?! Логика қайда?

  10. Еркін 6 Шілде, 2012 22:47 Жауап

    Ей, Мәскеудегі Мұқтар туралы газеттерге сұқбат берген Ербол емес пе? Неге мұны “Хасеннің жапқан жаласы дейсіңдер міз бақпастан? Осыдан-ақ Мұқтарды жақтаушылардың кім екендерін, пиғылының —– екенін білуге болады . Мықты болсаңдар сұқбат берген Ербол мен оны жариялаған “Рух”, “Қазақ әдебиеті” газеттерін шауып алмай, неше жылдан бері шошқа тағалап жүр ме Шақанов М.?!

  11. Еркін 6 Шілде, 2012 22:47 Жауап

    Мас-с-сқара! Мынау маньяқтар “Мұқтар– қазақ тілінің атасы!” дей ме!? Ау, олай деп, тіпті, ұлы Абайды да ешкім айтпаған еді! Мына зомбилар қызды-қыздымен “Бүкіл қазақты таптырған да Мұқтар!” деуден тайынбайды. Әй, не болды сендерге?! Мынау саудың ісі емес! Сірә КНБ мол бірдеме асатқан, мына “қолдаушыларға”.

  12. Еркін 6 Шілде, 2012 22:50 Жауап

    Хасен Қожа-Ахмет әлгі “Желтоқсанды тексеруші комиссия” құрамына ешқашан енгізілген емес. Ендеше ол қалай Шахановтан “арақ тасыған шопырдың хатын алады!?” Мұны Шаханов неге 25 жылдан бері (алаңға арақ әкелінгенін) жасырып келді? Кәне, Шаханов комиссия құрамында Х.Қожа-Ахметтің аты-жөні бар, қол қойған бір құжатын көрсетсін ше? Алдаркөсе Мұқтар Шахановтан тағы да, Желтоқсанның 30-жылдығына орай нендей “сенсациялар” шығарын күтелік.

  13. Еркін 6 Шілде, 2012 23:36 Жауап

    Жаңаөзен мәселесінен халық назарын бұру үшін «Сайлау әділ өтпеді» деген тақырыпта митингі өткізуге тапсырма берді. Әлгілерді де сотқа тартып «Міне, Хасен ғана емес, біз де сотталып жүрміз»- дегізіп халықты екі ойлы қылды. Тапсырма болмаса, сайлаудың әділ өтпейтінін Әбілов, Шахановтар енді ғана біліп пе?! Ал М.Шаханов, Б.Әбілов, Ж.Тұяқбайлар Мәжіліске өткен жағдайда «Жаңаөзен мәселесін неге айтпайсыңдар?» деп халық талап еткенде, олардың жалған оппозиция екендігі ашылып қалар еді.Сондықтан олар халық ішінде «өз ролдерін ойнауды жалғастыра беру үшін» депутаттыққа өз келісімдерімен өткізілмеді.

  14. Еркін 6 Шілде, 2012 23:39 Жауап

    Жаңаөзендегі репрессияны тоқтатуды ең бірінші болып талап етіп 17 желтоқсанда Алматы алаңында сөйлеп, «Нұротан» партиясы штабын қоршауға халықты шеруге бастаған, жеті қолдаушысымен тұтқындалып, сотталып, жалғыз бөлмелі үйі «арестке» қойылған Хасен Қожа-Ахмет емес пе еді? Оған тіл тигізушілерде, әй, иман жоқ-ау! Мынадай тобыр ел бола алмас, сірә!

  15. Әсем 7 Шілде, 2012 10:50 Жауап

    «Шахановты қолдаймыз!» дейтіндердің сөз саптасы, ой-әресі Чеховтың №6 палатасын еске келтіреді екен. Өңшек бұралқы, ел таныр еңбегі жоқ кәкір-шүкір. Мұндай мұндарлардан Мұқтар тек сорлай бермек. Оданша үш жыл бұрынғы уәдесін орындап Хасеннен кешірім сұрап, татулассын. «Ақымақ достарынан , ақылды дұшпан артық» деген ғой.

  16. Думан 7 Шілде, 2012 10:55 Жауап

    Жұрт «Назарбаевқа альтернатива жоқ» деп бекер қайғырып жүр. Бар екен ғой. Мына М.Шахановың алдаркөселік жағынан Назарбаевтан да асып түседі екен. Алданышы бар қазақ – неткен бақытты халықпыз.

  17. Әлім 7 Шілде, 2012 11:22 Жауап

    «Неге 26 жыл күтті?» дейді. Өйткені осыдан үш жыл бұрын сотқа беретінін айтқан Хасенді Ғ.Алдамжаров, Ә.Жанұзақ арқылы Мұхтардың өзі «кешірім сұрайтынын» айтып тоқтатқан болатын. Мұны Құрылтайға жиналған 500 адам да естіді. Ал М.Шахановтың жалған жүрістарін (өзіне өзі хат жазғанын, т.б. Хасен 1992 жылдан бері ғазетке жазып әшкере етіп келеді. Бірақ бұл халыққа ақиқат емес, дақпырт, алданыш керек. «Көрмес – түйені де көрмес» деген ғой.Тобырға ащы ақиқаттан гөрі, осылайша, су соқыр болып жүрген ұнайды. Осылай қауіпсіз. Хасен тобырдың алданыш-наркотигі Шахановты әшкереледі. Бірақ «наркоман, алқаш болма!» дегенді алкаш, наркомандар ұнатар ма? Міне, осындайлар Хасенге тарпа бас салып, Мұхтарды жақтаушылар.

  18. Апаң 7 Шілде, 2012 11:39 Жауап

    Қожа-Ахметтің «үшеудегі» туысқандарға қызмет ететінін, себебі қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған демалыс үйінде тынығатынын әйгілеген болатын.
    —————————–
    Мұхтар-ау! Әр бұрышта қатын-өсек таратқанша, сотты болғызбауға жанталасқанша салғанша, сотқа барып осы “дәлелдеріңді” көрсетпеймісің!

  19. Ерлан 7 Шілде, 2012 22:42 Жауап

    Желтоқсандықтарды М.Шақанов «КГБ агенттері» деп жала жапқаны аздай, енді осы көтерілістің 26-жылына аяқ басқанда оларға үкіметтің жапқан «алкаш, бұзақылар» дегенін қайталуға кірісіпті. «Жас Қазақ үні» газетінде (19.06.2012) «Алаңға арақ тасыған жігіт комиссияға арыз әкелген» депті. Мынаның есі сау емес сияқты!

  20. Ерлан 7 Шілде, 2012 23:24 Жауап

    Желтоқсандықтарға М.Шаханов «КГБ агенттері» деп жала жапқаны аздай, енді осы көтерілістің 26-жылына аяқ басқанда оларға үкіметтің жапқан «алкаш, бұзақылар» дегенін қайталуға кірісіпті. «Жас Қазақ үні» газетінде (19.06.2012) «Алаңға арақ тасыған жігіт комиссияға арыз әкелген» депті. Мынаның есі сау емес сияқты! Мұхтардың сондағы айтпағы: «желтоқсандықтар алаңға әкелінген араққа тойып алып КПСС-тің қаулысына қарсы күресті» дегні ме!? Мынау бүкіл қазақ халқының абыройын төкті-ау!

  21. Әділ 7 Шілде, 2012 23:43 Жауап

    «Үш әріп» басшысы өз агенттерін елге айтып береді дегенді қай заманда, қай атаңнан естіп едің.Мұндай іс үшін өзінің басы кетеді емес пе! Осындай шатпақты құрастырған Мұхтар ақымақ,сенген сендер де ақымақ!

  22. Әзрейіл 8 Шілде, 2012 00:04 Жауап

    Жалған желтоқсандықтар дың бірі Бейсенғазы деген мент те желтоқсан атын жамылып ұйым ашқан еді. 5 шілде күні штабтарында бірімен-бірі төбелесіп, қанға батып, полиция шақыртылыпты. Төбелес орнынан Бейсенбай қашып кетіп, оны полиция іздестіруде. Желтоқсанда қасірет көрген халықтың көз жасы атты деген осы. Мұхтарларыңа да сол жетті сол зауал.

  23. М.Шаханов 8 Шілде, 2012 00:19 Жауап

    Секс – это проблема. Именно из-за секса в мире ежегодно происходит 40 миллионов абортов, полмиллиарда заражений венерическими заболеваниями и 700 тысяч изнасилований. И это только по официальной статистике! Футуролог Н.Базарбаев уверен: скоро секс изменится. «Программа на будущее» расскажет, какими будут секс-машины будущего, убьют ли они проституцию и как дети будут рождаться без секса.

  24. Көреген! 8 Шілде, 2012 20:11 Жауап

    1986 жылы Қазақстанда мүйізі қарағайдай Қадыр Мырзалиев, Хамит Ерғалиевтер тұрғанда ол кездері әлі тоқал мүйізді М.Шахановқа Мәскеуде кеш өткіздіру – оның сол кездері-ақ КГБ агенті болғандығының дәлелі ғой. КГБ (билік) өз агенттеріне осылайша жасанды бедел жасап береді де, қажет кезінде халықтың басын қатыртып өзге бағытқа адастыру, шын халықшыл адамдарға жала жаптыру сияқты істерде пайдаланады. Сондықтан өз агенттері –М.Шахановқа ешқандайда сотты болдырмайды

  25. Әділ 9 Шілде, 2012 17:05 Жауап

    Мұхтар Шаханов бұрыш-бұрышта неше жылдар бойына пыш-пыш өсек таратпай, Хасенге жапқан жаласы рас болса Соттағы істі жаптыртамын деп жанталаспай, сотқа барып өз сөзін неге дәлелдемейді?

  26. Әділ 10 Шілде, 2012 00:15 Жауап

    Хасен Қожа-Ахметке у бер, Мұхтармен ақылдасып,Нағашыбай! «Былтыр митингі кезінде тасадан Хасен тас лақтырып едім, әттең, тимей кетті!» -деп қатты өкініп интернеттен мұңыңды шағып едің. Енді,міне, сәті келді.Тарихта ат қалдырудың жолы осы сендейлер үшін.

  27. Алмас 22 Шілде, 2012 16:32 Жауап

    Жалдамаларын газет, интернет арқылы сайратқанша, М.Шаханов желтоқсандықтарға жапқан «КГБ агенті» деген сандырағын сотқа келсін де «дәлелдеп» берсін. Бірақ сөзі жалған болғандықтан олай етуге М.Шахановтың көті шыдамайды, сотты болғызбауға жанын салады.Беті жоқ қой оның!Бақайшағына шейін күллі болмысы арамдықтан шіріп кеткен жаннан не күтесіңдер?!

  28. Өткеннен 22 Шілде, 2012 19:51 Жауап

    Ұлығымыз Шахановтың балағына қандестер жабысып жүріп талады,ләм мим деген үн жоқ – қазақтың өлгені. ——-
    «Ұлығымыз» – екіжүзді Шаханов, ал «қандестер» – сол наданды ашық сынап, бұлтартпас дәлелдермен саяси алаяқ ретінде әділ әшкерелеген Жасарал Қуанышалин мен Хасен Қожа-Ахмет пе? Оттапсың. Әлде осы жуырда Алматы жазушыларының Жаңаөзен қырғынына қатысты жиналысында НӘНді сынаған әріптестеріне қарсы шығып, билікке жағымпазданған қоян жүрек Шахановты солай қыртылдауға Жасарал мен Хасен зорлап па еді? Бірдеңені айтқан кезде сөзге есеп беріп сөйлеу керек, болмаса жайыңа қарап тымпиып отыру керек.

  29. Алмас 6 Тамыз, 2012 01:10 Жауап

    М.Шахановты насихаттап жаласып жүрген газеттер “Жас қазақ” та, “Жас қазақ үні” де Машкевич-Перуашевтікі. Енді түсін, М.Шахановтың достары кімдер екенін!

  30. Нұртай 6 Тамыз, 2012 01:18 Жауап

    «Қазақты аз қырған», «Қазақ тілі бұл заманға керек емес» дегені үшін Хасен Қ-А сотқа берген Н.Масановтың достары Б.Әбілов, Қосанов, Бапилармен ауыз жаласып жүргенінен-ақ М.Шахановтың қаншалықты «қазақ тілі жанашыры» екенін біле беріңдер!

  31. Анипа 2 Қазан, 2012 23:29 Жауап

    Жалпы М. Шаханов туралы гайбат сойлейтін жандарды оз басым улт жанашырына жаткыза алмаймын, тіпті азамат демес едім.

  32. сако 3 Сәуір, 2013 16:55 Жауап

    Сол кездегі Желтоқсан оқиғасы жайлы зардабымен, қиыншылығын жастарға насихаттау керек .Жетоқсан оқиғасы жайлы киноларды көптеп шығару керек. қазіргі кезде билік басында откан кісілердің желтоқсан оқиғасы болғанда қай жерде болғаны белгісіз. Соның барін түбегейлі зерттеу керек халық білу керек кімнің кім екенін.

  33. Қолқоюсыз 3 Сәуір, 2013 16:57 Жауап

    Сол кездегі Желтоқсан оқиғасы жайлы зардабымен, қиыншылығын жастарға насихаттау керек .Жетоқсан оқиғасы жайлы киноларды көптеп шығару керек. қазіргі кезде билік басында откан кісілердің желтоқсан оқиғасы болғанда қай жерде болғаны белгісіз. Соның барін түбегейлі зерттеу керек халық білу керек кімнің кім екенін.

  34. Қолқоюсыз 4 Шілде, 2014 03:53 Жауап

    Елдің ерлеріне жапқан жалаларымен қоса cөзінің де, өзінің де жаназасы шыққан Ораз ауруханада екен… Серке сайты Оразды сойған комменттерді неге өшіре береди? Органдағылар Ораз Әлімбекті түгел жабылып «қабылдап», содан Оразың орындыққа отыра алмай қалыпты. Оразға таласқан майор мен капитанның төбелескенін лейтенант айтып жүр. Енді үшәріптің жансыз агенті стукач Ораз біраз уахыт жұмыс істей алмайды екен… Ал онсыз да фейсбук пен qazaquni.kz abai.kz сайттарында елдің ерлеріне жапқан жалаларымен қоса cөзінің де, өзінің де жаназасы шыққан Ораз ауруханада екен…

Пікір немесе жауап жазу