Әншісің халық күтіп, ел аңсаған

1462
0
Бөлісу:

Әйгілі әнші, көрнекті сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
Мемлекетті «Гүлдер» ансамблінің директоры
ЖЕҢІС СЕЙДОЛЛАҰЛЫ
50 жасқа толған мерейтойына жыр шашу

Өмірде жақсы нәрселер аз ба,
бәрін де қимаймын, бәрінен бұрын
әнді қимаймын.
И.С. Тургенев.
I.

Дүние дөңбекшіген бұл ғасырда,
Серігің ән емес пе, мұңдасың да.
Ән менен әншіден асқан серік бар ма?
Жаныңды айқара ашып, сырласуға.

Әнімен оятатын таң атқанда,
Әнменен әлдилейтін күн батқанда,
Әнші ғылып сыйлаған Жеңісімді,
Мың алғыс құдіретті Жаратқанға!

Бұл Жеңіс дейді елге «Әнім саған»,
Мен бүгін Қазағымның әнін салам.
Шырқай бер «Досқа тілек», «Арманыңды»,
Әншісің Халық күтіп, Ел аңсаған.

Атағыңды тізбелеп неғылайын,
«Туған жер, құшағынан табылайын» –
Дедің де Қызылордағы жеттің Жеңіс,
Онан бетер жайнатып мамыр айын.

II.

Жігітсің, Жеңіс, маңдайыңа күн сіңген.
Халықпенен бірге күліп, бірге дәйім күрсінген.
Алтын жарың Алмагүлің жаныңда,
Олжас, Жәнел, Ажар сынды перзенттеріңді,
Биіктерге бастап өзің жүрсің сен.

Сейдоллаұлы Жеңіс болып туғасын,
Елің өзі еркелетіп қойғасын.
Кеңес, Шөміш, Дәулет, Ғабит Ибрагим
Достарың,
Елмен бірге елуіңді тойласын!

Жігітсің Сен қыран тектес қанатты,
Алла Тағала берген өзі талантты.
Елуіңді елің сені құрметтеп.
Қарсы алдыңнан бақыт атты таң атты.
Талантымен биіктеткен еңісті,
Елуімен құттықтаймын Жеңісті.
Жүзінде оның дәл солай тойлайық.
Бола берсін еңбегі оның жемісті!

  Өмір – бәйгі, осы анық,
Алдан әркез тосалық.
Саған бақыт тілейді,
Ағаң – Сәбит Досанов.

Алматы шаһары
Мамыр айының 7-жұлдызы,
2012 жыл.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

үш × 5 =