Дариғаға
Жауқазындай сұлулықтан жаралған,
Аққайыңдай сылаңдаған, таралған.
Сарыарқада лағындай киіктің,
Сағымдармен жарысатын даламда.
Сен ақ гүлсің, бұл өмірде дарасың,
Періштенің пейілінен нәр алған.
Сен әсемсің, сен анасың, данасың,
Мейірімін төгетұғын жанардан.
Алтын емес, досың болсын ойыңда,
Көп қатерден аман сақтап қалатын.
Қуаныш пен жігер толсын бойыңда,
Қол жетпестей бақытқа алып баратын.
Он сегіз жыл! Алматының көктемі еді жайнаған,
Ағаң сонда осы өлеңді арнаған,
Ақ тілекпен ән жолдаймын, аппақ таза көңілге,
Гүлдей жайнап, мұңаймағын өмірде.
Ақ тілекпен, ағасы Мейірхан
2012 жыл,
7 мамыр, Астана