Н.Назарбаев: «Қазақстан халықаралық құқықтың бұзылуына тосқауыл болуы керек»

             Қазақстан халықаралық құқықтың бұзылуына тосқауыл болуы тиіс. Бұл туралы Астанада өткен ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Араб көктемі» көрсетіп отырғандай, қоғам батыстық бұқаралық ақпарат құралдары мәдениетінің құндылық бағдарларын қабылдауға дайын емес. «Араб көктемі» үлгісінде біз халықаралық құқықтың тозғандығын көріп отырмыз. Күштілердің құқығы барынша салтанат құрып келеді. Біз халықаралық құқықтың бұзылуына тосқауыл болуымыз керек. Ешқандай да мақсат БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерімен алдап-арбау есебінен қол жеткізілмеуі тиісті», - деді Елбасы. Мемлекет басшысының пайымынша, демократия - бұл таңдау. Оны мемлекеттің, халықтың өзі конституциялық жолмен ешқандай күйзеліссіз әрі төңкеріссіз жасауы керек. «Барлығы үшін демократияның бір моделі болмайды. Халықтар өздерінің болашағын мәдениеттеріне, дәстүрлеріне, саяси жүйелеріне сәйкес айқындауы тиіс. Ешкім де өзгерістерді телімеуі қажет. Төңкеріс болған елдердің біз экономикалық тұрғыда 10-15, тіпті одан да көп жылдарға кейін кеткендіктерін көріп отырмыз», - деді Н.Назарбаев. Санат ӘУЕЛТАЙ