Бақыт СӘРСЕКБАЕВ, Бейжің Олимпиадасының чемпионы, «Ақ жол» партиясының мүшесі: «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫМЕН АРМАНДАРЫҢЫЗҒА ЖЕТІҢІЗДЕР!

1001
0
Бөлісу:


Неге мен «Ақ жол» партия­сының қатарына қосылдым? Өйткені «Ақ жол» – жастар партиясы. Әрбір қазақстандықтың рухани және физикалық дамуы – ең өзекті мәселе. Оның негізі – спорт пен денешынықтыруды дамытуды қолға алуда жатыр. Бұл үшін не істеу керек? Бірінші кезекте осы саладағы менеджмент жүйесін қалыптастыру қажет. Барлық жерде спорт бағдарламаларын көтеру керек. Бұрын болған спорт және көпшілік мәдениетті қолдау принциптерін қайта жандандыру керек.
Салауатты өмір салтын на­сихаттау көпшілік денешы­нық­тырудан басталатыны даусыз. Денешынықтыру – үлкен спортқа апаратын баспалдақ. Қазақстан ұлы спорт державасы болса екен деп армандаймын. Ол үшін халықаралық және отандық тәжірибеге негізделген қолайлы жүйе құру керек. Ауылдардан бастап үнемі спартакиаданың әртүрлі түрлерінен аудандық, облыстық, республикалық жарыстар өткізіп тұру қажет.
Сондай-ақ, барлық ауылдарда, аудан орталықтарында спорт алаңдарын, спорт залдар салу керек, бұл үшін көп қаржы да қажет емес. Біз әлем және олимпиада ойындарының чемпиондарын көптеп дайындауды негізгі мақсат етіп қоюымыз керек. Қазақ емес, біздің мемлекетіміздің атынан қатысқан легионерлер бізге жеңіс алып беріп жатқан кезде мен ұялып кетемін. Сонда қазақтар жеңе алмай ма? Жоқ, жеңе алады! Тек өсіп келе жатқан буынға, спортшыларға қажетті қолдау көрсетіліп отырған жоқ.
Спорт – экстремизм мен терроризмнің алдын алудың, қоғамымыздың өркениеттік сипатта дамуының маңызды құралы. Мен, елімнің нағыз патриоты ретінде, әрбір қазақстандық моральдық және физикалық тұрғыдан мықты және дені сау болуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.
«Ақ жол» партиясымен армандарыңызға жетіңіздер!

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу