Құттықтау!

2

Қазақтың көр­некті ақыны, сазгер, әнші, Жазушылар одақтары халықаралық қауым­дастығының хатшысы Тұрсынай Оразбаеваның жан дегенде жалғыз перзенті Сардараны Мәскеулік жігіт Рүстемге ұзату тойымен құттықтаймын. Мәскеуде өтетін той құтты болсын! Бірін-бірі сүйген екі жас Сардара мен Рүстемге аталық ақ жүрекпен айтар ақ тілегім: Жассыңдар сендер бақыт үшін жаралған, Елдік пен ерлік қан тамырға таралған. Біріңді-бірің аялап өмір сүріңдер, Алла жар боп орындалсын бар арман.

Алдарыңнан ақ күн туа берсін деген аталық ақ тілекпен, Сәбит ДОСАНОВ