Орда бұзар отызың

35 Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, ұлт патриоты, белгілі журналист, «Жас қазақ үні» газетінің нағыз жанкүйері Фазылбек Әбсаттарұлын орда бұзар 30 жасқа толғанымен құттықтаймыз! Туған күнінде тұңғыш ұлды болған әріптесімізге сәбидің бауы берік болсын айтып, Гүлмира келін гүлдей жайнай берсін деп тілейміз! Отыз деген орда бұзар жастасың, Ұлтың үшін ұлы істерді баста шын. «Қазақ деген қандай бақыт!»-деп өзін, Қалғып жүрген жандарға жол ашқасын! Құтты болсын 30 деген белесің! Қазағым деп қанат қағып келесің. Мұстафадай мұзбалақтар шыққан жер, Шығарады тағы да бір өр есім. Алла қолдап, алдыңнан тек көресің!

 

Ақ тілекпен, Жасқазақтықтар

атынан Қазыбек ИСА