Құтты болсын Елуің!

001

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қозымалдақ ауылында дүниеге келген Орынбек Нұрлыбеков «Таукент» қалашығындағы І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінде әскери жетекші болып ұстаздық етеді. Республикалық, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің алғыс хаттары және мақтау қаздарымен марапатталған, жоғарғы санаттағы ұстаз Орынбекке зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте табыс тілейміз. Қасиетті Қаратау баурайында, текті топырақ Теріскейде маңдайынан маржан төгіп, еңбек етіп келе жатқан абзал азаматқа жүзің жарқын күйде Жүзге жете бер деп тілейміз! Басылды ғой, желігің, Құтты болсын Елуің! Көтерілсін әрдайым, Кең даладай көңілің. Неғылайын тізбелеп, Жансың жаны ізгі ерек. Шаңырағың шат болып, Жүзің жарқын Жүзге жет!  

 

Игі ниетпен, жұбайы Қалимаш, ұлдары Нұркен, Еркін