Жүйрік ой – 1-тур

1937
6
Бөлісу:

Қадірлі оқырман қауым!

Ойдың жүйріктігін тежеу, мемлекеттің дамуын тежеумен бірдей екенін анықтаған әлемдік алып күштер халықтардың ойын тежеу арқылы мемлекеттерді бағындыруға көшті. Соның нәтижесінде оқып ойланатын оқырмандар саны азайып, ойды тоқырататын көрермендер көбейіп кетті. Тілден де бәрінен де жүйрік ой екенін ескере отырып, оқырмандарымыздың ойын дамыту мақсатында «Жүйрік ой» айдарын ашып отырмыз. Бұл айдарда оқырмандарға ойға құрастырылған сұрақтар қойылып отырады. Жауабын бірінші тапқан оқырмандар газеттің әр санында марапатталып отырады. Ойлы оқырмандарымыз көбейе берсін деген тілекпен редакция ұжымы.

1. Бірде атақты домбырашы кезекті концертінен шығып есік алдында тұрған табынушыларына қолтаңба (автограф) қоя бастайды. Кезек кішкентайларға келген кезде, домбырашы 2 сағат домбыра тартып, жарты сағат бойы қолтаңба қоямын деп қолым қатты ауырып кетті деп сылтауратып балаларды алдап кетейін деп жатқанда, сонда кішкентай бір қыз «Қолдарыңыздың шаршағанын түсініп тұрмын. Бірақ та менің де қолдарым кем дегенде сіздікіндей ауырып тұр»,- депті.

Сұрақ. Қыз не деп жауап берген.

2. ХІХ ғасырдың соңында Андорра мемлекеті Круппа заводына пушкаға тапсырыс береді. Тапсырысты әкелген соң әскерилер жаттығу мақсатында  пушкадан оқ атып көрмекші болады. Бірақ бірден қарсылық білдіреді.

Сұрақ. Әскери жаттығу кезінде пушкадан неліктен оқ атпады?
3. Римдік моншаларды қазу кезінде б.э. 2 ғасырында Афродизиаз қаласында император Адриан салғызған монша табылады. Мұндағы киім шешінетін орын іспеттес кіре берісте қабырғаға ертедегі хабарландыру жазылыпты. Бір қызығы 2000 жыл өтсе де бұл жазу қазіргіге ұқсас екен.

Сұрақ. Бұл қандай жазу?

4. Атақты футболшы Баджо өмір бойы 9 нөмерде ойнаған. Ал ол Миланның “Интеріне” ауысқанда ол командада 9 нөмермен Роналдо ойнаған. Сондықтан ол 18 нөмерінде ойнауына тура келеді. Бірақ ойнаған нөмеріне адалдық таныту үшін, ол футболкасының көрінісіне кішкене өзгерістер енгізген.

Сұрақ. Қандай өзгеріс.

Жауаптарыңызды fazylbek@yahoo.com адресіне жіберіңіздер.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Дәурен Айманбетов 3 Мамыр, 2011 12:22 Жауап

    2 суракка жауап..
    Андорра, себебі, аумагы отке кішкентай мемлекет!

  2. Дәурен Айманбетов 3 Мамыр, 2011 12:24 Жауап

    3 сурак жауабы: Ерлер жане айелдер деген жазу шыгар.. озі шешінетін орын болса

  3. Нурлыбек Мұхамбетияров 4 Мамыр, 2011 22:41 Жауап

    1-сурак
    биз де манадан бери осы сатти кутип, узак колымызыд котерумен турдык дегени болар

  4. Alash 5 Мамыр, 2011 12:55 Жауап

    1. мүмкін автограф қойдыртудан қолы ауырып кеткен
    2. Андорра
    4. 18 саны арасына + қойған

  5. Moti 2 Маусым, 2011 10:09 Жауап

    1ші сұрақта кішкентай қыздың қолы күйшінің өнеріне алақан соққаннан ауырып тұрған болар

Пікір немесе жауап жазу

үш × үш =