СИМАМБАЕВ СИПАТТАҒАНДАЙ, ДЕПУТАТТАР ДА АДАМ ЕКЕН...

симамбаев

Оны олар Тоқаевты шығарып саларда.. еске түсірді.

Иә, құдайға шүкір, құдайдан былай емес депутаттар да өздерінің адам екендіктерін естеріне түсіре бастады... 15 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы орынбасары-Женева департаменті директоры болып аттанып кетіп барады... «Орнына кім болады екен?» деген сұрақ Елбасы айтқандай, бүкіл елді «гуілдетуде...»

ҚазТАГ тілшісінің осындай сұрағына сенатор Тасбай Симамбаев былай деп жауап беріпті:

- Болжамдар өте көп. Бізде кристальдай таза жігіттер өте көп деп ойлаймын...(Тоқаев секілді - ҚазТАГ). Бірінші Құдай біледі, екінші –Нұрсұлтан Әбішевич біледі. Ертең сағат 3-те... біз бәріміз бірге Қасым-Жомарт Кемеловичті шығарып саламыз. Еркектерше қол алысып, құшақтасып, бір кесе шәй ішеміз. Біз адамбыз ғой...

Сөйтіп, Симамбаевтың сипаттауынша, депутаттар да адам қатарына жатады екен... Тек, өздерінің адам екендіктері араларынан нағыз адам, Сенат төрағасы Тоқаев кетіп бара жатқанда ғана естеріне түскені өкінішті-ақ...

Қ.СЕЙХУНИ