Қате жазулар қадірімізді қашырып тұр

Астана қазақтың абыройы, намысы десек те қазақ тіліне деген құрметсіздігі көзге бақырайып көрініп тұр. Ал басқа тілдерге құрметі ерекше екендігін ол тілдерде қате жазулары жоқтығынан байқауға болады. Бұл қалада тек қазақтың ғана қадірі жоқ секілді. Астанаға әлемнің түкпір түкпірінен қонақтар келіп жатыр, олардың алдында өз тілімізге деген құрметімізді осылай көз аша алмай жүрген қате жазулармен дәлелдемекпіз бе? Әйтеуір бір шеті түсіп қала беретін қазақтың қор болған әріптері-ай! Қаптаған сауда мен қонақ «уйлері» қаланың сиқын бұзып тұрғанын-ай!!! Адамның аты орыстанған соң, заты қалай орыстанбасын?! Сірә, Қ әрпі жан бітіп, сөйлейтін болса, қазаққа деген өкпесі қара қазандай екенін айтатын болар... Мұндағы маңдайшаның арқалаған қатесінің жүгі екі есе ауыр. Біріншіден, грамматикалық тұрғыдан бақытты болатын болса, екіншіден жол бақытты емес, ақ болады емес пе? Мұнда орысша ойлаудың сарқыншағы көзге ұрып ақ тұр. («Счастливый пути» дегенді тікелей аударған түрлері ғой) Н мен Ң әріптерінің арпалысын жерді қойып, көкке көтердік пе енді? Жол нұсқауларды істейтіндер бірінде болмаса, бірінде қате жазуды мақсат еткен болар деген ойға қаласың... Астанада жазуы да, сызуы да келіскен маңдайшаны көргеніңіз бар ма? Сыпайылық та бір сән емес пе? Онымен қоймай, Ң ның құйрығы шорт үзіліпті... Фазылбек Әбсаттарұлы