Оралда алаяқтық жасаған салық қызметкері сотталды

535
0
Бөлісу:

БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) «Орал қалалық салық басқармасы» ММ жеке кәсіпкерлермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы Едігер Сұлтанғалиевке қатысты қозғалған қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.
Департаменттің баспасөз қызметінен Ақлима Бүркітбаеваның хабарлағанындай, 2010 жылғы мамырда жеке кәсіпкер А. жүктілігі бойынша жәрдемақы алу мақсатымен, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» Батыс Қазақстан облыстық филиалына ұсыну үшін 2005-2010 жылдар аралығында өзінің кәсіпкерлік қызметінен алынған табыс туралы анықтама беру жөнінде салық басқармасы басшылығының атына өтініш жазған. Аталған өтініш орындау үшін Е.Сұлтанғалиевке берілген. Салық басқармасының қызметкері Е.Сұлтанғалиев А-ны өзіне шақырып алып, жеке кәсіпкер ешқандай әкімшілік құқық бұзушылық жасамағанын анық біле тұра, анықтаманы бермейтінін хабарлаған. Сондай-ақ А. жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тұру барысында, өтінішінде экономикалық қызметтің салалық кодын көрсетпегенін, осыған байланысты ол патент бойынша тіркелген болып есептелетінін және арнайы салықтық тәртіптің осы түрі бойынша қосымша есеп тапсыруы қажет екенін және де салықтық есепті тапсырғаны үшін әкімшілік санкция салынатыны туралы А-ға ескертіп, сонымен қатар анықтама мен әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселені 25 000 теңгеге шешуге болатынын айтқан. Бұған А. келісімін берген.
Кейіннен Е.Сұлтанғалиевтің іс-әрекетінің заңсыз екенін түсінген А. ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментіне арызданған.
2010 жылғы маусымда Орал қалалық салық басқармасының маманы 13 000 теңге көлемінде ақша қаражатының бір бөлігін алу үстінде ҰҚКД қызметкерлерімен ұсталды.
Аталған факті бойынша Е.Сұлтанғалиевке қатысты ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «г» тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жіберілген болатын.
Орал қалалық соты Е.Сұлтанғалиевті жоғарыда көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

екі × 4 =