ХАЛИФА АЛТАЙҒА КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ

Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласының Алатау ауданы көпшілікті мереке мерейімен құттықтап, тамаша бір бас қосуға куә етті.

Шара соңында Алатау ауданының әкімі Б.С.Мәнізіров тәуелсіздік мерекесіне орай 62 көшеге еліміздің қалыптасуына, дамуына көрнекті үлес қосқан, рухани құндылығымен ұрпаққа өнеге боларлық белгілі тұлғалардың аты берілгендігін хабарлады.

 

Сол топтың бел ортасында халқының бір туар перзенті, тағдыр тауқіметімен Өр Алтайдан Анадолыға дейін босып, Гималай асқан, Отанына рухани байлық әкелген Халифа Алтай есімі де бар.

Осылайша Алла деген ақ жүрегімен тарихи тұлғаға айналған атамыздың есімі шеттен оралған алғашқы қандастарымызға берілген тұңғыш көше аты болып, ұлт тарихына жаңа бет қосты.