ҚЫТАЙДАҒЫ қызық мерекелер

Жыл басы – Көктем мерекесі

Қытайдың дәстүрінде амал мен мереке-мейрамдарға өте көңіл бөледі. Бұл қарбалас еңбек барысындағы демалыс. Демалуды өмірдің ырғағын ұстану деп ұғынады. Қылаяғы бақыт тілегенде де табиғат пен адамның үндесуін тілейді.

8 - қаңтарда қаңтар Көктем мерекесі – қытайлықтардың ең басты мерекесі. Бізше жыл басы наурызбен бірдей. Ал 23-қаңтарда «Кіші жыл» мерекесін өткізіп, дастархан тәңіріне тасаттық береді. Дастархан тәңірі ел қойған құдай, кейбір кітаптарда оның тегі Су, аты Жили, әйелінің тегі Уаң екен делінеді. Бейжіңдегі ел арасында мынадай сөз бар: «Дастархан тәңірінің тегі Жаң, бір шыны суық су, үш тал майшам». Дастархан тәңірі мен Уаң әжейге тасаттық беруде тасаттық бұйымдары мол болса да, қарапайым болса да болады. Ол әр отбасының еркімен және әл-ауқатына қарай әзірленеді. Кейбіреулер тасаттыққа жабысқақ бал, домалақ тәтті (мармелад, мәмпәси) қояды. Бұл ерлі-зайыпты дастарқан тәңірі балдомалақты (мармелад) жегенде ауыздары жабысып қалады да, аспан тәңіріне ел арасындағы өсекті айта алмайтын болады деген мағынаны білдіреді. Суық су, бір тәрелке топан мен бұршақ тәңірге арналады. Одан үш сіріңке жағылып ерлі-зайыпты дастархан тәңірлерін тастай қараңғы асханадан сыртқа шақырады. Сіріңке темір табақта жанып күлге айналған кезде ерлі-зайыпты дастархан тәңірлері маздаған шоқтың үстінен аспанға ұшып шығып аспан құдайына жұмысынан мәлімет бергелі кетеді. Осы салтанатты ырымды ер адам ғана орындайды.

24-қаңтарда үй сыпырады. 25-қаңтар мен 26-қаңтарда ет пісіріп, көктем мерекесінде ошақтағы отқа тиіспеуге дайындық істейді. 27-қаңтарда тауық сояды, балық пісіреді. Арада бірнеше күндік абыр-сабырдан соң ақыры көне жылдың соңғы күніне жетеді. Сол күні салт бойынша түнді ұйықтамай өткізеді. Бұл «жыл күзету», «жылды қарсы алу» делінеді. Ілесе «барлық тәңірлер кетеді» де, тек дастархан тәңірін ғана қонаққа шақырады. Ерлі-зайыпты дастарқан тәңірі көкте жеті күн, жеті түн шарлап, аспан тәңірінің әмірін алып фәни дүниеге келіп, бір үйлі жанның жаңа жылының құт-берекелі болуын, тыныш өтуін тілейді. Көктем мерекесі 15-қаңтарға дейін жалғасады. 15-қаңтарда Юаншяу мерекесі болады. Ол шырақ мерекесі деп те аталады. Сол күні Юаншяу (жабысқақ күріш ішіне қант салынып жасалатын домалақ күлше тағам) жеп, бір үйлі жанның бас қосқанын ырымдайды; айдаһар шырағын жағып, арыстан ойнап, тағы бір жылғы егіншілік жұмысының басталғанын құттықтайды. Түрлі-түсті шырақтар ертеңгі күннің жолын жарқыратып, жаңа жыл түрлі-түсті шырақтар секілді жарық болсын деген тілекке ауысты.

 

Ақынға арналған мереке

Мамырдағы «Қияқ күріш» мерекесі ғана ұлы ақын Чұй Юанды еске түсіру үшін белгіленген. Чұй Юан (шамамен б.з.д 340 жылдан 278 жылдарға дейін) ««Белдескен бектіктер»» дәуіріндегі Чу бектігінің (қазіргі Хуби, Хунан өңірлері) Санлүй Абызы, отаншыл. Чу бектігінің топас бегі оның дұрыс дәріптемесін қабылдамай, керісінше елдің өсегіне сеніп, оған қастандық істегеніне ашынған ол арқасына тас байлап алып, Боло дариясына батып өледі. Қара халық бұл хабарды естіген соң, жапа-тармағай қайықпен оның сүйегін іздейді. Оның етін балық жеп кетпесін деп суға бамбукке салынған күріш тастайды. Чұй Юанның мүрдесі суға кетті. Бірақ оның асыл мінезі мәңгі жасап келеді. Бүкіл ұлт жыл сайын оған (өзенге өзін тастаған күні – ескіше күнтізбе бойынша 5-мамыр) аза білдіреді. Сонымен айдаһар қайық есу, қияқ күріш түю, ермен қадау мәңгілік ғұрыптық әдетке айналған.

 

Ғашықтар мерекесі

7 шілде – аңыздарда аспандағы сиыршы жігіт пен тоқымашы қыздың кездесетін күні. Сол күні үзім сөресінің түбіне тұрып тыңдасаңыз екеуінің күбірі естіледі дегенде аңыз бар. Сондықтан бұл күн қытайдың ғашықтар мерекесі саналады. Бүгінгі таңда батыстың ғашықтар мерекесі қытайға кең таралып отыр. Әр жылы 14-ақпанның қарсаңында роза гүлі мен шоколадтың саудасы қызады. Еліктегіш халықтың бұл да бір қызығы.

әруақтар мерекесі

 15 шілде – аруақтар мерекесі. Бұл күні қайтыс болған үлкендерді еске түсіріп, аруақтарын жанұяның жылылығын қайта көруге шақырады. Жазық өңірлерде сол күні ымырт түсе жұрт есігін айқара ашып далаға шығады да, айқайлап аруақтарды үйге шақырады. Шақырған дауыстар түнгі желмен ұзаққа таралып жатады. Бұл көріністі өз басынан өткізгендер мәңгі ұмытпайды. Сулы өңірлерде өзен мен көлдерге балауыз шырақ қоя береді. Ай туып, жұлдыздар жанған шақта, шырақтар су бетінде жүзіп, туыс-туғандардың сағынышын жыраққа жалғайды. Бұл да адам мен «бақи дүниенің» сүйініш-күйінішін тылсымдандыра түсетін тамаша көрініс.

 

Қарбыз мерекесі

15 тамыз – қарбыз мерекесі. Әсілінде бұл мерекенің келіп шығуы – қытайлардың моңғол билігін аударып тастаған күнінен бастау алады. Яғни Шыңғысханнан Құбылай арқылы жалғасқан моңғол патшаларының билігі Қытайда біраз жыл өмір сүрген еді. Бірақ жергілікті халықты қырмаған жәнеде олардың салт-дәстүрінеде құрмет жасай білген. Әр он, жүз, мың үй дегендей моңғол билеушілері болған. Міне осындай орайды қолдан жібермеген қытайлар бал күлшенің ішіне, балықтың ішіне хат жасырып таратып, жалғыз-ақ күнде әр ауыл өз моңғол билеушілерінң басын алған. Содан бастап «жеңіс күні» ретіндегі дәстүрлі мерекеге айналған.

Бұл күні алысқа кеткен адамдар туған жеріне оралып, үй іштерімен бас қосады. Рәсімді әйелдер басқарады. Басын көтеріп айға қарайды, төмен қарап жанашыр туыстарын сағынады. Асыл арақтан ауыз тиеді. Қолына желпуіш алып, жұйхуа гүлін тамашалайды.

 

Ізгілік