Камералдық бақылау

Камералдық бақылау бұл – салық төлеушімен тапсырылған салық есептіліктерін, басқа да мемлекеттік органдардағы салық төлеушінің қызметі бойынша салық салу нысандары немесе  салық салуға байланысты нысандары жайлы, сонымен қатар салық төлеушінің қызметі туралы басқа да мәліметтер мен құжаттарды салыстыру арқылы салық органдарымен жүргізілетін бақылау.

Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты бұл – салық төлеушіге салық есептілігіндегі камералдық бақылау қорытындысы бойынша табылған қателіктерді өз бетінше жоюға мүмкіндік беру; салықтық есеп нысандарын дұрыс және анық толтыру тәртібіне үйрету арқылы салық төлеушінің салық мәдениетін көтеру.

Камералдық бақылау қорытындысы бойынша заң бұзушылықтар табылған жағдайда, камералдық бақылау қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама рәсімделеді.

Хабарламаны салық төлеуші келіп алуына немесе пошта арқылы және электрондық тәсіл арқылы ала алады.

Запусктер нәтижесі бойынша электрондық цифрлік қолтаңбаға (ЭЦП, криптокілт) келісім жасаған салық төлеушілерге КБ хабарламалары Салық төлеушінің кабинетіне жіберіледі.

Осыған орай, аталған хабарламалар ҚР СК-нің 608 бабына сәйкес жөнелткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін тапсырылған болып есептеледі, осылай 6-шы күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде салық төлеуші аталған хабарламаны орындауы тиіс, яғни қосымша салық есептілігін немесе түсіндірме хат беруі тиіс. (ҚР СК-нің 587 бабы).

Егер хабарламада көрсетілген заң бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық төлеуші салық органына заң бұзушылықтар анықталған кезеңге салық есептілігін тапсырады.

 Ал егер онымен келіспеген жағдайда салық төлеуші салық органына анықталған заң бұзушылықтар бойынша түсіндірме хатты қағаз немесе электрондық тасығыш арқылы тапсырады. Сонымен қоса, салық төлеуші аталған түсіндірме хатқа қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің анықтылығын растайтын құжаттарды беруге құқылы.

Камералдық бақылау қорытын­дысы бойынша анықталған заң бұзушылықтар туралы хабарлама белгіленген уақытта орындалмаған жағдайда салық төлеушінің банктердегі есеп-шоттары бойынша операциялары тоқтатылады.

Салық Кодексінің 43 бабының 7 тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау қорытындысы бойынша құзырлы органмен белгіленген үлгі бойынша салық органы қорытынды жасайды. Осыған байланысты  қорытындының күні камералдық бақылауды аяқтаудың күні болып табылады.

Қорытындысында, біздің қарқынды дамып келе жатқан экономикамыз үшін камералдық бақылауды ҚР Салық Кодексіне сәйкес жүргізу тиімді.

 

Әлия Қаңтарбаева