Мен БТА банкінің жаңа биікке шығатынына сенімдімін

d181d0b0d0b9d0b4d0b5d0bdd0bed0b2

Әнуар СӘЙДЕНОВ, «БТА банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасы:

– Әнуар Ғалимоллаұлы, БТА банкінің қайта құрылымдау үрдісі қандай нәтиже бергендігіне тоқталып өтсеңіз?

– Бүгінде БТА банкі (бұдан кейін – Банк) кредиторлары алдындағы өз қаржылық міндеттемелерін 16.65 млрд. АҚШ доллар сомасына қайта құрылымдау үдерісінің табысты аяқтады. Бұндай шешімді Алматы қалалық Мамандандырылған қаржылық соты (бұдан кейін – Сот) 2010 жылдың 31 тамызында БТА банкінің қаржылық берешегін қайта құрылымдау жоспарында (бұдан кейін – Қайта құрылымдау жоспары) алдын-ала қарастырылған барлық шараның ойдағыдай жүзеге асырылуын айғақтайтын дәлелдер негізінде қабылдаған болатын.

– Банктің борыштық міндет­темелерінің көлемі мен жаңа қарыздар кредиторлар арасын­да қалай бөлінгендігі туралы және БТА-ны қайта құры­лымдаудан қандай қаржылық көрсеткіштермен шыққандығы туралы ой бөліссеңіз?

Кредиторларының алдын­дағы қар­жылық міндеттемелерін қайта құрылым­дауы аясында банк бұрындары шығарылған облигацияларының және өзге де міндеттерінің күшін жойып, кредиторларға ақшалай түрде 945 млн. АҚШ долларын төледі.

Сонымен қатар жаңа борыш­тық бағалы қағаздар мен акцияларды қалпына келтіруге арналған 5.2 млрд. АҚШ долларына облигацияларды қоса алғандағы, 2.3 млрд. АҚШ долларына үлкен облигацияларды, 429 млн. АҚШ долларына дисконтты (OID) арнайы борыштық құралдарын және 773 млн. АҚШ долларына реттегіш облигацияларын және жаңартылмалы несие желісі бойынша, сауданы қаржыландыруға 698 млн.АҚШ доллар сомасына келісім жасады. Сонымен қатар, 44 175 794 956 дана қарапайым акцияларды шығарды. Қайта құрылымдау нәтижесінде Банктің қарыздық берешегінің көлемі 16,65 млрд АҚШ долларынан 4,2 млрд АҚШ долларына дейін қысқарып, кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімі 8 жылдан 20 жылға дейін ұзартылды.

Борыштық құралдардың үлестірілуі – Қайта құрылымдау үрдісінің бас кезінде банктің қайта құрылымдалатын қарызының көлемі 16,65 млрд. АҚШ долларын, сыртқы және ішкі кредиторлар алдындағы міндеттерді қоса есептегенде12,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал, қарызды есептен шығарудың жалпы соммасы 6 751 миллион АҚШ долларын құраған еді. Қайта құрылымдау аясында кредиторларға ұсынылған опциялар – үлкен борыштың (senior debt) үш негізгі пакетіне және кіші борыштың екі пакетіне бөлініп салынған болатын.

– Банктің бүгінгі және болашақтағы өтейтін міндеттеріне тоқтала кетсеңіз?

Қайта құрылымдау жоспары бойынша алдын-ала көзделген барлық рәсімдерді тәмамдау өзгелерді есептемегенде, банктің өзіндік капиталын тиісті деңгейге дейін өткізілген қайта құрылымдаудың (капиталдың ұлғаю себептерін көрсетпеуді ұсынамыз) есебінен қалпына келтіруге алып келді.

2010 жылдың ішінде банк 158 млн. АҚШ доллары көлеміндегі пайыздық сыйақы төлеуі керек, 2011-2012 жылдары жыл сайын 680-682 млн. АҚШ долларын төлейтін болады (RCTFF бойынша негізгі борышты қоса есептегенде). Төлем мөлшері 2013 жылы 374 млн. АҚШ долларын, 2014 жылы – 664 млн. АҚШ долларын құрайды.

– Ағымдағы жылдың қаржылық көрсеткіштері турасында не айтасыз?

– Қайта құрылымдау жоспарында алдын ала көзделген рәсімдеулерді тәмамдау, өзгені есепке алмағанда, банктің өзіндік капиталын қайта құрылымдаудың есебінен 108,8 млрд. теңгеге дейінгі тиісті деңгейге көтеруге, қалпына келтіруге алып келді. Банктің реттегіш өзіндік капиталы – 286,1 млрд. теңгені құрап, банк капиталының жеткілікті нормативтерін сақтауға мүмкіндік береді. 2010 жылдың 31 тамызындағы жағдайына байланысты жеткілікті капиталдың бірінші деңгейінің коэффициентінің және ҚР Халықбанкінің пруденциалдық нормативтеріне есептелген капиталдың баламалығының жалпы көрсеткіші: 5%, 5%, және 10% нормативті мәніне сәйкес – К1-1–11%, К1-2 – 10,7%, К2 – 14,6% құрады.

БТА банкінің ағымдағы жылдың тамыз айындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша, бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарына сәйкес дайындалған аудиттелмеген және шоғырландырылмаған қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес, 2010 жылдың 31 тамызында Банк активтерінің көлемі – 1 952,9 млрд. теңгені ( соның ішінде 665 млрд. теңге – клиенттердің несиесіне), өзіндік капиталының көлемі – 108,8 млрд. теңгені, міндеттемелері – 1 844,1 млрд. теңгені құрады. 2010 жылддың 8 айында банктің таза пайдасы – 1 090,9 млрд. теңгеге жетті.

Алдағы уақыттағы бизнес стратегияларыңыз қандай?

Орта мерзімдегі кезеңдегі жұмыста біз ең алдымен ішкі нарыққа бейімделіп отырмыз және ішкі экономиканы қаржыландырумен айналысатын боламыз. БТА банкі тұрғындарымен де, шағын және орта бизнеспен де және ірі корпоративтік клиенттермен де жұмыс істейтін әмбебап банк болып қала береді. 2014 жылға қарай БТА банктің кредиттік портфелінің 50% - ы корпоративтік бизнестің займдарынан тұрады, ал, 30% - ын ШОБ кредиттері және 20% - ын айырмашылықтар құрайды.

Банкті қорландыру стратегиясы да дәл сол секілді ішкі нарыққа бағытталған және депозиттік қорды жеке және заңды тұлғаларды тарту есебінен белсенді түрде ұлғайтуды көздейді. Біз 2014 жылға қарай депозиттік қордың көлемін 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіруді жоспарлап отырмыз. Жаңа кредиттер беру тек қана бұрын берілген кредиттерді өтеуді және депозиттердің кірісінің есебінен ғана жүргізіледі.

Корпоративтік бизнес жөнін­дегі мақсаттарыңызға тоқталып өтсеңіз?

– Банкті қорландыру стратегиясы да ішкі нарыққа бағытталған жеке және заңды тұлғалардың салымдарын тарту есебінен депозиттік қорды белсенді түрде өсіруді көздейді. Банктің жоспарында 2014 жылға қарай депозиттік қорды 2008 жылмен салыстырғанда екі есе арттыру қарастырылған.

Бизнестің корпоративтік сегмен­тінде банк несиелік портфелдің сапасын жақсарту, әртарапта тәуекелге бел буу, несиелік портфельдің тиімділігін және табыстылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, банк кепілдік қорды қалпына келтіруді және заңсыз түрде шығарылған активтерді мүмкін болғанынша кері қайтарып алуды заңдық және қаржылық кеңесшілерімен бірге жұмыс істей отырып жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

– Шағын және орта бизнес жөніндегі стратегияларыңыз қандай?

Шағын және орта бизнес сегментінде банк «Даму» Қоры жүзеге асырып отырған кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау жұмыстарын жалғастырмақ. Жақын және алыс шетелдердегі корпоративтік бизнес бойынша мақсаттар кепілдік қорды және банктің активтерін толығымен қайта қалпына келтіруден тұрады.

Бөлшек сауда және депозиттік базаның өсуі турасында не айтар едіңіз?

Бөлшектік сегментте банк несиелік портфельді жоспарлы түрде, орташа есеппен жыл сайын 14 пайызға ұлғайтуды көздеп отырмыз. Біздің бөлшек сауда саласындағы ең маңызды міндетіміз – БТА банкінің борыш беретін портфелінің сапасын арттыру болып табылады. Бұл үшін біз нарықтық бағдарламалар жөніндегі кредиттерді тек біз жалақылық жобалар бойынша қызмет көрсетіп отырған мекемелердің қызметкерлеріне ғана, сондай-ақ акредитацияланған қаржылық жағынан қуатты компаниялардың қызметкерлер құрамына беруді көздейміз.

2011 және 2014 жылдар аралы­ғындағы біздің міндетіміз – бөлшектік қарыз беру портфелін жоспарлы түрде жыл сайын орта есеппен 14% - ға арттырып отыру және мен осыған дейін атап өткенімдей, 2014 жылға қарай банктің ортақ қарыз беру портфелінде жеке тұлғаларының кредиттерінің үлесі 20% - ға жетуі тиіс.

Біздің тағы да бір маңызды міндетіміз депозиттік қорды бұрынғы салымшыларымызды кері қайтару есебінен де, сол сияқты жаңа салымшыларды тарту есебінен де өсіру болып табылады. 2014 жылға қарай біз жедел салымдардың 15,7% - ын иеленуді жоспарлап отырмыз.

Ол үшін сіздерге қандай шараларды жүзеге асыру қажет деп ойлайсыз?

– БТА банкі депозиттік қорының өсімі депозиттік нарық өсімінің 20% - ын құрауын қамтамасыз ету және шағын, орта сегменттер есебінен салымдардың 2008 жылғы деңгейде тартылуын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Негізгі назарды біз портфелді әртараптандыруға, ұсақ салымшылардың санын арттыруға, VIP-сегменттің үлесін азайтуға аударғалы отырмыз. Қазақстандық нарық өте шектеулі екендігін ескере отырып, клиенттік қатынастарды жақсы жолға қоюды, және бар клиенттермен сыйластықты арттыру бағдарламасын іске асырудың маңызы арта түседі деп ойлаймын.

– Есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету жағы мен ақша аударымдарына тоқтала кетсеңіз?

Есеп айырысу – кассалық қызметтің өнімдері – валюталық - айырбастау операциялары, төлемдер мен ақша аударымдары, бөлшек сауда мен айналысатын бизнестің барлық инфрақұрылымының өміршеңдігін қуаттайтын негізгі қайнар көздер болып табылады. Бұл бағыттардың әр қайсысы бойынша біз бұрынғы шептерді қалпына келтіруді және нарықтың 15% - нан астамына иелік ететін үш көшбасшының біріне айналуды көздеп отырмыз.

Ақша аударымдары есеп айырысу – кассалық қызмет көрсетудің тиімділігі жоғары қосымша қызметтерінің бірі және ең табысты салаларының бірі болып табылады. Біз ақша аударымдарының Western Union нарығындағы үлесіміздің 30 %-ға дейін жетуіне қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Western Union ынтымақтаса жұмыс істесудің құрамдас бөлігіне клиенттерді тарту және оларға қызмет көрсету үдерісіне қатысушы қызметкерлерді ынталандыру болып табылады.

Оның үстіне БТА жедел ақша аударымдарының Faster түріндегі өзіндік жүйесін дамытып отырған аздаған банктердің бірі. Бұл жүйе арқылы клиенттер ТМД аймағына және жақын шетелдерге жедел ақша аударымдарын аса тартымды тарифтер бойынша жүзеге асыра алады. Бұл тұста Faster-дің географиясын жаңа банктерді, қызмет көрсету орындарын іске қосу және ақша аударымдарының өзге де жүйелері мен интеграцияға түсу арқылы кеңейтуді көздеп отырмыз.

– Төлем карталары туралы не айтасыз?

Бұл бағытты дамыта отырып, біз жаңа клиенттерді олардың жұмыс берушілерімен жалақылық жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеу, сондай-ақ өзара сыйластықтың бағдарламасын дамытуды жоспарлап отырмыз. 2010 жылдың соңына қарай аяғында біздің карталарды белсенді түрде тұтынушылар саны 720 мың адамға жетеді деп болжап отырмыз.

БТА банкі бөлшек сауданың тағы бір аса маңызды бағыты салықтық, коммуналдық, стационарлық және ұялы байланыс, кабельді теледидар, білім және т.с.с төлемдер болып табылады. Қызметтің бұл түрін банктің жеке клиенттерінің барлығы дерлік пайдаланады және олардың таңдаулары ең алдымен арнаның қол жетімділігіне және ұсынылған қызметтердің түрлеріне байланысты.

«Қамқор» әлеуметтік жобасына – арнайы есеп – шот немесе карточка арқылы зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге айырықша көңіл бөлінеді. 2010 жылдың соңына қарай біз бұл нарықтың 15% - дық үлесіне қол жеткіземіз деп отырмыз және бұл үшін зейнетақы жинақтаушылық қорлармен, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен, сондай-ақ жергілікті атқарушы ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуді дамытатын боламыз.

Клиенттерге қызмет көрсетуді жылдамдату үшін және оларды Банктің бөлімшелеріне келу қажеттігінен құтқару мақсатында біз қызмет көрсетудің баламалы арналарын - Cash&Pay төлем терминалдарын, банкоматтарды, қолма-қол және қолма-қол емес төлемдер жасайтын инфо дүңгіршектерді сондай-ақ интернет және SMS-банкингті қарқынды түрде іске қосуды көздеп отырмыз. Осылайша, БТА банкі ақырында өз міндеттемелерін қайта құрылымдауды сәтті аяқтады, Қазақстандық банк жүйесіндегі бұлыңғыр кезеңінің көптен күтілген соңғы нүктесі болып табылады деп айтуға болады, отандық және шетелдік инвесторларға берілген жақсы белгілер санатына жатады.

Осы сәтке жетер жолды БТА банкі 19 айда өтті. Ұзаққа созылған 19 ай бойы кредиторлармен келіссөздер жүргізілді, орасан зор жұмыстар атқарылды, оған біздің және шетелдік ондаған мамандар қатыстырылды. Бүгін біз БТА банкті құтқарып қалу үшін қолданылған күш жігердің барлығы түптің түбінде табысқа жеткізгенін қуанышты көңіл-күймен сезінудеміз. Бірақ біз бұл табысты ғана қанағат тұтып тоқтап қалуды көздемейміз, алда бізді БТА банктің нарықтағы ұстанымдарын қалпына келтіру жөніндегі күрделі де қызықты жұмыстар күтіп тұр. Және мен біздің бұған қол жеткізетіндігімізге ешқандай да күмәнданбаймын. Біздің клиенттерімізге, серіктестерімізге, акционерлерімізге БТА-ның ұжымына және әрине, сіздерге қымбатты журналистер, көрсеткен сенімдеріңіз, қолдауларыңыз үшін, қиындықтарға толы бір жарым жыл бойы бізбен бірге болғандарыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін.

– Қаржы қорларыңыз молайа берсін!

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан

Әбу Жарқынұлы