Машкеевич яхтада еш нәрсе бүлдірмеген бе?

d0bcd0b0d188d0bad0b5d0b2d0b8d187

Өткен аптада Түркияның ақпарат құралдары кезінде Ататүріктің меншігі болған «Саварона» яхтасының бордельге айналғанын, осы мемлекеттің тиісті органдары жүргізген тексеру кезінде онда қазақстандық кәсіпкер Тевфик Арифпен бірге бел­гілі ресейлік бизнесмендер Арби Гайрабеков, Муса Бажаев, қазақстандық Олиджан Ибрагимов, Патох Шодиев, оның ассистенті Александ Церт, сондай-ақ аты әлемге әйгілі Александр Машкеевичтің де жеңіл жүрісті қыздармен бірге отырған жерінен ұсталғаны туралы хабар жариялаған болатын. Евразиялық еврей конгресі (ЕАЕК) бұл хабарды үзілді-кесілді жоққа шығаруда. Конгрестің қоғаммен байланыс департаменті «Машкеевичтің яхта бортында болғаны рас, бірақ бұл хабар түгелдей негізсіз және арандатушы болып табылады, оған ешқандай айып-кінә тағылған жоқ, кәзір ол Еуропада өзінің қызмет сапарын жалғастыруда» деп жазады. Конгресс басшылары А.Машкевич әлем еврейлері серкелерінің бірі болғандықтан Израильге қарсы ұйымдастырылған түріктік кампанияның нысанасына ілігіп отыр деген ойды айтады. Оқырман жұрт кімге сенерін білмей отыр...