Махмұд Ахмадинежад Рим Папасына алғыс білдірді

Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад Рим Папасы XVI Бенедиктке хат жолдап, Құран кітаптарын өртеуге жол бермеуге қатысты понтификтің ұстанымына қолдау білдірді.

Бұл туралы бүгін иран­дық басылымдарға сілтеме жасап «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Өз хатында Ахмадинежад, қақтығыстардың алдын алу үшін бү­гінгідей заманда түрлі дін өкілдерінің арасында тұрақты диалог пен өзара қарым-қатынастардың керек екенін атап көрсетті. Ислам Республи­ка­сы­ның басшысы хаты­ның соңында, Рим Па­па­сының денсаулығы мен оның барлық игі бастамалары үшін дұға жасайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала ке­тейік, қыркүйектің 11-інде Американың Неш­вилл қаласының іргесінде екі христиан свяшеннигі өз үйлерінің ауласында Құран кітабы­ның көшірмесін өртеген болатын