Абақтыға тоғытылған алаяқ

Оралда алаяқтықпен азамат­тардың 13,8 млн. теңгесін ием­деніп кеткен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұ­рынғы қызметкері сегіз жылға сотталды. Батыс Қазақстан облысы бойынша Эконо­микалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Қор­ғаныс істері жөніндегі депар­таментінің бұрынғы қыз­меткері С.Шапековке қатысты қылмыстық істің аяқталғаны мәлім болды. Аталмыш азамат 2007-2009 жылдар аралығында алдау арқылы,мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша пәтер алуға көмек көрсетемін деген желеумен, 16 азаматтың 13,8 млн. теңгесін иемденіп кеткен. Бұған қоса пәтерлердің Орал қаласы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалар арқылы берілетіндігін «түсіндіріп», азаматтарды пара беруге итермелеген.

Орал қалалық сотының үкімімен С.Шапеков ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағы (алаяқтық), 28-312-бабы 4-бөлімі «б,в» тармағы (пара беруге айдап салу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.