Қытайда бала тууға шектеуді алып тастаса, әлемнің күні не болмақ?..

31 жылдан кейін Қытай бала тууды шектеу мәселелеріндегі өзінің саясатын қайта қарауға дайын және келесі жылдың өзінде «бір отбасына бір бала» заңы тоқтатылмақ. Бұл туралы демография мәселесіне жауап беретін Жоспарлау жөніндегі комиссия хабарлады. Дегенмен түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ, деп хабарлайды Утро.ру.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда бала тууды шектеу туралы заң халықтың табиғи өсімін тоқтату және отбасында бала санын орта есеппен 1,7-ге дейін шектеу, сөйтіп, өмір деңгейін көтеруге қол жеткізу үшін қабылданған болатын.