Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев мырзаға!

d0bcd2afd0b3d0b5d0b4d0b5d0bad182d0b5d1802

Соңғы үмітім – Сіздерде!

Сәлеметсіздер ме, редакция қызметкер­лері!Сіздерге хат жолдауыма себеп, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында тұратын бауырларым Төлеуханова Күлзия мен Серікті ІІ- топтағы мүгедектігіне байланысты баспана алу кезегіне қойған едім.

Кезектің еш жылжымайтынына көзім жеткен соң, жан-жақтан көмек сұрап келемін. Содан бері 3 жылдан асты. Республикалық газет бетттерінде «Президентке айтарым бар» деген айдармен екі хатым жарық көрді. Әрине, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолына жетпегені айдан анық. Қолын созып көмек жасауға тырысқан иманы бар бір адам табылмады. Үмітсіз шайтан дейді ғой... Үмітімді үзбей Елбасымыздың қолына жетуге мүмкіндік Сіздердің газеттеріңіз арқылы жете ме деп жағдайымды айтып отырмын. Газет бетіне шыққан алғашқы «Мүгедек бауырларыма көмек сұраймын» деген хатымды алып, Семей қаласының әкімі М. Айнабековтың қабылдауына кіруім керек болған. Әкімшілік қызметкерлері әкімнің маңы тұрмақ, өз маңайларына жолатпады. Сөйтіп жүрген күннің бірінде, «Әкімге кіру мұң болды» деген хатым жарық көріп, арнайы қала әкімінің қолына журналистер арқылы тапсырылған соң, әкімнің қабылдауына мүмкіндік туды. 2009 ж. қаңтар айында халықтың алдында берген жылдық қорытынды жиналысына қатысып, сөз алып, сол күні жеке қабылдауында болдым. Мына кісіге көм- ектесейік дегенімен, соңында мәдениетті түрде шығарып салғандарын түсіндім. Сонда әкім М.К. Айнабековтың айтқан сөзіне ісінің сай келмегені ме? Бұл жөнінде газет беттерінде тағы жаздым. «Баяғы жартас - сол жартас», Айнабеков бүлк етер емес, мұқтаж жандарға көмектесуді мүлдем ұмытты. Семей қаласында барар жері, басар тауы жоқ халықтың жылдап тосудан басқа шарасы да жоқ. «Еш жылжымайтын кезек екенін біле тұра неге кезекке қоясыздар» дегенімде депутат Пигабаев азамат «қоймауға хақымыз жоқ» дейді. Сонда мүгедек жандарды жылдап тостыртып, ажалы жетіп, өлер деген оймен мазақ еткендері қалай? Өзім жалғыз басты анамын. Басымдағы баспанамды мүгедек бауырларыма қалдырып, 5 жасар қызыммен Алматы қаласында пәтер жалдап өмір сүрудемін. Әкеміз де зейнеткер жасында ІІ топтағы мүгедек. Анамыз өмірден ерте қайтты. Осы жанұяның үлкені ретінде мүгедек бауырларымның болашағын ойлау менің мойнымда болғандықтан, Сіздерден көмек сұрауыма тура келді.

Газет бетіне хатымды жариялап, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қолына жетуге мүмкіндігінше көмек жасасаңыздар үлкен жақсылық, сауап іс болар еді.

Сәлеммен Гүлнар Төлеуханова.

Байланыс телефондары:

ұялы.: 87014837213,

жұм.: 8 (727) 2940843