Қазыбек ИСА: ЕЛ мен ТІЛ ЗАРЫ

12474
9
Бөлісу:

Til 1

ЕЛ мен ТІЛ ЗАРЫ

 

Қасірет қаптауда қалада-

Қазақтар орысша сөйлеуде…

Өлікке айналып бара ма,

Намыстан айрылған көркеуде…

 

Отарлап алған ел тілінде

Сөйлеуге құмарлық – құлдық қой…

Құлдар көп билікте бүгінде

Сатқындар аз емес… сұмдық қой…

 

Құлдар ел басқарса масқара, –

Құлдығың қайтадан орнайды…

Қазақша білмейтін Астана,

Қазақты қалайша қорғайды?

 

Қожайын тілінде құлдарша

Орысша сайрасақ – сол қайғы,

Ел Азат болғаны шын болса,

Тіл неге Азаттық алмайды?…

 

Қайран ел қалайша қалғиды?

Жау іштен шыққаны – зор қайғы.

Қазақша есітпей әлдиді,

Өскен ұл Ел қорғай алмайды…

 

Кірмеге кіріптар боп күнің,

Кіргізді бар дінді бай мекен…

Қолсүйер қолбала көп бүгін,

Елсүйер ерлерің қайда екен?

 

Еліме дәл бүгін ие кім?

Сенеді кім тілсіз құлдарға?

Ұлты үшін күйетін, сүйетін,

Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?

 

Жат тілде жалтақтап жаһанға,

Жат тілде сөйлейміз Отанға.

Бір іліп тастайтын қажетсіз,

Тіліміз тойдағы шапан ба?

 

Тіл зарын тартып ед атам да,

Тілім деп жылайды ботам да.

Шет тілін шекеден қаратар,

Біз әлде жүрміз бе отарда?

 

Жеріңді жатжұрттық жайласа

Бабалар бар мұңы тұр есте…

Күш егер қазандай қайнаса,

Дәрмен де табылар күреске.

 

Шын ерді шыдатпас бұғауға,

Ананың тілі мен сүті еді…

Ақырып Теңдікті сұрауға

Азаттық Алаңы күтеді…

 

Көк туға жеткенмен көш кеше,

Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.

Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,

Алаңда шешілер барлығы…

 

Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,

Салғырт боп жүру де сор қанша…

Бұл майдан бітпейді ешқашан,

Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!

 

Маймыл ғып жіберді Барысты,

Кешіксек бәрі де бітеді…

Құл болмай,

Ұл болсаң намысты,

Алаңда ел сені күтеді!..

Қазыбек ИСА

19.01.2010 жыл

Til 3

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Қонақ 30 Маусым, 2011 02:11 Жауап

    «Ел Азат болғаны шын болса,
    Тіл неге Азаттық алмайды?…»
    ………………………………………….
    Шынында неге олай?

  2. Шардара Гулсим Оралбаев 15 Қыркүйек, 2012 22:23 Жауап

    Қазеке туылған күні құтты болсын саған деннің саулығын барша жақсылықты тілеймін. Осылай елдің қамын ойлап әділдік жолында жүргеніңжі бесіктегі бала да сезеді, творествалық табыс артыңнан шәкіртер ере беруін тілеймин

  3. admin 21 Қыркүйек, 2016 23:17 Жауап

    Қазыбек Иса: ЕЛ АЗАТ БОЛҒАНЫ ШЫН БОЛСА, – ТІЛ НЕГЕ АЗАТТЫҚ АЛМАЙДЫ?!.
    Қожайын тілінде құлдарша
    Орысша сайрасақ – сол қайғы,
    Ел Азат болғаны шын болса,
    Тіл неге Азаттық алмайды?…

    Қайран ел қалайша қалғиды?
    Жау іштен шыққаны – зор қайғы.
    Қазақша есітпей әлдиді,
    Өскен ұл Ел қорғай алмайды…
    http://www.qazaquni.kz/2010/09/17/3746.html

  4. admin 22 Қыркүйек, 2016 11:31 Жауап

    Көк туға жеткенмен көш кеше,
    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.
    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,
    Алаңда шешілер барлығы…

    Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,
    Салғырт боп жүру де сор қанша…
    Бұл майдан бітпейді ешқашан,
    Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!

  5. Қолқоюсыз 25 Қараша, 2016 16:33 Жауап

    Құлдар ел басқарса масқара, –

    Құлдығың қайтадан орнайды…

    Қазақша білмейтін Астана,

    Қазақты қалайша қорғайды?

Пікір немесе жауап жазу

4 × 5 =