«Елді алдасаң енді шенеунік бола алмайсың!»

552
0
Бөлісу:

d180d0bed0b7d0b0-d0bed182d183d0bdd0b1d0b0d0b5d0b2d0b02

«Елді алдасаң енді шенеунік бола ал­майсың!» Қыр­ғыз­стан­да мемлекеттік қыз­мет­керлерге осындай талап қойылып отыр. Олардың жұмыс ба­бын­дағы адал­дығы арнайы детектор арқылы тексеріледі. Бұл туралы Қырғыз үкі­метінің қаулысы да жарық көрді. Қазір жабдықтар да сатылып алынған. Ел презиеденті Роза Отунбаева олардың қалай жұмыс істейтінін өзі келіп көріп, жақсы бағасын бергенімен өзін сыннан өткізуге келіскен жоқ. Тек қызметкерлердің адалдығын ғана тексерді.

Детекторда дәлдікті білу көп уақыт алмайды. Бар болғаны 10 сұрақ. Тақырып та әртүрлі. Ең бастысы қимылдамай отырып, сауалдарға шынайы жауап беру қажет. Егер жалтарған болсаңыз, қан қысымыңыз бен тыныс алуыңыздың жиілігі сізді ұстап беруі мүмкін.

Егер адалдықты анықтайтын осы тексеру аппараты бізге орнай қалса билік басындағылардың қаншасының қашып кететінін бір Алла білсін. Тіпті детекторды адам ұстайтындығын ескеретін пысықтар шығып, солардың қолына алтын сақина түгілі, басына алтын сарай сыйлап «адал» болып шыға келуі әбден мұмкін ғой.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − он =